Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иоа кейсовый шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.

Мұғалімнің әдістемелік дайындығының маңызды бөлігі сабақты талдай білуі болып саналады. Дидактика және оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерде психологиялық, психологиялық- педагогикалық талдау, сабақты өздігінен талдау, ұсынымдар мен ұсыныстардың алуан түрлі нұсқалары бар [3, 13]. Педагогикалық талдаудың барлық сызбаларында мына инварианттық (өзгермеушілік) элементтері бар [13]: - сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою дұрыстығы мен толықтығы; сабақ жүйесінде сабақтың тақырып бойынша орыны; - мазмұнды таңдау негіздемесі; - сабақ құрылымының негіздемесі; - таңдап алынған әдістер мен оқыту құралдарының негізінде сабақтың әрбір кезеңінде тапсырмаларды орындау тиімділігі; - оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің сипаты мен оның өнімділігі; - мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетіндегі педагогикалық басшылық тәсілдері мен қарым-қатынас сипаты (микроклимат); 80 - мақсатқа табысты жетуге септігін тигізетін немесе оқуға, тәрбиеге және дамуына кері әсерін тигізетін факторлар мен жағдайларды анықтау; - болашақ сабақты жақсарту резерві. Сабақты өткізу мақсаттары: - мұғалімнің үлгілі іс-әрекетімен танысу арқылы сабақ өткізу педагогикалық технологияларының әмбебап элементтерін игеру; - белгілі бір сыныпта информатиканы (мектепте) оқыту ерекшеліктерімен, қолданыстағы курс бағдарламасымен, оқыту құралдарымен танысу; - педагогикалық іс-әрекеттерді және оның нәтижелерін талдау қабілеттерін дамыту; - информатиканы оқыту кезінде дидактикалық қағидаларды пайдалану ептілігі; - әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелерін салыстыра білу ептілігі және оқыту әдістемесі бойынша білімін бір пәннен екінші пәнге ауыстыру; педагогикалық амалдар мен нақты мұғалімнің әдістерін танып білу, баға беру және шығармашылық тұрғыда қабылдау. Информатика сабағының талаптарына сәйкес алуан түрлі нұсқаларды салыстыра отырып, сабаққа талдау жасаудың мына сызбасына көшейік. 1. Сабақ туралы жалпы мәлімет Күні, мектеп, сынып, пән, мұғалімің Т.А.Ә., оқу бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы, мақсаты мен түрі. 2. Сабақты ұйымдастыру 1. Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы. 2. Оқыту құралдарына және оқу ортасына шолу жасау. Кабинеттің жабдықталуы, оның оқушылар мен мұғалімге ыңғайлылығы. Оқыту құралдарының және кабинеттің дайындығы. 3. Сабақты жұмылдыра бастау. 4. Компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы. 3. Сабақтың құрылымы 1. Сабақ кезеңдері, уақытты үйлестіру. 2. Кезеңдердің дәлдігі, негізгісін бөліп алу. 3. Сабақ құрылымының мақсаттары мен мазмұнына сәйкестігі. 4. Сабақ пен тақырыптың мазмұндылығы, толықтылығы. 5. Ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыстың үйлесімділігі. 6. Сабақтың ырғақтығы: жеңіл және күрделі материалдың, 81 жазбаша және ауызша әрекеттің, компьютерлік және компьютерсіз іс- әрекеттердің алмасуы. Сабақ барысындағы жүктеме. 4. Сабақ мазмұны 1. Іс жүзіндегі материалдың көлемі, оның бағдарламаға, қолданылатын оқулыққа және оқушылардың білім деңгейіне сәйкестігі. 2. Сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік тапсырмаларының дұрыстығы мен мазмұнының толықтығы, атап айтқанда, оқушылардың ақпаратты қайта өңдеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімдерін игерту, компьютерлік технологияларды саналы және ұтымды пайдалану дағдыларын меңгерту. 3. Материалды қайталау және бекіту кезеңдері, тәсілдері. Теория мен жаттығулардың сәйкестігі. 4. Өткенді қайталау, тірек білімдер. 5. Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, өмірмен байланыс. 5. Оқыту әдістері, амалдары мен құралдары 1. Сабақ мазмұнының ғылымның, көрнекіліктің, реттіліктің, қолжетімділіктің, практикамен байланыстың жалпы дидактикалық қағидаларына сәйкестігі. 2. Оқушылардың оқытылатын материалға деген қызығушылық деңгейі, танымдық, белсенділік және оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары. Саналы игеру. Ұйымшылдық және тәртіптілік. Компьютердің, оқулықтың анықтамалық материалдың көмегімен білімді өздігінен игеру ептілігі. 3. «Мұғалім – оқушы» кері байланысының болуы. Өзекті сұрақтарға жауап беру сәті (сабақ барысында немесе соңында). 4. Оқушылардың логикалық ойлау және өздігінен оқу қабілеттерін дамыту. 5. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс. Жеке-дара оқыту – әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, нашар оқитындарға жақсы оқитындардың көмек беруі және т.б. 6. Оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау әдістері. Білімдерін бақылау жүйесі. Білімдерін тексеруде компьютерді пайдалану. Білімдерін бағалау әділдігі. 7. Оқушылардың көңілін пәнге аударту құралдары. Қателіктері табылған кезде назарларын ұстау амалдары. 8. Материалға деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту әдістері. Оқушылардың ойлау қабілеттерін ынталандыру. 9. Оқыту құралдарының сабақ тақырыбына сәйкестігі: қолдану сәттері. Бағдарламалық жабдықтардың, таратылатын материалдың, нұсқаулықтардың және т.б. мазмұны. 82 10. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекет әдістері. Сабақта қолданылған белгілі және қалыпсыз оқыту әдістері. Алуан түрлі оқу көздерін пайдалану (оқытушы және бақылаушы бағдарламалық құралдарды, Интернет ресурстарын және т.б. қолдану). 11. Үй жұмыстарын тексеру (өзіңіз орындап, уақытты өлшеңіз). 12. Сабақ қорытындысы, оның тәрбиелік құндылығы. 13. Мұғалімнің сабақтағы мақсаттары мен оларға жету жолдары. 6. Мұғалім тұлға ретінде. 1. Мұғалімнің білімі мен әдістемелік сауаттылығы. 2. Сөйлеу мәдениеті мен педагогикалық әдептілігі. 3. Оқушыларға деген қайырымдылығы мен талап етуі. 4. Мұғалім мен оқушылардың байланысы, өзара қарым- қатынасы (авторитарлы, либералды, ынтымақтастық). 5. Мұғалімнің оқушыларға үлгі боларлық мінезінің кей тұстары мен тұлғалық қасиеттері. Тәрбиелік әдістері мен амалдары. 7. Сабақты қорытындылау. 1. Оқыту тиімділігі – оқу уақытының толықтығы, қажетсіз материалдың жоқтығы, бағдарламалық құралдарды таңдау оңтайлылығы. Сабақтың тәрбиелік әсері. 2.Сабақтың құнды жақтары мен кемшіліктері. 3.Мұғалімге ұсыныстар. Жоғарыда көрсетілген саралау тәртібі (немесе осыған ұқсас) сабақтың сапасын талдау жасауға мүмкіндік береді. Сандық талдауды жасауға арналған әдістемелер де бар (2- қосымша, 1, 2 кестелерді қараңыз). Сабақты жүйелі талдау әдістемесі (В.П. Симонов) 1 . Сабақ компоненттерінің жүйе ретіндегі бес көрсеткіші ұсынылады: мұғалім (іс-әрекет субъектісі); оқу танымдық әрекеттің белсенді субъектісі болып табылатын оқушылар; мұғалім мен оқушылар әрекетінің мазмұны; оқу әрекетінің әдістері мен ұйымдастыру қағидаларынан тұратын мұғалім мен оқушылар әрекетінің тәсілдері (оқыту әдістері мен білім беру); басты дидактикалық мақсат нәтижемен байланысты. Барлық келтірілген көрсеткіштерді қажетінше шартты балдармен белгілеуге болады (пайыздар), демек математиканың формалды тілін қолдануға болады. Өткізілген сабақтың жүйелі талдауының барлық бес бағыты бойынша жиырма бес негізгі 1 Симонов В.П. Педагогикалық менеджмент: педагогикалық жүйелерді басқарудағы 50 ноу-хау. — М.: Ресейдің педагогикалық қоғамы, 1999. — 430 б. 83 көрсеткіші бар (мұғалім бойынша – бес, оқушылар бойынша – төрт, мазмұн әрекеті бойынша – төрт, әрекет тәсілдері бойынша – жеті және әрекет мақсат-нәтижесі бойынша – бес). Осы көрсеткіштердің сомасын 100% деп қабылдаса, әрқайсысының шартты сәйкестігі 4% болар еді (балл түрінде де болады, онда 100 және сәйкесінше 4 балл). Сабаққа кірген соң тиімділіктің математикалық бағасы мына картаға рәсімделеді: Сабақ тиімділігін математикалық тұрғыда бағалау рейтингке негізделген (құзырлы соттар әдісімен). Бағалаудың мына критерийлері анықталды: егер бағалау кезінде 85% (немесе балл) немесе одан жоғары болса, өткізілген сабақ «үздік» деп бағаланады, 65–84% — «жақсы», 45–64% — «қанағаттанарлық». Әрбір сабақтың және оқытудың барлық жүйесі мұғалімнің ұмтылысымен және педагогикалық рефлексиясымен (атқарылған жұмысын ойдан өткізу), дұрыс сараптап, өз қимыл-әрекетін саналы бағалай алуымен тығыз байланысты. Мұғалім өткен сабақты сараптай отыра, оқу үрдісінде қол жеткізгені мен әлі де толықтыруды қажет ететін тұстарын анықтайды.

Информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін тексерудің түрлері мен олардың білімдерін бағалаудың критерийлерін атап көрсетіңіз. Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бақылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).

Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі.

Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.

Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады.

Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.

Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау.

Оқушылардың білімін, ептіліктері мен дағдыларын диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады. Тексеру және бақылау жүйесіне әртүрлі бақылау тәсілдерін еңгізуге болады. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

• бақылаудың жеке түрі;

• оқыту жүйесінің барлық кезеңіндегі бақылаудың жүйелілігі, жиілігі;

• оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші функцияларының орындалуын, қорытындыларына және оның өткізілуіне оқушылардың қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін әртүрлі бақылау формалары;

• жан-жақтылық: бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімін қамтуы қажет, теориялық білімнің, зияткерлік және практикалық ептіліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз етуі тиіс;

• әділдік;

• дифференциалды тәсіл;

• осы сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылайтын мұғалімдер талаптарының біртұтастығы.

Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс - шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды қолдануы керек.

Бақылаудың мақсаты – кері байланысты қамтамасыз ету: оқушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау. Бақылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.

Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі:

- Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес) және олардың өлшемдері;

- Бағалау – оқушылардың әрекетіне байқау жүргізілетін ұйымдастыру процесі және үлгімен (эталон) салыстырып, нәтижесі ретінде бағасын қою.

Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары

Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:

Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.

Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.

Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:

- бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан бастап аяғына дейін жүзеге асырылады;

- бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек;

- бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;

- бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау тәсілдері және нәтижелердің интерпретациялары бірыңғай мақсаттылыққа бағынулары керек;

Бақылау орны бойынша оқыту кезеңінде: - бақылаудың алдын алу (кіретін) түрі әсіресе информатика үшін өзекті болып табылады, себебі бір сыныпта әртүрлі деңгейлік дайындығы бар оқушылар болуы мүмкін. Әдепкі орнату күйі осы жағдайда келесі жағдайға әкеліп соғады: үйінде компьютері бар, сабаққа жақсы дайындалған оқушылар ең маңызды сәттерді жоғалтып, сабақ үстінде зерігіп отырса, ал, нашар дайындалған оқушылар өз-өзіне сенімсіз болады. Кірістік бақылауы бастапқы деңгейлік дайындықты және дифференциялық тәсілді пайдалану мүмкіндігін анықтайды; - ағымдық (жедел) бақылау оқушылардың оқу үрдісіндегі жеке тараулар мен тақырыптар бойынша дәрежесі мен деңгейін анықтайды, диагностикалық қызметті жүзеге асырады және әрбір оқушымен қатынастық байланысты орнатады. Жеделдік бақылауының тиімділігі оның объективтілігі мен тұрақтылығына тәуелді. Ағымдық бақылау оқытудың нәтижесін тексеру мен түзету енгізу кезінде маңызды рөл атқарады. ; - қорытынды бақылау (шығыстық) материалды меңгеру бойынша сапасын анықтайды, оқушылардың дайындықтарының деңгейлері мен дәрежелерін бекітеді, яғни оқытудың нәтижесін қорытындылайды. 2. Бағалау тәсілі бойынша: - «бағалық» – технологиясы бес балдық шкала бойынша баға қойылып, дәстүрлі болып табылады; - «рейтингтік» – технологиясы бағдарламаның әртүрлі (тақырыптарын) тарауларын меңгергендері үшін алған балдардың қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін өздерінің рейтингтері көтерілген соң, көптеген оқушылар бір тәртіптілікте болады. Оқушылардың әр тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі бойынша да нұсқа болуы мүмкін. Осындай бағалау жүйесінде қосымша балл беру мүмкіндіктері болуы көзделген, осындай артықшылықтармен айрықша шығармашылық шешімдер және т.б. бастамалармен көзге түскен белсенді және талапкер оқушыларды 89 мадақтау үшін пайдалануға болады. Рейтингтік шкала бойынша нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық жүйесі арқылы бағалануы мүмкін; - «сапалық» – технологиясы негізінен білімі мен іскерлігін сараптық бағалау және бақылау әдісін бірлестіре отырып пайдаланады. Бағалау қорытындысы және тұжырымдама жасау арқылы сипаттама түрінде «меңгерді- меңгермеді», «ұғып алды - ұға алмады», «түсінді-түсінбеді», «игерді - игере алмады» сияқты негізгі сөздердің көмегімен ұсынылады. Осы мінездемелер оқушылардың топтарына қолданылады және өздерінің «көпшілік - азшылық», «негізінде» сияқты негізгі сөздерін пайдаланады, пайыздық мінездемелерге рұқсат беріледі. Кей жағдайларда жеке оқушыларға осы технология шеңберінде бес балдық жүйе бойынша бағалар қойылуы мүмкін. 3. Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша: - автоматты түрде (машиналық); - өзаралық; - мұғалімнің бақылауы; - өздік бақылау. 4. Жетекші функциясы бойынша: - диагностикалық бақылау – білімнің, іскерліктің және дағдылардың даму серпінін бақылауды, өз уақытында түзету енгізу үшін сабақтың материалдарын меңгеру жағдайы жөнінде мәліметтер алуға, қайталаудың тиімді ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасын (тақырыптық жоспарлауды) анықтауды, оқу үрдісін оңтайландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады; - ынталандыру бақылауы – оқушыны жүйелі жұмыс істеуге көңіл қоюына, шығармашылық іс-әрекеттке талаптануға, зейінді болуына, талапкерлігі мен өздігінен жұмыс жасауға, жетістіктері мен кемшіліктерін көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектеседі; - тұрақтылық бақылауы – оқушылардың дайындығының дәрежесі мен деңгейін бекітеді, емтихан мен сынақтарды өткізу үрдісінде пайдаланылады. 5. Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша: - ауызша әдісіне әңгімелесу; оқушының сабақ айтуы; түсіндіру; оқулық мәтініне пікір айту; технологиялық картаны, сызбаларды оқу; хабарлама; сынақ; емтихан және т.б. кіреді; - жазбаша сыныптық және үй жұмыстары, бақылау және өздік жұмыстары, диктант, реферат және т.б. Жазбаша жұмыс кезінде оқушы теориялық білімдерін ғана емес, оларды нақты тапсырмаларды орындауда немесе проблемалық жағдайлардан шығу 90 кезінде көрсете алуы керек. Жазбаша бақылау әдістерін орынды қолдану арқылы жазу деңгейін меңгеру, мәтінді логикалық түсінікті етіп жеткізу, проблемаға өз бағасын беру және т.б. сияқты дағдыларды игеруге болады; - машықтану әдісі зертханалық және машықтану жұмыстарын орындау барысын байқап отырудан және жобалар мен тұсаукесерлердің тікелей орындалуынан тұрады. Білімді бақылау оқу үрдісінің белгілі бір бөлігі болып табылады және оқытылатын тұлғалармен байланысты қамтамасыз етеді. Бақылау барысында оқытудың дәрежесі мен деңгейі бағаланады, оқушының бақылау жұмысын орындаған кездегі жұмсаған еңбек көлемі белгіленеді. Бақылаудың нәтижелері бойынша, оқу үрдісін басқару жүзеге асырылады, яғни қалыпты кезде кездесетін қателері талданады, оқушылардың білімдері мен іскерліктері түзетіледі, оқу бағдарламаларына түзетулер енгізіледі.