Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ЛД 3 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.44 Кб
Скачать

Жүректің ырғағымен өткізгіштігінің бұзылуы.

Аритмия – жүректің ырғағының, жиырылу жиілігінің және реттілігінің бұзылысы.

Аритмия – синустық атриовентрикулярлы түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарлауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады (100 – 160 шамасында), ырғағы дұрыс. Даму механизмінің негізінде синустық атриовентрикулярлы түйініндегі ырғақ бұзылыстары.

Синустық тахикардия мына жағдайларда пайда болады:

  1. симпатикалық нерв жүйесі ықпалының күшеюінде

  2. кезбе нервісі тонусының төмеңдеуінде

  3. синустық атриовентрикулярлы түйіні жасушалырының гипоксияның, ацидоздың, уланудың немесе гипертермияның салдарынан тітіркеңуінде

Гемодинамикаға ететін әсерлері: тахикардияға байланысты диастола қысқарады, жүректің оттегі мен энергияға сұранысы артады, жүрек қызметінің пайдалы әсер коэффициенті төмендейді, ал миокард зақымданған болса, оның ишемиясы мен шамасыздығын күшейтеді.

Клиникалық белгілері: жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100-160 шамасында, ырғақты.

ЭКГ өзгерістері:

  • R-R аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 сек кем

  • Р тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, PQ аралығы 0,12 – 0,22 сек шамасында

  • ұзаққа созылған тахикардияда S-T аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін

Синустық тахикардияның емдеу принциптері:

  • негізгі ауруды емдеу

  • қою шай, кофе, алкогольді, өткір тағамдарды ішуді доғару, темекі тартуды, тамақты аса тойып ішуден бас тарту

  • седативті дәрмектер, b – адреноблокаторларды қолдану

Синустық брадикардия – синустық атриовентрикулярлы түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60 – тан кем (60-40 шамасында)

Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:

  • физиологиялық ваготония (тынысты тоқтатқанда, күшенгенде)

  • патологиялық ваготония (ми сауытішілік қысымының биіктеуінде, невроздарда, нейроэндокриндік ауруларда)

  • уланулар

  • жұқпалы аурулар

  • синустық атриовентрикулярлы түйінінінің зақымдануына әкелетің аурулар (ЖИА, миокардит, кардиомиопатиялар)

Клиникалық көрінісі симптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну. Пульс минутына 60 – 40, ырғақты және толық.

ЭКГ белгілері:

  • P – тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған

  • R-R аралықтары қашық немесе 1 сек артық

Емдеу принциптері:

  • негізгі ауруды емдеу

  • ЖСС 40 – тан кем болып, әсіресе синкопе күйлері болып тұрса, жүрек соғуын жиілендіретін дәрмектерді қолданады (белладонна экстракты, эфедрин, кофеин)

Қарыншалардың дірілі және жыбыры (фибрилляциясы)

Қарыншалар дірілі- қарыншалардың белгілі бір ошағында импульстің минутына 200 – 300 жиілікпен қозуы. Қарыншалар дірілі жыбырға ауысуы мүмкін.

ЭКГ: қарыншалар дірілінде бір-біріне ұқсас, ырғақты ірі синусоидтар тіркеледі.

Қарыншалар жыбыры- қарыншалық бұлшықет талшықтарының ретсіз қозып жиырылуы. Импульстер саны минутына 200 – 500 шамасында. ЭКГ амплитудасы мен биіктігі әртүрлі, ырғақсыз аласа толқындар. Қарыншалар фибрилляциясы асистолияға алып келеді, сол кезде ЭКГ тегіс сызық тіркеледі.

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин

«Неотложное состояние в клинике внутренних болезней» А.Саржанова, Н.Малтабарова