Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ЛД 3 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.44 Кб
Скачать

Дәріс 3. Тақырып: Жедел және созылмалы жүректің жеткіліксіздігі

Дәріс жоспары:

1.Жедел жүрек жеткіліксіздігі

2.Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Жүрек жеткіліксіздігі- жүректің насостық функциясының бұзылысынан ағзалар мен тіндердің қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік.

Кіші қан шеңберінде қанның іркілісі.

Жүрек астмасында көмек бермесе өкпе ісінуіне айналады.

Белгілері:

  • Жөтел алқызыл көпіршікті қақырықпен, себебі қан іркілісінен кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарлап альвеолалар жарылады

  • Ортопноэ жағдайы (ortos – отыру) жүрек астмасына тән

  • Аускультативті везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар өкпенің бүйірінде және төменгі бөліктерінде («қайнаған самаурын») (клокочущее дыхание)

Өкпе ісінуінің клиникалық түрлері:

  1. Өте тез дамитын (қас қағым)

  2. Жедел –ұзақтығы 1сағаттан кем. Уақытында ем қабылданбаса 100% өліммен аяқталады.

  3. Ұзақтау -1сағаттан 2сағатқа дейін. Болжамы оң.

  4. Толқын тәріздес

Жедел көмек:

  • Кіші қан айналым шеңберінде іркілісті азайту үшін ортопноэ жағдай жасау

  • Наркотикалық анальгетиктер: морфин гидрохлориді 0,1% физиологиялық ерітіндімен

(анальгезия, вазодилятация, тыныс алу қозуын төмендету үшін)

  • Диуретиктер: фуросемид(лазикс) 40-200мг к/т (айналымдағы қанды азайтады)

  • Нитраттар: изокет спрей (вазодилятатор, нәтижесінде жүрекке келетін қан азаяды)

  • Оксигенотерапия көбік басушымен (70% этил спиртымен)

  • Зембілмен интенсивті терапия бөліміне тасымалдау

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

Этиологиясы:

  • Аяқ тромбофлебиті

  • Жүректің ревматикалық ақаулары

  • Дилятациялық кардиомиопатия

  • Нефротикалық синдром

  • Ұзақ уақыт горизонталды жағдайда болу

  • Қатерлі ісіктер

  • Кіші жамбас мүшелеріне операциялар

  • Оралды контрацептивтер қабылдау

  • Жыбыр аритмиясы

  • Дегидратация (сусыздану)

  • Бақылаусыз қабылдаған диуретиктер

  • Босансытатың препараттар (слабительные)

Диагностикалық критерийлері:

  1. 70% науқастарда кенеттен демікпе пайда болу

  2. 80% науқастарда кенеттен кеудеде ауырсыну пайда болу

  3. Кенеттен коллаптоиды жағдай пайда болу (тамыр жетіспеушілік)

  4. Жүрек шекарасының оңға ығысуы, мойын көктамырларының ісінуі

  5. Эпигастрий аймағындағы пульсация

  6. ЭКГ: оң жүрекшемен қарыншаға шамадан тыс күш түсуі

Оң жүрекшеге күш түссе –Р пульмонале

Р митралды болса – митралды ақаулар

Жоғары Р тісшесінің жжоғары үшкір болуы ІІ,ІІІ,AVF тіркемелерінде және оң жақ қарыншаның күш түсуінің белгілері.

Клиникалық ағымы:

  • Жедел – кенеттен басталуы, демікпе, ауырсыну, АҚ төмеңдеуі, өкпелік жүректің жедел белгілерінің пайда болуы

  • Жеделдеу –тыныс алу және оң қарыншалық жетіспеушілік белгілері: ентігу, ауырсыну, естен тану ж.т.б.

Көрсетілетің көмек:

  • Микроциркуляцияны жақсарту-антикоагулянттар: гепарин 10000-20000Б к/т

  • Инфузиялы терапия

  • Прессорлы аминдер

  • Оксигенді терапия

  • Наркотикалық анальгетиктер

  • Тромболитикалық терапия: стрептокиназа, альтеплаза,

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі.

Этиологиясы: ЖИА, артериалды гипертензия, аритмиялар, кардиомиопатиялар, миокардиттер, қант диабеті, тиреотоксикоз

Патогенезі: 3 механизмі бар :

  • Қысыммен алдыңғы күштін түсуі

  • Қанмен күш түсуі (жүрек ақаулары)

  • Миокардтың зақымдалуы (миокардиттер, кардиомиопатия, ЖИА, миокардиодистрофия, анемия, тиреотоксикоз)

Бұлар миокардтың жиырылу қабілетін төмеңдетеді, ол веноздық қысымның жоғарлауына, венозды іркіліске гипоксияға әкеледі, жүрек лақтырысы төмеңдейді. Айналымдағы қанның мөлшерін ұлғайтады.

Гипоксия нейроэндокриндік реттеудің бұзылысына әкеледі, ренинің секрециясы жоғарылап ангиотензин жоғарылайды, шумақтық фильтрация жоғарылайды және натрий реабсорбциясы жоғарылап, антидиуретикалық гормонның (вазопрессин) белсенділігі жоғарылайды. Нәтижесінде қан көлемі көбееп венозды қысым жоғарылайды.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің 3 сатысы бар:

  1. Жасырын – демікпе, тахикардия, тез шаршағыштық тек физикалық күштемеде болады

  2. А)Қанның іркілісі бір қан шенберінде ғана болады

Б) екі қан шенберінде болады

3. Дистрофиялық сатысы

Жүрек жетіспеушілігінің функционалдық класстары:

Емдеу принциптері: 10 диета (тұзды, сұйықтықты шектеу, бір литрге дейін)

1 класс- физикалық белсенділікке шектеу жоқ

2 класс-физикалық белсенділік аздап шектелген

физикалық белсенділік аздап шектелген

3 класс- физикалық белсенділік шектелген

4 класс- физикалық белсенділік жоқ

Клиникалық белгілері:ентігу,құрғақ жөтел, кейде аз кілегейлі қақырықпен, кейде қан араласқан, жүрек қағу, олигурия, оң қабырға астынын ауырсынуы, жүрек айну, құсу, метеоризм, тез шаршау, әлсіздік, ұйқының бұзылуы.

Алғашқы белгілердің бірі – диффузды цианоз.

Маңызды белгі – ісіктер. Басында жасырынды, біртіндеп көріне бастайды: аяқ басында, асцит, гидроторакс, гидроперикард.

Өкпе эмфиземасы, өкпенің төмеңгі бөліктерінде ылғалды сырылдар.

Жүрек гипертрофиясы, тахикардия, систолалық шулар.

Диагностикасы:

ЭКГ рентгенологиялық тексеру

эхокардиография коронарография

компьютерлік томография  Емі:

- Емдәм - ақуыздарға бай, тұз және сұйықтықты шектеу

-Физикалық белсенділікті реттеу

-Айналымдағы қанның көлемін азайту  АПФ ингибиторлары (каптоприл, эналаприл,рамиприл), диуретиктер (фуросемид, лазикс, триамтерен)

-Жүрек гликозидтері: миокардтың жиырылу қасиетің жоғарлатады, қанайналымды жақсартады, жүрекке күштемені азайтады, ЖСЖ сиретеді (дигоксин, дигитоксин, строфантин, коргликон)

-Антиаритмиялық препараттар

-метаболизмдік ем (жүрек бұлшықетінің зат алмасуын, қоректенуің жақсартады (милдронат, калий препараттары, кокарбоксилаза)

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин

«Неотложное состояние в клинике внутренних болезней» А.Саржанова, Н.Малтабарова