- •Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі
- •Сабақты жоспарлау
- •Activstudio-ны іске қосу. Activstudio-ның құралдар тақтасының құрылысы
- •Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- •Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.
- •Информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін бағалауда компьютер көмегімен тест қабылдаудың қаншалықты мәні бар
- •Оқыту мазмұнын саралаудың пинциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау
Windows операциялық жүйесінің даму тарихы. Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын,экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.
Мектептегі информатика кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету. Информатика кабинеті – бұл оқыту есептегіш техника кешенімен (ОЕТК), интерактивті тақтамен, оқу-көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһазбен, ұйымдастырушылық техникамен, сонымен қатар, информатика курсы бойынша теориялық, практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге жабдықталған заманауи білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік бөлімшесі.
Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға арналған:
- оқушылардың заманауи есептегіш техниканың құрылысы, қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру;
- ЭЕМ-нің көмегімен есептерді шешу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, заманауи ЭЕМ-ді бағдарламалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға пайдалану;
- оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалау-құрастыру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу үрдісінде және басқаруда қолданылуымен таныстыру;
- оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және оқыту әдістерін жетілдіру
Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар және құжаттар енедi:
-Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техни-калық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы.
-Арнайы жиһаз бен оргтехника.
-Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар.
-Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телеком-муникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi).
-Информатикадан ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттер кешені.
-Жалпы білім беретін пәндерді жүргізу үшін арналған (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, ойын бағдарламалары) компакт-дискілеріндегі мультимедиалық шығармалар.
-Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережесінің бұрышы.
-Информатика кабинетінен эвакуация жоспары.
-Өртті сөңдіру құралдары.
-ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен1 бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі;
-Алғашқы көмек көрсету аптечкасы, оның құрамында дәрігерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң мына түрлерi болуға тиіс.
Жалпы орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың үш кезеңдік құрылымын сызып көрсетіңіз? Жалпы орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың үш кезеңдік құрылымы бойынша мысалдар келтіріңіз
Жалпы орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың үш кезеңдік құрылымы
Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін туындатты. Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды:
• Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарда қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы әлементтері қалыптасады.
• Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың информатикадан жалпы білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс- тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тиімді және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
• Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы. Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты мектептегі барлық оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдістері мен тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі жоғарылайды. Міне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға білім берудің мақсатын қайта бөлу мәселесін қамтамасыз етеді. Сондықтан кіші сыныптардан бастап компьютерді барлық пәндерді оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлік сауаттылық икемділіктері жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерінде қалыптасады.
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі
Техникалық қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру.
Токтар мен сымдарға тиісуге, компьютерді рұқсатсыз жылжытуға болмайды;
Компьютердің алдында жинақы дұрыс отыру, артық заттар қоюға болмайды;
Мұғалімді мұқият тыңдап, берілген тапсырманы ғана орында;
Монитор мен көздің ара қашықтығы 50-60 см болу керек.
Төменде кез келген затпен жұмыс жасағанда сақтану шараларының қауіпсіздік ережелері келтірілген.
Жұмысты бастар алдында міндетті түрде барлық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен толық танысу қажет. Егер де балалар жұмыс жасайтын болса, мұндай жағдайда мұғалімдердің бақылауында болуы қажет.
Кедергісіз жұмыс жасау үшін тақтаның екі жағынан 1 м орын қалдыру қажет. Жүйені өзгертуге тырыспаңыз, өйткені ол жүйені бұзуы мүмкін. Егер де бұл техника жұмыс жасамай қалса, онда өз бетіңізше жөндеуге тырысудың қажеті жоқ, бұл кепілдікті жоюға соқтырады.
Проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған тура қарауға болмайды.
ACTIVboard–пен жұмыс жасаған кезде проекторға мүмкіндігінше қарамаған дұрыс. Сыныпқа қарап тұрып, проектордың сәулесінен аулақ тұрып, жұмыс жасау ұсынылады.
Ауаны тазартқанда құрылғыларды өшіріп, олардың белгілі бір температураға дейін суығанын күту қажет. Интерактивті тақта .Интерактивті тақта (ИТ) – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. ACTIVboard ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Интерактивті құралдар ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫҢ «АКТИВТІ ҚАЛАМ» ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН ТЫШҚАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ АКТИВТІ ҚАЛАМ МЕН ПЕРНЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ Ctrl+A – мәтінді редакторлеу барысында мәтіндік алаңдағы мәтіндерді таңдау. Ctrl+B – таңдалған мәтіннің қарпі қарайтылған Ctrl+C – таңдалған объектілерді алмастыру буферіне көшіру Ctrl+G – таңдалған объектілерді топтау Ctrl+I – таңдап алынған мәтіндерді курсивке өзгертеді Ctrl+N – жаңа Флипчартты құру Ctrl+O – Мои Флипчарты бумасын ашу Ctrl+V- таңдалған объектілерді қою Ctrl+X – таңдалған объектілерді қиып алу Ctrl+Z - әрекетті болдырмау ACTIVstudio программасына кіріспе ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Жұмыс үстелінің құрылымы 1. Флипчарттың тақырып қатары 2. Флипчарттың жұмыс аймағы 3. Негізгі құралдар тақтасы 4. Тақырып қатарындағы батырмалар 5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы 6. Флипчарт құралы 7. Қоржын
Оқу процесінің тақырыптық жоспары және сабақ жоспары. Тақырыптық жоспарлау
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;
2) сабақтардың формалары;
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;
4) тірек білім мен ептілік;
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;
7) оқу-әдістемелік құралдар;
8) пәнаралық байланыстар;
9) сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді).
Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну.Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]:
2.-кесте. Күнтізбелік-тақырыптық- жобалау үлгісі.
Информатика пәні бойынша 200_/200_ а.ж. І (ІІ) жарты-жылдығына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
Сыныптар: _______
Мұғалім: _________
Сағат саны:
Барлығы __ сағ.; аптасына __ сағ. .
Жоспарлы бақылау сабақтары __, сынақтар __, тестілер __7
Жоспар ________________________ негізінде құрастырылды.
(құжат көрсетілуі тиіс)
Оқулық ___________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Қосымша әдебиеттер_________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Түсіндірме қағаз (таңдаудың,өзгерістердің, қосымшалардың және т.б. дәлелдемелер
Тақырыптық жоспарды компьютерде немесе үлкен парақтарда кесте түрінде рәсімдеген ыңғайлы. Курстың әрбір бөліміне жеке парақты бөлуге болады. Әрбір кестенің бағанасына әр сабақтың мәліметтері жазылады. Мұндай жағдайда сабақтың әр бөлігі тігінен қаралады.
2.5-кесте. Информатика пәнінің 200_/200_ оқу жылының __ жартыжылдық оқыту-тәрбиелік жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
М.И. Махмутов мұғалімдерді біліктілігі жоғары мамандармен құрастырылған тақырыптық жоспармен қамтамасыз ету керектігін айтады. Ол бағдарламаны оңтайлы меңгеруді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын және жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз ететін тақырыптық жоспардың бірыңғай дидактикалық сызбасын ұсынды. Бұл сызба үлгі ретінде қолданылады, мұғалімдер оны оқу-тәрбиелік үрдіс кезінде нақты шарттарға сәйкес қана өзгерте алады (2.2-кесте). Күнтізбелік-тақырыптық жоспар алуан түрлі тәсілмен әзірлене алады. Мұндай жоспар құрылымдарының мысалдары 2.2-2.5- кестелерде көрсетілген
