Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ЛД 3 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.44 Кб
Скачать

Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік.

Кіші қан шеңберінде қанның іркілісі.

Жүрек астмасында көмек бермесе өкпе ісінуіне айналады.

Белгілері:

  • Жөтел алқызыл көпіршікті қақырықпен, себебі қан іркілісінен кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарлап альвеолалар жарылады

  • Ортопноэ жағдайы (ortos – отыру) жүрек астмасына тән

  • Аускультативті везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар өкпенің бүйірінде және төменгі бөліктерінде («қайнаған самаурын») (клокочущее дыхание)

Өкпе ісінуінің клиникалық түрлері:

  1. Өте тез дамитын (қас қағым)

  2. Жедел –ұзақтығы 1сағаттан кем. Уақытында ем қабылданбаса 100% өліммен аяқталады.

  3. Ұзақтау -1сағаттан 2сағатқа дейін. Болжамы оң.

  4. Толқын тәріздес

Жедел көмек:

  • Кіші қан айналым шеңберінде іркілісті азайту үшін ортопноэ жағдай жасау

  • Наркотикалық анальгетиктер: морфин гидрохлориді 0,1% физиологиялық ерітіндімен

(анальгезия, вазодилятация, тыныс алу қозуын төмендету үшін)

  • Диуретиктер: фуросемид(лазикс) 40-200мг к/т (айналымдағы қанды азайтады)

  • Нитраттар: изокет спрей (вазодилятатор, нәтижесінде жүрекке келетін қан азаяды)

  • Оксигенотерапия көбік басушымен (70% этил спиртымен)

  • Зембілмен интенсивті терапия бөліміне тасымалдау

Әдебиет:

«Ішкі аурулар» І том Б.С. Калимурзина

«Ішкі аурулар» В.И. Маколкин

«Неотложное состояние в клинике внутренних болезней» А.Саржанова, Н.Малтабарова

Дәріс 2. Тақырып: Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар.

Дәріс жоспары:

  1. Кардиомиопатиялар, анықтамасы, түрлері, қауіпті факторлары

  2. Кардиомиопатиялар, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі

  3. Кардионевроздар, этиологиясы, клиникалық белгілері

  4. Аритмиялар, анықтамасы, түрлері, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі

Кардиомиопатиялар – себебі белгісіз, басты белгілері кардиомегалия және қанайналым шамасыздығы болатын миокардтың біріншілік зақымдануы. Олар  гипертрофиялық, дилятациялық жəне рестриктивті кардиомиопатияларға бөлінеді.

Дилятациялық кардиомиопатия – жүректің барлық қуыстарының аса созылып кеңуімен, әсіресе сол қарыншаның және систолалық айдау көлемінің күрт азаюынан жүрек шамасыздығының дамуымен сипатталады.

Этиологиясы белгісіз.

Қауіпті факторлар:

  • Коксаки вирустары

  • гипербариялық оксигенация

  • алкоголь әсері

  • белок пен витамин тапшылығы

  • кортикостероидтардың, СЕҚҚП, радиацияның әсері

  • жүктілік

Патогенезі. Гемодинамикалық бұзылыстар алдымен сол, кейін оң қарыншаның жиырылу қуатының төмендеуінен болады. Қарыншалардың қуысы аса кеңейеді, шығару функциясы азаяды, сондықтан диастола соңындағы қысым биіктейді, қарыншалар систола кезінде тиісті қан көлемін толық айдай алмайды. Жүректің ішіндегі қанның іркілісінен қарыншалардың қуысында тромбтар түзіледі.

Диастолалық соңындағы қысымның биіктеуінен жүрекшелерге күш салынып, олардың гипертрофиясы және дилятациясы пайда болады, жүректің оң бөліктеріне күш түсіретін ретроградтық веналық өкпе гипертензиясы тез туындайды.

Қуыстардың аса созылып кеңуінен атриовентрикулярлық қақпақтардың функциялық жетіспеушілігі қалыптасады. Осы бұзылыстардан алдымен кіші шеңберде, содан кейін үлкен шеңбердегі іркіліске алып келетін жүректін тотальды шамасыздығы пайда болады. Қарыншалардың қуыстарында тромбтар түзіледі, бұл үлкен және кіші шеңбердегі тромбтарға әкеледі.

Клиникалық белгілері.

Арнайы ерекше белгілері жоқ. Жалпы клиникалық белгілерін үш топқа бөлуге болады:

  1. жүрек шамасыздығы (шеттік ісінулер, асцит, гидроторакс; дене қызметі кезіндегі ентігу, кейін ентігу тыныштықтада; түнгі мезгілдегі құрғақ жөтел, тұншығу ұстамаларға айналады, гепатомегалия; ортопноэ, терінің бозаруы, акроцианоз,мойын веналарын ісінуі)

  2. ырғақ пен өткізгіштік бұзылыстар (жыбыр аритмия, экстасистолия, пароксизмалдық тахикардия)

  3. жүрек ішінде мойын вентромбтардың түзілуінен тромбоэмболиялық бұзылыстар

 Аритмиялар, тромбэмболиялар жəне кенеттен өлім кең таралған жəне кез келген стадияда туындауы мүмкін.

Диагностикасы. Лабораториялық зерттеуде қанның анализдерінде қабынудың белгілері болмайды. Бұл дилятациялық кардиомиопатиялардың миокардиттерден айырмашылығы.

ЭКГ спецификалық емес: сол және оң қарыншаның гипертрофиясы; QRS тісшелерінің төмеңдеуі, ырғақтық бұзылыстар

Рентгенографиялық тексеру:жүрек шар тәрізді, камералардың кеңеюі.

ЭхоКГ.

Емі. Себебі белгісіз болғандықтан этиологиялық емі жоқ.

Қимыл тәртібі – қатан төсек тәртібі (2-3айдан 6 айға дейін).

Шылым мен ішкілікке қатан тиым.

№10 емдәм.

Жүрек шамасыздығының емі:жүрек гликозидтері, шеттік вазодилятаторлар, диуретиктер.

Антиаритмиялық, антикоагулянттық, антиагреганттық, миокардтың метаболизімін жақсартатың ем.

Гипертрофиялық кардиомиопатия – қарыншалар қабырғасының (көбіне сол қарыншаның) аса қалындап, гипертрофиялануымен, осыдан қарыншалар қуысының тарылуымен жүретін, себебі белгісіз ауру. (жиі ер жас адамдар бейім)

Этиологиясы белгісіз.

Клиникалық белгілері. Гипертрофияның баяу біртіндеп дамуынан, дерттің белгілері ұзақ көрінбейді. Бастапқы кезде тез шаршау, әлсіздік, жүре бара ентігу пайда болады. Ентігу басында күш түскенде, кейін тыныштықта болады. Сол қарыншаның шығу жолы аса тарылғанда ми қанайналымының күрт төмендеуінен бас айналу, кенет талу ұстамалары болып тұрады (синкопе).

Аритмиялар, пароксизмдік тахикардиядан, қарыншалар фибрилляциясы болады.

Түрткі тәрізді секірмелі пульс, жүрек ұшындағы систолалық пульс, сол жүрекше жиырылуы пальпация арқылы анықталады.

Диагностикасы.

ЭКГ:сол қарынша мен жүрекшенің гипертрофиясы, жыбыр аритмиясы.

ЭхоКГ: жүрек гипертрофиясы, митральды регургитация

Емі:

Гемодинамиканы жақсарту: b- адреноблокаторлар (систолалық қысымды төмендетеді, антиаритмиялық әсер, стенокардия синдромын басу)

Кальций антагонистері: қарыншалардың диастола кезінде созылуы мең толуын және тәж артерияларының гемоперфузиясын жақсартады.

Диуретиктер, нитраттар, жүрек гликозидтері, антикоагулянттар, антиагреганттар.

Гипертрофиялық кардиомиопатияның болжамы: өлім.

Өлімнің негізгі себептері:

  • кенет негізгі өлім

  • іркіліс қанайналым шамасыздығы

Рестриктивті кардиомиопатия - қалыпты систолалық функциямен бірге, бір немесе екі қарыншаның диастолалық көлемінің азаюымен жəне қабырғалардың қалыңдауымен мінезделеді, массивті интерстициальді фиброз болуы мүмкін.

Патогенезі:Қарыншалар қуысының тарылуынан және диастола кезінде созылып кеңеюге шамасы келмеуінен, жүректің шығару көлемі күрт төмендейді, осыдан жүрек шамасыздығы дамиды.

Тағы бір ерекшелігі: жүрек шамасыздығы бола тұра, жүректің ұлғаймауы, керісінше жүрек кішіреюі мүмкін.

 Клиникалық белгілері: ентігу,кардиалгия, жүрек қағуы.

Қарағанда: тұрақты тахикардия,жүрек тондарының әлсіреуі, патологиялық 3-4 тон естілуі, аритмиялар жəне жүректің кенеттен өлуі.

Диагностикасы:

ЭКГ: қарыншалардың гипертрофиясы.

ЭхоКГ: эндокардтың қалындауы, қарыншалар қуысының тарылуы, қақпақтық өзгерістер.

Емі: глюкокортикостероидтар, жүрек шамасыздығын емдеу, антиаритмиялық, антикоагулянттық, антиагреганттық ем.   Кардионевроздар – психожарақаттаушы факторларға байланысты дамитын жүрек-тамыр жүйесінің аурулары.

Этиологиясы:

  • жүйке жүйесінің қажуы

  • стрестер

  • интоксикациялар

  • операциялар, соматикалық аурулар

Клиникалық белгілері:

Жүрек тұсында жағымсыз сезімдер, ауырсынулар, ентігу,шаршау, жүректің жиі қағуы.

Кардиалгиялар кейде ұстама түрінде, кейде бірнеше күн қатарынан мазалайды, сол жаққа иррадиация береді . Невроздың кардиалгиясы бар науқастар көп сөйлейді, көп мазасызданады.

Кардионевроздар кейде жүрек ырғағының бұзылуымен байқалады.

Науқастарда дем алу қиындап, ентігу пайда болады, экстрасистолиялар болады.

Кейде кардионевроздар тамыр дистониясы ретінде жүруі мүмкін. Оларда кейде артериялық гипертензия немесе гипотония байқалады.

Стресс әсерінен қан қысымының жоғарылауы барлық адамдарға тән.

Артериялық гипотония қан қысымының 100/60 мм.с.б. төмендеуімен сипатталады.

Науқастар әлсіздікке, ештенеге қызықпаушылыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Бұл науқастарға ашық күн, жарық шам, шуыл, қатты дыбыстар жағымсыз әсер етеді. Олар кейде естен тануы мүмкін.