- •Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі
- •Сабақты жоспарлау
- •Activstudio-ны іске қосу. Activstudio-ның құралдар тақтасының құрылысы
- •Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- •Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.
- •Информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін бағалауда компьютер көмегімен тест қабылдаудың қаншалықты мәні бар
- •Оқыту мазмұнын саралаудың пинциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау
Activstudio-ны іске қосу. Activstudio-ның құралдар тақтасының құрылысы
Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажетACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы
1.Негізгі құралдар тақтасы
2. Арнайы құралдар тақтасы
3. Флипчарттың құралдар тақтасы
4. Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы
5. Бетті редакторлеу құралдар тақтасы
6. Тез таңдау құралдар тақтасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге
және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.
ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда,
презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға,
негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды
енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы
негізгі құралдар тақтасы
арнайы құралдар тақтасы
флипчарттың
құралдар тақтасы
объектіні редакторлеу
құралдар тақтасы
бетті редакторлеу
құралдар тақтасы
тез таңдау құралдар тақтасы
Негізгі құралдар тақтасы
Тақырып қатары
Басты меню
Жылжыту
Флипчарт Бүктеу
Қаламның қалыңдығы Жұмыс үстелі
Түстер палитрасы
Қалам
Еркін таңдау
МаркерМәтін Тазалау
Болдырмау Қайталау
Бүркемелеу
Прожектор
Фотоаппарат
Масштаб
Арнайы құралдар Тану
Құю Activote
Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Информатика кабинетіндегі жұмысты ұйымдастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен информатика мұғалімдерінің ішінен информатика кабинетінің меңгерушісі тағайындалады.
Кабинет меңгерушісі кабинетті жабдықтау, мұғалімдер мен оқушылардың есептеуіш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, информатика және басқа оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық технологияны ұйымдастырушысы болып табылады. Мектептің оқу жоспарына сәйкес кабинетті жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасайды.
Сонымен қатар, оқу-әдістемелік көрнекі құралдармен және оқыту техникалық құралдарымен толықтыру шараларын, кабинеттегі бар жабдықтар мен есептеуіш техника құралдарының сақталуын жауапкершілікпен қарайды.
Кабинет меңгерушісі инвентеризациялық жазу журналын жүргізуге, жабдықтардың қолдануға әрқашан даяр тұруын, ЕТ-ның профилактикалық техникалық қызмет көрсетуінің өз уақытында және ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның істен шығу жағдайында оларды тіркеу және жөндеуін ұйымдастыру, информатика кабинетінде санитариялық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершілігіне алады
Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде оқушылармен өткізілетін оқу, үйірме, қосымша сабақ және басқа сабақтарды жоспларлауға қатысады; сабақтың барлық формалары мұғалімнің қатысуымен өтуі міндетті. Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде сабақ өткізетін мұғалімдердің алғашқы және мерзімді қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауын өз уақытында жүргізуін қадағалауды жауапкершілігіне алады.
Оқу-әдістемелік семинар – мектептегі ЕТК кабинеті қызметін ұйымдастырудың маңызды түрі екені дәлелденген тәжірибе. Оның жұмысына информатика мұғалімдері ғана емес, басқа пән мұғалімдері де тартылады. Семинар оқытуда жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды (АКТ) қолдану тәжірибесін таратуды, жаңа бағдарламалық құралдармен таныстыруды, мұғалімдерге ЭЕМ-де жұмыс істеу кәсіптік негіздерін оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын талдауды және т.б. тарату үшін ұтымды қолданылуы мүмкін. Семинар жұмысының бағыты әртүрлі, яғни мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін жетілдіру шарасы бойынша өзгеруі ықтимал.
Алғашқы нұсқауда мұғалім оқушыларды кабинеттегі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік техника ережелерімен және еңбек гигиенасымен, жұмыс кезінде кездесіп қалатын қауіпті кезеңдер және оған сәйкес сақтану шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау лекция, әңгімелесу түрінде өткізіледі.
ЭЕМ-де жұмыс істеу алдындағы нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады, оның мақсаты оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап және ұйымдастыру талаптарымен, қауіпсіз жұмыс әдістерімен және қорғаныс құралдарын қолдану ережелерімен, нақты жұмыс кезінде мүмкін болатын қауіпті кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс орнындағы міндеттерімен, сонымен қатар, қауіпті жағдайлар туғанда өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру болып табылады.
Жұмыс орнындағы мерзімді нұсқау қысқаша болуы керек, нақты нұсқау және керекті жағдайда жұмысты дұрыс және қауіпсіз орындау тәсілдері қоса керсетілуі керек. Оқушылармен өткізілген нұсқау мәліметтері арнайы журналға жазылады (5.1-кесте).
а)
Қатармен
орналастыру
б) Ортада қарама-қары топтап орналастыру
в) Периметр бойы орналастыру
5.1-сурет. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру нұсқалары
а) Қатармен орналастыру
б) Ортада қарама-қары топтап орналастыру
в) Периметр бойы орналастыру
Еңбек қауіпсіздігі тарапынан және жұмыс кезінде жарық түсірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, оңтайлы нұсқасы ЭЕМ тұрған жұмыс үстелдерін периметр бойы орналастыру болып табылады, бұрышта орналасқан екі көршілес үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.
Информатика кабинетінде қатармен орналастыру ұсынылмайды, себебі іс жүзінде ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасына 2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.
ДК және ЕМ пайдаланушылардың бір жұмыс орнына электронды-сәулелі түтік негізінде (бұдан әрі – ЭСТ), соған қоса бой жазу объектілеріне арналған аудан, қатармен орналастырғанда 6 м2 кем емес, ортада және периметр бойымен орналастырғанда – 4 м2, кез келген орналасу кезінде тегіс дискретті экрандар (сұйық кристалды, плазмалы) негізінде ЕТ пайдалану кезінде – 4м2 құрайды [17].
ОЖО-ны орналастыруда мына санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады:
- периметр бойымен орналастыру кезінде мына аралықты сақтаған жөн: терезе ойығы бар қабырға мен ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасы – 0,8 метрден кем болмауы тиіс; терезе ойығына қарама-қарсы қабырғалар жанындағы үстелдер 0,1 метр қашықтықта орнатылуы керек;
- оқушылардың кабинеттегі жұмыс орны мұғалімнің және оқушылардың сабақ үстінде жұмыс орнына еркін жетуді қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі қажет.
Оқушылардың ДЭЕМ немесе БДТ тұрған жұмыс үстеліне дұрыс отырғызу – мүшелер мен ағза жүйесінің қалыпты қызмет етуіне, қабырға мен көз қызметінің бұзылуын алдын алуға, денсаулықты және жұмыс қабілеттелігін сақтауға әсер етеді. Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек. Арқа жауырынның төменгі бұрыштары тұсына тіреліп, білек иықтан төмен тік бұрыш жасап, пернетақта орналасқан үстел бетіне тірелуі тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі. Орындықтың ұшы оқушыға қарама-қарсы тұрған үстелдің ұшына 5-7 см-ге кіруі керек. Жіліншік пен жамбас арасында түзілге бұрыш 90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек. Бейнемонитор экраны мен көздің арақашықтығы 60-70 см құрауы қажет.
Оқыту мазмұнын саралаудың пинциптері деген не? Кәсіптік және деңгейлік саралауға мысалдар келтіріңіз? Оқушалрдың білім-білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементтерін ӛз тәжрибеме негізудемін. Саралаудың негізгі ұсатнымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға таразыланған кӛмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралаудың екі түрі кеңінен қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық.
Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.
Бағдарлық саралау – оқушылардың әртүрлі тобымен оқу материалын деңгейі жоғары мазмұны бағдарламамен оқып-үйренуі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған. Балалрдың даму деңгейі бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен орташалардың пайда болатыны белгілі. Осыған орай деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды кӛздейді. Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Ол тапсырмаларға мынадай талаптар қойылады: 1)Жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, ӛзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмысты орындау барсында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 2)Ӛздігінен жаңа мысалдар мен есептер құрастыру және оны ӛздігінен шығару. 3)Оқушылардың белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрижеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің кӛмегінсіз қорытып шығару). 4)Олимпиада есептерін шығару. 5)Берілген тақырыпқа ӛз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болып табылады.
1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2, 3-деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жағдай жасалады:
- Әр оқушының барлық тақырып бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;
- Артық жүктеме тарату проблемасы шешіледі;
- Оқушының «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы,
- Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі,
- Оқушылардың мемлекеттік стандарттарға сай білім алуын қамтамасыз ету.
Информатика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы тӛмендегідей қорытынды жасауымызға болады: деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен оқушылардың орындаған тапсырмалары олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Microsoft excel электрондық кестесі. Microsoft excel электрондық кестесінде қарапайым кесте құру. Microsoft Excel – кесте iшiнде есептеу жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекi түрде бейнелейтiн, диаграммаларды тұрғызу, мәлiметтер базасын құру, сан түрiнде берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу және т.б. мүмкiндiктер беретiн программалық кесте.
MS Excel программасын iске қосу жолдары:
1)Тапсырмалар тақтасындағы Iске қосу (Пуск)®Программалар® Microsoft Excel командалық қатарын таңдаймыз;
2)Жұмыс үстелінде программа сілтеуіші орналасқан болса, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз сол объектіде екі рет шертеміз;
3)Тапсырмалар тақтасында MS Excel программасының батырмасы болса, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз.
MS Excel программасы iске қосылғаннан кейiн экранның көрiнiсi 1-суреттегiдей болады.
1-сурет.Excel программасының терезесi.
Excel электрондық кестесi iске қосылғаннан кейiн автоматты түрде 1-кiтап (Книга 1) деген атпен жаңа қүжат ашылады. Бұл кiтаптың атын файлды сақтау кезiнде өзгертуге болады.
Бұдан
басқа жаңа кiтап жасау үшiн стандартты
саймандар тақтасынан Құру(Создать)
батырмасын
шертемiз немесе Ctrl+N пернелер
комбинациясын басамыз. Жаңадан қүрылған
кiтаптың аты үнсіздік бойынша 2-кiтап,
3-кiтап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады.
Excel
терезесiнiң жоғарғы жағында
терезенi басқару батырмалары
бар Тақырып
қатары орналасқан.
Excel терезесiнiң екiншi жолы –Мәзірлер қатары.
Үшiншi және төртiншi жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.
Стандартты саймандар тақтасында орналасқан батырмалар жиi орындалатын командалардың әрекеттерiн қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшiру, енгiзу, сандардың қосындысын табу, мәлiметтердi реттеу және т.б. әрекеттердi жылдам орындау мүмкiндiгiн бередi.
Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар қарiп (шрифт) форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай қарайтылған, курсивтi, асты сызылған етiп жазу, мәтiндi туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстердi қолдана отырып, кестенi безендiру әрекеттерiн жылдам орындау iстерiн атқарады.
Бесiншi жол – Формулалар қатары. Мұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын көрiп, формулаларды өңдеуге болады.
Бесiншi жол мен кестенiң соңына дейiнгi аралықты электрондық кестенiң жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенiң жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары латын әрiптерімен таңбаланады.
Төменгi қатар – Қалып-күй қатары, мұнда үстiмiздегi уақыттағы компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жөнiнде ақпарат шығып тұрады.
Төменгi қатардың сол жақ шетiнде Excel кестесi жұмыс режимiнiң индикаторы тұр - Excel кестесi мәлiметтердiң енгiзiлуiн күтiп тұрған жағдайда дайын режимiнде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөздi көрсетiп тұрады.
Пернелер тақтасының көмегiмен мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе F10пернесiн басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейiн Файл мәзірі басқа түске өзгереді. Курсорды басқару пернелерінің көмегімен (¬,®) қажеттi мәзір командасын таңдаймыз да ENTER пернесiн бассақ iшкi мәзір (подменю) ашылады. Iшкi мәзір командаларын немесе ¯ пернелерiнiң көмегі арқылы таңдауға болады. Команданыорындау үшiн ENTER пернесiн басамыз. Мәзір қатарынан жұмыс аймағына ESCпернесiн басу арқылы оралуға болады.
Excel кестесiнiң мәзір командаларын тышқанмен орындаған өте жеңiл, әрi қолайлы. Қажеттi мәзір командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгi сатылы мәзір командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиiстi командада тышқанның сол жақ батырмасын шертемiз. Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанатбелгiлердi көрсету немесе алып тастау, сұхбат терезелерiн және iшкi беттердi ашу әрекеттерi орындалады.
Excel электрондық кестесi жазылған әрбiр файл бiрнеше беттерден тұратынкiтап болып саналады. Электрондық кесте iске қосылған мезетте 1-бет (лист 1)екпiндi болады. Үнсіздік бойынша ашылған кез-келген кітап 3 беттен тұрады. Бір беттен келесi бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертемiз. Бір кітап 255 бет жұмыс парағынан тұруы мүмкін. Ал қажеттi беттiң жарлығы экранда көрiнбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (3,4)тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.
Excel электрондық кестесiнде бағаналар A –Z, одан кейiн ретi бойынша AA –AZ, BA –BZ,… латын әрiптерiмен белгiленедi және олардың саны –256- ға тең.
Excel электрондық кестесiнде қатарлар араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны – 65536-ға тең.
Әрбiр бағана мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшық деп аталатын тiктөртбұрыш орналасқан. Әрбiр ұяшықтың бағана әрпiмен қатар нөмiрiнiңқиылысуына сәйкес адресi бар. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi.
Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады.Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш кестелiк курсор деп аталады. Кестелiк курсор орналасқан ұяшық екпiндi ұяшық (ағымды ұяшық) деп аталады.
Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбiр ұяшыққа 32 мың символ енгiзу мүмкiндiгi бар.
Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтартобымен жұмыс жасауға болады. Белгiленген ұяшықтар тобы ұяшықтар блогынемесе торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi.
Мысалы: A1 ұяшығында тышқанды шертiңiз де, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды D9 ұяшығына дейін созыңыз. Жұмыс аймағында бірінші ұяшықтар блогы пайда болды, яғни А1:D9.
Бір жұмыс аймағында бiр-бiрiмен байланыспаған бірнеше блоктарды белгiлеу үшiн алдымен бiрiншi блокты белгiлеймiз, одан кейiн келесi ұяшықтар блогын белгiлеу кезiнде [Ctrl] пернесiн басулы күйде ұстап тұрамыз. Мысалы: F8:H16, E2:G6, A2:C8 , B10:D16 ұяшықтар блогын бір жұмыс аймағында белгілеу үлгісі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Бірнеше ұяшықтар блогын белгілеу үлгісі.
Тышқан көмегiмен кесте бөлiктерi былай белгiленедi:
бағана – қажеттi бағана тақырыбындағы таңбаланған әрiпте (A,B,C...)тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;
қатар – қажеттi қатарға сәйкес келетiн нөмiрде (1,2,3...) тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;
бiрнеше бағаналар – бiрiншi бағанада тышқанды шерткен соң, тышқанның сол жақ батырмасын басқан күйде соңғы бағанаға жеткiземiз;
жұмыс парағын – бағаналар таңбаланған әрiптер жолы мен қатар нөмiрiнiң қиылысқан жерiнде тышқанды шертемiз (кестенiң сол жақ жоғарғы шетi).
Пернелер көмегiмен кесте бөлiктерiн белгiлеу үшiн [Shift]+ [F8] пернелерiн бір рет басамыз да, [Shift] пернесін басулы күйде ұстап тұрып курсорды басқару пернелері арқылы белгiлеу режимiне көшемiз. Белгiлеу режимiнен [Esc] пернесiн басу арқылы шығамыз.
MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.
Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз:
*сан;
*формула;
*мәтін.
Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Кез-келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (‘’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша тураланады.
Деңгейлік саралауға оқушылардың білімдерін бағалауда интеравтивті тақта құралдарын қолданудың әдістемелік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз?
Оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын ӛз тәжірибеме енгізудемін.
Деңгейлік саралау- оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарламаға және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ӛйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға кӛмектеседі.
Деңгейлік саралау технологиясы – оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу. Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілетіндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды кӛздейді. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың тӛмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады
(үй тапсырмасы азаяды).
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Сабақ барысында міндетті үш тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын. Тапсырмаларға тӛмендегідей талаптар қойылады.
1.Оқушылық деңгей
А) Жаттап алуға лайықталған болуы керек
Ә) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің ӛңін ӛзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі
Б) Мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарылған есептерге ұқсас тапсырмалар беру арқылы бекітуге арналады
2. Алгоритмдік деңгей
А) Ӛтілген материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Ә) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілген тапсырмалар. Бұлар логикалық есептер, ребустар, сӛзжұмбақтар.
3. Эвристикалық, шығармашылық деңгей
А) Танымдық ізденіс түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар жаңа білімді меңгеріп, ӛзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай есептерді шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
Ә) Ӛздігінен мысалдар мен есептер құрастыру, кӛрнекі құралдар дайындауға берілетін есептер
Б) Олимпиада есептерін шығару
В) Теорема дәлелдеу басқа да заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалім кӛмегінсіз қорытып шығару
Г) Берілген тақырыпқа ӛз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек, бұл тапсырмалар-оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші, үшінші деңгейдің тапсырмаларын орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылықтың ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін:
- Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- Психологиялық даму ерекшеліктеріне;
- Пән бойынша білімді игеру деңгейіне кӛңіл бӛліп отырамын.
Сабақ ӛткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Кӛбіне мына жағдайларға кӛңіл бӛлемін:
- Сабақтың мазмұны;
- Сабақтың ӛткізудегі әдіс-тәсілдерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелілігі.
Жалпы, менің мақсатым-оқушыларды ӛз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқытуды іске асырады. Ӛйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың тиімділігін арттырудағы негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Негізгі бағдарламаларға және мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау жасау.
Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі
1. Авторы, атауы, баспадан шыққан жылы.
2. Оқулықтың құрылымы және нөмірленуі.
3. Оқулықтың жеке пунктарының мазмұны:
а) оқу материалының «Информатика бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумына» мазмұны мен көлемінің сәйкестігі;
б) автор оқулықта өзіндік бақылауға арналған сұрақтар қойған ба?
4. Оқулық тапсырмалары мен жаттығуларына талдау:
а) теориялық материалдарды бекітуге және өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар мен жаттығулары жеткілікті ме;
б) олардың орындалуы қиындық деңгейінің өсуіне байланысты орналасқан ба;
в) берілген тапсырманың мазмұны білім алушылардың тәрбиелеу мақсатына сәйкес келеді ме;
г) ауызша есептеуге арналған тапсырмалар мен күрделі түрде берілген тапсырмалары бар ма? Білім алушылардың математикалық ойлауын немесе ынтасын дамытуға арналған тапсырмаларға мысал келтріңіз.
д) қызықты және тарихи тапсырмалары кірістірілген бе?
5. Оқулық мәтінін талдау:
а) оқу материалының мазмұны, оның түсіндірілуі, көрнекілігі, қарапайымдылығы және т.с.с. түсінікті тілде берілген бе? Мысал келтіріңіз.
б) дидактика принциптерінің қамтылуы: анықтылығы, жүйелілігі, бірізділігі, көрнекілігі, практикамен байланысы, күрделі мәселелі түрде ұсынылған материалдардың берілуі, ғылыми мәнділігі және нақтылығының арасында тиімді байланыстың сақталғандығы. Мысал келтіріңіз.
в) Білім алушының жасына байланысты түсініктілігі, оқулықты қолданғанда қалыптасқан білім, білік және дағды деңгейлерінің білім алушының жас шамасына, психологиялық ерекшелітеріне сәйкес ескерілуі. Мысал келтіріңіз.
г) Оқулық шрифтерінің безендендірілуі және басылымның сапалылығы эргономикалық талаптарға сәйкес келуі.
6. Оқулықта сызбалар, суреттер, графиктер және т.б. қалай орналасқан? Олардың орналасуының сапасы мен дұрыстығы қандай?
7. Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ұсынған оқулықтар тізіміне енгізілген бе (және қандай сапада)?
8. Сабақтан тыс жұмыстарды орындайтын материалдары бар ма?
9. Оқулықта информатика курсының пәнаралық байланысы қамтылған ба? Мысал келтіріңіз.
10. Оқулықтың басқа авторлардың оқулықтарынан қандай әдістемелік ерекшеліктері бар?
11. Берілген информатика курсын орындауда қандай программалық-педагогикалық құралдар және программалық қамтамасыз ету ортасы (жүйелік, құрал-саймандар және қолданбалы) қажет?
12. Оқулық туралы өз ойыңыз:
Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері
Оқушылардың білімін бағалау мәселелері
Білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау – бұл оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін оқу бағдарламасында сипатталған түсінік эталонымен, балдың шартты белгісі - бағамен салыстыру үрдісі.
Кесімді баға оқушының аралық немесе аяқталған жетістіктерін, сабақтағы ұқыптылығы мен тәртібін білдіреді. Әдетте 5 балдық шаманың бір мәнімен қойылады.
«5» - толық біледі (үздік)
«4» - жеткілікті біледі (жақсы);
«3» - жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз).
Білімді рейтинг жүйесімен бақылау арқылы теңдеулі оқу жүйесінің жағымсыз тұстарын түбімен жоюға болады. Нәтижесінде үздіктердің, жақсы оқитындардың және т.б. орташаланған топтары жойылады. Олардың орнына «бірінші», «бесінші», «жүзінші» пайда болады. Рейтингтің көмегімен оқылған тақырып бойынша лайықты емес (лайықты) баға алу мүмкіндігі жоғалады, себебі қорытындылаушы баға оқушының оқу барысындағы барлық кезеңінің жұмысын ескереді (реферат жазуы, олимпиадаға қатысуы және т.б.).
Баға қою критерийлері. Оқушылардың білімін бақылау бағамен тығыз байланысты. Тіпті, баға оқушылардың білімін бақылауға аса қажетті элемент. Оқушының жалпы көңіл-күйі әділ бағаға, оң нәтижеге тәуелді, демек, оның бұдан кейінгі оқуға деген талпынысы, алатын білім сапасы да бағаға байланысты.
Білімді бағалау кезінде оқу материалын меңгерудегі негізгі сапалық сипаттамасын ескерген жөн: оқушылардың білімі мен ептілігі, олардың толықтығы, беріктігі, оларды алуан түрлі жағдайда пайдалана білуі, терминологияны және белгілеп жазу арнайы тәсілдерін игеруі.
Бағалау нәтижелері ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс жасау кезінде жіберілген кемшіліктердің болуына және олардың түрлеріне байланысты. Кемшіліктердің ішінде қателерді, толықсыздықты және ұсақ кемшіліктерді атап кетуге болады.
Баға қоюды келесі критерийлермен нақтылауға болады:
«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- материалды ауызша да, жазбаша да қателіксіз айта білсе;
- бағдарламаға сәйкес білімді, ептілік пен практикалық дағдыларды толық мөлшерде игерген болса;
- материалды ауызша да, жазбаша да тиісті орындап, мәтіндегі негізгі тұстарды бөліп бере алса, өзгертіліп қойылған сұрақтарға кідірмей жауап бере алса;
- материалды түгелдей орындап, жазбаша жұмыстарда қателік жібермесе;
- алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалана алса.
«4»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алса;
- материалды саналы түрде орындап, бірақ оның негізгісін үнемі бөліп айта алмаса;
- алған білімін тәжірибеде пайдаланып, бірақ өзгертіліп қойылған сұраққа жауап беруге қиналса;
- ауызша және жазбаша жауап беру кезінде нақтылықты жоғалтып, мұғалімнің ескертулерін лезде жоя білсе.
«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алып, бірақ оны өздігінен орындауда қиналып, мұғалімге қосымша нақтылаушы сұрақтарын қойса;
- еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса;
- өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса;
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе.
«2»-лік бағасы келесі жағдайда қойылады:
- оқушы материалды басқаша түсінсе;
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында өрескел қателіктер жіберсе.
Microsoft excel электрондық кестесінде диаграммалар мен графиктер тұрғызу
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.
Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.
Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады. Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оныНәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
|
|
|
|
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
|
|
|
|
Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.
Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.
Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.
Microsoft word мәтіндік редакторында құжатты басып шығаруға дайындау
Телекоммуникациялық тораптардың атқаратын қызметтері
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергіліктідеп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар. Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы. Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістіктіИнтернет деп атайды. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды. Жергілікті желілер Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер). Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар: 1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. 2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады. 3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады. 4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді. Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері: - ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу; - бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау; - электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы; - желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану; – Интернетке қосылу мүмкіндігі. Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады. Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.
Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қоғамның барлық саласына белсенді түрде енуі білім беру жүйесін де шет қалдырмады. Адамдарды ақпараттық қоғам өміріне даярлау үшін, осы жаңа қоғамның технологияларын үйрету қажет. Мектепте компьютер мен АКТ-нің пайда болуы білім берудің негізгі субъектілері – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынастың өзгеруіне әкелді. Оқушы біршама еркіндікке ие болды, яғни ол қажетті ақпараттық кеңістік шеңберінде қала отырып, әзірленген ережелер шегінде ақпаратпен алмасудың бастамашысы бола бастады. Педагогикалық әрекеттің көп бөлігін өзіне міндеттеп алған интерактивті педагогикалық құралдарды пайдаланатын компьютерлік оқыту технологиясының таралуына орай, мамандар арасында мұғалімнің рөлі мен міндеттерінің ықтимал өзгерісі туралы пікір- талас болып жатады. Сабақ барысында мұғалім, оқушылар алдында баяндаушы рөлінде емес, кеңесші немесе нұсқаушы кейпіне енеді. Компьютерлік оқыту бағдарламалары «әңгімелесу» диалог режімінде тағы бір – «компьютер-оқушы» жүйесін қалыптастырды. Оқушының интерактивті режімде ұзақ уақыт бойы мұғалімінің қатысуынсыз компьютермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы оқуы – бұл оқытудың жаңа түрі болып табылады. Жақсы оқытушы бағдарламалар белгілі бір шектеулеріне қарамастан оқушыға дербес қарым-қатынасты қамтамасыз еткенімен, адами қарым-қатынасты ауыстыра алмайды. Оқушыға білім алудың көптеген бағыттарын ұсынатын гипермәтіндік технологиялардың пайда болуы, оқытуда компьютерді қолданудың жаңа кезеңі болып саналады. Осыған орай оқушының танымдық әрекетінің беталысынан, білім алуды өздігінен басқаруға ауысуы байқалады. Қазіргі информатика мұғалімі өз пәнін үйретіп қана қоймай, АКТ-ні пәндік сабақтарға енгізіп, пән мұғалімдеріне сабаққа дайындалу кезінде компьютерлік техниканы пайдалануына көмек беруі тиіс. Компьютерлік сыныпта өтетін сабақтар ашық-жарқын, қызықты және есте қаларлықтай болып өтеді. Бірқатар мамандардың айтуынша, ақпараттық технологиялар сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін бақылауға мүмкіндік береді. 34 Ақпараттық технологиялар білім беруді адамзаттан алшақтатады деген үрейдің іс жүзінде жаны жоқ, керісінше, компьютерлік сыныпта сабақ өткізген мұғалімдер оқушылардың компьютермен жұмыс істеуге құмар екендігіне, талап етілген нәтижені алған кезде қандай қуаныш сезімінде болатындығына көз жеткізді, мұндағы басты қиындық сабақты уақытылы аяқтау болып табылады. Техника мұғалімдердің орнын басады деген теріс түсінік негізсіз, қайта ақпараттық технологиялар мұғалімдердей бола алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай алмайды. Оқушының компьютерде жұмыс істеуі кезінде басты рөлді мұғалім атқарады, себебі оның білімі де, тәжірибесі де мол, енді ол оқу үрдісінің – ұйымдастырушысы, кеңесшісі, сарапшысы. Мұғалім оқу және қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру ережелерін ойлап табады. Әйтсе де енді ақпаратпен алмасуда бастамашы жалғыз мұғалім ғана емес: оқу жағдайына байланысты, ол оқу бағдарламасына әдістемелік амалдарды, қарым-қатынас түрлерін өзгерте алады. Оның басты міндеті, білім алудың жайлы ортасын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік технологиялар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог режіміне сәйкес қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа амалдарын құрайды. Компьютер мен педагогикалық бағдарламалық құралдар бұрыннан қалыптасқан қызметтерді (тренаж, мәтіндік бақылау және т.б.) өзіне міндеттеп, мұғалімге неғұрлым шығармашылық, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нағыз адами міндеттерін қалдыра отырып, мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге көмек береді. Пікір-талас жүргізу, пайымдауды мадақтау, пәнді қолдау, оқушыларға алуан түрлі материалдарды түсіндіру кезінде қажетті бөлшектеу деңгейін таңдай білу сияқты оқу-тәрбиелік үрдістің маңызды компоненттерінде мұғалім әлі де (мүмкін өмір бойы) компьютерден әлдеқайда күштірек болады. Компьютер, мұғалімнің оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттасуын ауыстыра алмайтынын айтпағанда. «Барлық пікірлер бір ғана басты тезиске келіп тіреледі: мұғалімнің рөлі компьютерлік оқыту кезінде де сақталады, компьютердің рөлі қай кезде де мұғалім мен оқушының сенімді әрі жақын көмекшісі ретінде ғана болып қалады» [26], басқа да оқыту құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі. Қорыта айтқанда, компьютерлік оқыту үрдісінде басты рөлді информатика мұғалімі атқарады, сол себепті ол жаңа жетістіктер 35 туралы тұрақты ақпаратқа, тәжірибемен алмасуға, оқытудың материалдық базасын жақсартуға әрдайым мұқтаж болады.
