- •Дәріс 1. Тақырып: жиа. Стенокардия. Миокард инфаркті.
- •Жүректің ырғағымен өткізгіштігінің бұзылуы.
- •Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік.
- •Өкпе ісінуінің клиникалық түрлері:
- •Дәріс 2. Тақырып: Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар.
- •Жүректің ырғағымен өткізгіштігінің бұзылуы.
- •Дәріс 3. Тақырып: Жедел және созылмалы жүректің жеткіліксіздігі
- •Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік.
- •Өкпе ісінуінің клиникалық түрлері:
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.
- •Дәріс 4. Тақырып: Жіті және созылмалы гастриттер. Асқазан обыры
- •Дәріс 5. Тақырып: Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы. Ойық жара ауруларының асқынулары
- •Жара ауруының патогенезі
- •Асқазан және онекіелі ішектің кілегейі зақымдалуы
- •Дәріс 6. Тақырып: Ішектің қабыну аурулары. Созылмалы панкреатит.
- •Созылмалы холецистит жіктемесі (с. Циммерман, 1992):
- •III. Дискинезия типі бойынша:
- •VIII. Асқынулар:
- •Дәріс 8. Тақырып: Созылмалы гепатит.
- •Дәріс 10. Тақырып: Жедел және созылмалы гломерулонефрит. Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Жедел гломерулонефрит.
- •Дәріс 11. Тақырып: Жедел және созылмалы пиелонефрит. Цистит.
Жүректің ырғағымен өткізгіштігінің бұзылуы.
Аритмия – жүректің ырғағының, жиырылу жиілігінің және реттілігінің бұзылысы.
Этиологиясы 2 топқа бөлінеді:
Жүрек тамырларының аурулары (ЖИА, жүрек ақаулары, миокардиттер, кардиомиопатиялар, миокардиодистрофиялар, артериалды гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, антиаритмиялық дәрілерді көп уақыт ретсіз қолдану)
Тамырлар жүйесіне байланыссыз:
электролиттік бұзылыстар (натрий, калийдін алмасуының бұзылыстары)
эндокринді жүйенің бұзылыстары
гипотермия, гипертермия, гипоксиямен қатар жүретін аурулар, жүрек гликозидтерін, диуретиктерді, симпатомиметиктерді ұзақ уақыт ретсіз қолдану
идиопатиялық өзгерістер (себебі белгісіз)
Патогенезі. Аритмиялардың даму негізінде 3 электрофизиологиялық механизм жатыр:
эктопия-автоматизм орналасу жерінің қалыптыдан ауытқуы
қозу толқынының айналып қайта оралуы
тригерлық механизм- ерте немесе кеш постдеполяризация (деполяризация –тыныштық, реполяризация –қозу басы)
Жіктемесі. Бірнеше топ бар:
І.Импульстің түзілуінің бұзылысы:
А) автоматикалық бұзылыстар дамиды (синусты тахикардия, синусты брадикардия, синусты аритмия, синусты түйіннің әлсіздігі)
Б) автоматикалық емес механизмдер: экстрасистолиялар, жыбыр аритмия
ІІ.импульсті өткізудің бұзылуы: блокадалар, тежеу. Жүрекшелік блокада, екінші атриовентрикулярлық.( PQ -0,12 -0,20 сек. 0,20 сек асса - блокада), қарыншалық блокада.
ІІІ.импульстердің түзілуімен өткізгіштігінің қосарланып бұзылуы (парасистолиялар)
Миокард инфарктінде кездесетің ырғақтын бұзылуы: пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия, пароксизмалды қарыншалық тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, пароксизмалды жыбыр аритмия, брадиаритмия.
Пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия: ырғақтығы сақталған, ЖСЖ 150 – 250 минутына
Жыбыр аритмияның белгісі: Р тісшесінің болмауы, R-R интервалының әр түрлі болуы, ара тәріздес толқының пайда болуы, жүрекшелік толқынның жиілігі 350 - 600 дейін болуы.
Қарыншалық экстрасистолия: кезектен тыс деформацияланған QRS комплексінің пайда болуы.
Ырғағының бұзылысы бар науқастарда анықтау қажет:
Қандай ауруларыныз бар?
Қалқанша без аурулары бар ма? (тироксин, трийодтиронин гиперсекрециясы)
Қандай дәрілерді көп қабылдадыңыз?
Бұрын осындай жүрек ырғағының бұзылыстары болдыма және қандай дәрілермен басылды?
Жедел жәрдем:
Суправентрикулярлы тахикардия (гемодинамикалық тұрақтылыққа байланысты). Егер тұрақты болса біріншіден вагусты сынақтарды қолданамыз (дем алуды ұстап түру, жөтелу, терең дем алған соң кенеттен күшену, нан қоұымын жұту, бетті салқын суға ұстау, құсуды шақыру. Егерде жүрек соғуы азайса бұл суправентрикулярлық тахикардия.
Таңдаулы препарат: изоптин (верапамил) 2,5% -1-2 мл к/т баяу.Егерде верапамилды қолдануға қарсы көрсеткіш болса (кардиогенді шок, созылмалы және жедел жүрек жетіспеушілігі, препаратқа жоғары сезімталдық, соңғы екі сағатта бетта адреноблокаторлар қолданса) новокаинамид 10% - 10мл физиологиялық ерітіндімен өте баяу.
Гемодинамикасы тұрақсыз болса электроимпульсті терапия жүргізеді.
Қарыншалық тахикардия болса таңдаулы препарат лидокаин 2% - 5мл к/т өте баяу. Егер нәтиже болмаса екі препарат қолданылады: новокаинамид және кордарон 5% - 3-6 мл 20мл физиологиялық ерітіндімен к/т өте баяу.
Гемодинамика тұрақсыз болса дефибриллятор қолданылады.
Жыбыр аритмияда гемодинамика тұрақты болса веропамил 2,5% -2-4мл к/т
Қарсы көрсеткіштер болса альтернативті препарат новокаинамид.
