- •2009 Жылғы «21» қазандағы
- •Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
- •Көтергіштер мен жүк шығырлар
- •Терминдер мен анықтамалар
- •Жүк асып қоятын арқандардың тармақтарындағы тартылуды анықтау
- •Кран паспортының үлгісі
- •Паспорт
- •Кран иесінің назарына
- •1. Жаллпы мәліметтер
- •2. Кранның негізгі техникалық мәліметтері мен сипаттамалары
- •3. Жинақтау тораптары мен бөлшектерінің техникалық мәліметтері мен сипаттамалары
- •4. Қабылдануы туралы куәлік (сертификат)
- •5. Шығарушы жеткізетін құжаттама
- •Кранның орналасқан орны туралы мәлімет*
- •Кранды дұрыс жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қызметкерлерді тағайындау туралы мәліметтер
- •Металдан жасалған құрылыстарды жөндеу, механизмдерін, арқандарын, жүк алғыш органың ауыстыру туралы мәліметтер*
- •Техникалық куәландыру нәтижелері туралы жазба*
- •Таль паспортының үлгісі
- •Рельс жолдарының жобалау күйінен (жоспарда және кескінде) шекті ауытқу шамалары
- •Кранның рельс жолын пайдалануға тапсыру-қабылдау актісінің нысаны
- •Жүк көтергіш машиналардың арқандарын сұрыптау нормалары
- •Жүк көтергіш макшиналарды сұрыптаудың шекті нормалары
- •Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдарын бракқа шығару нормалары
- •Рельс жолдарының негізгі элементтерін бракқа шығарудың шекті нормалары
- •Краншының вахта журналының нысаны
- •Жүктерді крандармен тасымалдау кезіндегі ұсынылатын белгі дабылы*
- •Требования промышленной безопасности к устройству и безопасной эксплуатации грузоподъемных кранов
- •Глава 1. Общие положения
- •Глава 2. Технические требования
- •Глава 3. Изготовление, монтаж, реконструкция, ремонт, кранов и грузозахватных приспособлений
- •Глава 4. Устройство и установка грузоподъемных машин Параграф 1. Грузозахватные органы
- •Параграф 2. Канаты
- •Параграф 3. Цепи
- •Параграф 4. Барабаны, блоки и звездочки
- •Параграф 5. Тормоза
- •Параграф 6. Ходовые колеса
- •Параграф 7. Опорные детали, упоры и буфера
- •Параграф 8. Противовес и балласт
- •Параграф 9. Приборы и устройства безопасности
- •Параграф 10. Механизмы и аппараты управления
- •Параграф 11. Кабины управления
- •Параграф 12. Ограждения
- •Параграф 13. Галереи, площадки и лестницы
- •Параграф 14. Установка грузоподъемных машин
- •Параграф 15. Крановый путь
- •Глава 5. Краны кабельного типа
- •Глава 6. Подъемники и лебедки для подъема людей
- •Глава 7. Эксплуатация грузоподъемных машин Параграф 1. Регистрация
- •Параграф 2. Разрешение на пуск в работу
- •Параграф 3. Техническое освидетельствование
- •Параграф 4. Контроль и обслуживание
- •Параграф 5. Производство работ
- •Термины и определения
- •Определение натяжения в ветви стропов
- •Форма паспорта крана
- •Паспорт
- •Вниманию владельца крана
- •1. Общие сведения
- •2. Основные технические данные и характеристики крана
- •3. Технические данные и характеристики сборочных узлов и деталей
- •4. Свидетельство о приемке (сертификат)
- •5. Документация, поставляемая изготовителем
- •Запись результатов технического освидетельствования*
- •Регистрация (отдельная страница)
- •Форма паспорта тали
- •Предельные величины отклонений рельсовых путей (в плане и профиле) от проектного положения
- •Форма акта сдачи-приемки кранового рельсового пути в эксплуатации
- •Нормы браковки канатов грузоподъемных машин
- •Предельные нормы браковки элементов грузоподъемных машин
- •Нормы браковки съемных грузозахватных приспособлений
- •Предельные нормы браковки основных элементов рельсовых путей
- •Форма вахтенного журнала крановщика
- •Рекомендуемая знаковая сигнализация при перемещении грузов кранами*
Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану
жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Требования промышленной безопасности к устройству и безопасной эксплуатации грузоподъемных кранов
Астана 2010
ӘОЖ 621.81/.85
ББК 39.9
Ж 86
Шығаруға жауапты:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК. Астана, 2010. – 284 б.
ISBN 978-601-7224-00-4
Осы Талап Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы негізінде заңнамалық актілер, мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке ала отырып өңделді.
Талап жүк көтергіш машиналар мен механизмдер жобалау, жөндеу, қайта құру және пайдаланумен айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандарға арналған.
УДК 621.81/.85
ББК 39.9
Т 66
Ответственные за выпуск:
Республиканское государственное предприятие «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства чрезвычайных ситуаций Республики Казахстан
Требования промышленной безопасности к устройству и безопасной эксплуатации грузоподъемных кранов
РГП «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности». Астана, 2010. – 284 с.
ISBN 978-601-7224-00-4
Настоящие Требования разработаны на основании Закона Республики Казахстан «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» с учетом требований законодательных актов, государственных стандартов и иных нормативно-технических документов.
Требования предназначены для использования руководящими работниками и специалистами, занимающимися проектированием, устройством, изготовлением, установкой, ремонтом, реконструкцией и эксплуатацией грузоподъемных машин и механизмов.
©РГП «ННИЦ», 2010
ISBN 978-601-7224-00-4
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 Жылғы «21» қазандағы
№ 245 бұйрығымен
бекітілген
Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға, орнатуға, жөндеуге қолданылады.
2. Осы Талаптар мыналарға:
1) кран-манипуляторларды қоса алғанда, барлық түрдегі жүк көтергіш крандарға;
2) жер бетіндегі рельс жолдары арқылы басқару кабинасымен бірге қозғалатын жүк электрлік арбаларына;
3) арқанға асылған ілмекпен немесе электр магнитпен ғана жұмыс істеуге арналған кран-экскалаторларға;
4) электр тальдарына;
5) жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар;
6) ауысымдық жүк қармауыш органдарына (ілмектерге, грейферлерге, жүк көтеру электр магниттері мен өзге де органдарға);
7) алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдарына (арқандарға, қармауыштарға, траверсерлерге және өзге де құралдарға);
8) технологиялық үрдістерде, теңіз және өзен порттарында қолданылатын арнайы ыдыстардан (шөміштерден, мульдалардан, металл қалыптар мен өзге де ыдыстан) басқа, көтергіш ыдыстарға (бұдан әрі мәтін бойынша-ыдыс) қолданылады.
3. Осы Талаптар:
1) шахталарда, теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзгіш құрылыстарда орнатылған жүк көтергіш машиналарға;
2) жер қазатын жабдықпен немесе грейфермен жұмыс істеуге арналған экскаваторларға;
3) тек аспалы жабдықпен (діріл батырғыштармен, шпунт жұлғыштармен, аспа бесіктермен, бұрғылау жабдығымен және өзге де жабдықпен) жұмыс істеуге арналған крандарға;
4) арнайы мақсаттағы жүк көтергіш машиналарына, жер орналасқан, тиеу және отырғыз машиналарына, құбыр орнатқыштарға, электр және авто тиегіштерге, қатарлағыштарға, жол және көпір төсеуші машиналарға, манипуляторлар мен өзге де машиналарға;
5) олар асылатын монтаждау полиспасталар мен құрылымдарға (мачталар, шевралар, біліктер мен өзге құрылымдар);
6) әскери ведомствоның арнайы жүк көтергіш машиналарына;
7) қолмен басқарылатын тальдарға қолданылмайды.
4. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар 1-қосымшада келтірілген.
2-тарау. Техникалық талаптар
5. Жүк көтергіш машинасының жарылу, өрт шығу қаупі бар ортада (ортаның санатын көрсете отырып) жұмыс істеу қабілетін паспортта, пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда көрсетіледі.
6. Есептік температурасы 40°С төмен аймақтарда пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау температуралық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
Сейсмикалық аймақтарда (6 балдан жоғары) пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау ҚР ҚНжәнеЕ 2.03-30 сәйкес сейсмикалық тұрақты күйде жүзеге асырылады.
7. Жүк көтергіш машиналарын жобалау ИСО 4301/1 стандартына және басқа да нормативтік құжаттамаға сәйкес орындалады.
8. Жебелік өзі жүретін, теміржол және тіркеме крандар, кран экскаваторлар, мұнара және порталды крандар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін күйде және тасымалданған күйде тұрақты болады.
Кранның тұрақтылығының есебі сынақ жүктемесі әсер еткенде, жүк әсер еткенде (жүк тұрақтылығы), жүк болмаған кезде (өзіндік тұрақтылық), жүктемені кенет алғанда және монтаждау (бөлшектеу) кезінде жүргізіледі.
Пайдалану шарттары бойынша жүктемесі жоқ жебені көлденең күйге түсіру қажет болған болатын крандарда жебенің осындай күйдегі тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
9. Жұмыс жүгі ең көп арба едәуір қолайсыз тұрғанда қармауыш және консоль крандарда жүк арбалары жолдарының еңісі 0.003 аспайды. Еңістің көрсетілген нормасы арбаларының қозғалыс тетігі қалыпты жабық түрдегі автоматты тежегішпен жабдықталған немесе арбасы арқанды тарту күшімен қозғалатын крандарға жатпайды.
10. Жүкті көтеру және ұшуды өзгерту тетіктері жүкті немесе жебені түсіру тек қана қозғалтқышпен жүзеге асырылатындай етіп орындалады.
11. Жұдырықша, фрикциялық немесе басқа да механикалық аспаптармен жабдықталған жүк көтергіш машиналардың тетіктері жұмыс қозғалысының жылдамдықтарын іске қосу және ажырату үшін тетіктің өздігінен іске қосылуы немесе ажыратылуы мүмкін болмайтындай етіп орнатылады. Жүк пен жебені көтеру шығырларында, сонымен қатар тежеуіш бермей-ақ жетектің ажырау мүмкіндігін болдырмайды.
Адамдарды көтеруге арналған тетіктерде, электр жетегі бар тетіктерде мыналардан:
1) бір жылдамдықтан келесісіне ауыстыру үшін бірнеше жылдамдық диапазоны бар қозғалыс немесе бұрылыс тетігінен;
2) әрқайсысын бөлек басқару үшін ортақ жетегі бар шынжырлы крандардың қозғалыс тетігінен басқа, іске қосатын фрикциялық және жұдырықша муфталарды, балқыған металды немесе шлакты, улы және жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.
1) және 2) тармақшаларда көрсетілген жағдайларда тежеуіште кранның бұрылатын бөлігімен, шынжыр табандармен немесе дөңгелектермен ажыратылмайтын кинематикалық байланыс болады.
12. Айналдырып беретін жүк көтергіш машиналардың тетіктерінің тораптарында шлицті, шпонды және бұрандалы қосқыштары болады.
13. Жүк көтергіш машиналардың бұрандалы, шпонды және сыналы қосқыштары өздігінен бұралуынан немесе ажыратылуынан сақтандырылады.
14. Жылжымалы жебелері мен мұнаралары бар крандарда шыққан құрылымды бекіткіші қарастырылады.
15. Шөмішті крандардың көтергіш тетіктерінде амортизатор құрылғысы болады.
16. Жүк көтергіш машинасының арқанды және шынжырлы тальдары мен полипласттарында тальдан арқанның (шынжырдың) өздігінен шығып кетуі, блок мен шүлдік арасында (жұлдызша мен шүлдік арасында) арқанның (шынжырдың) оралып қалуы болмайды.
17. Қос полипластты қолданған кезде теңестірілген блокты немесе теңгергішті орнату міндетті.
18. Қол жетегі бар жүк көтергіш машиналардың тарту күші дөңгелектерінде жұмысшылардың құлауын болдырмау үшін бағыттайтын шынжырлары болады. Тарту күші шынжыры оның төменгі бөлігі машинаны басқаратын жұмысшы отырған жерден шамамен 500 мм биіктікте болатындай етіп орналасады.
19. Жүк көтергіш машиналардың металл құрылымдары мен металл бөлшектері тотығудан сақталады.
Ашық ауада жұмыс істейтін қорапты және құбырлы металл құрылымы крандарында оған ылғалдың жиналуына қарсы шаралар қолданылады.
20. Техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жүк көтергіш машиналардың тетіктеріне, сақтандыру құрылғыларына, электр жабдығына, металл құрылымдарының элементтеріне қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта галереялар, алаңдар, сатылар қарастырылады. Блоктар мен аспаптарға қауіпсіз қызмет көрсету үшін алаңдар мен сатылар болмаған жағдайда жебеде оны түсіру мүмкіндігі қарастырылады.
21. Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығы, оны монтаждау, ток бөлу және жерге қосу электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес болады.
Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығын пайдалану электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.
22. Гидравликалық жетегі бар крандар үшін құбырлар жарылған кезде немесе гидро жүйедегі қысым төмендегенде тетіктерді (жүк және бағыттаушы шығырды бұру, жебелер мен көтергіш тіректерді көтеру, жебе секцияларын жылжыту) автоматты тоқтату және бекіту қамтамасыз етіледі. Кран-манипуляторлар үшін иілгіш құбырлар үзілген кезде тетіктерді автоматты тоқтату қамтамасыз етіледі.
23. Крандардың гидро жүйесі әрбір жұмыс контурындағы қысымды бақылау мүмкіндігі мен гидро агрегаттарды, шлангілерді, сүзгіштерді бактан жұмыс сұйықтығын құймай, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
24. Жүк көтергіш крандар мото сағаттардағы жұмысты есепке алуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Құрылғы кранды пайдалану кезінде оның қалдық ресурсін пайдалануға мүмкіндік береді.
25. Болат арқандардан жасалған жүк асатын арқандарды есептеу арқандардың тармақ сандарын және олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі.
Бірнеше тармақтары бар жалпы мақсаттағы арқандарды есептеу кезінде олардың арасындағы есептік бұрыш 90° тең болып қабылданады. Белгілі бір жүкке арналған арқандарды есептеу кезінде нақты бұрышты қабылдауға болады.
Арқандарды есептеу кезінде арқандардың төзімділік қорының коэффициенті кемінде 6 қабылданады. Көп тармақты арқандардың құрылымы барлық тармақтардың біркелкі тартылуын қамтамасыз етеді.
26. Кендір, капрон және мақта маталы арқандардан (таспалардан) жасалған арқандарды есептеу арқандардың тармақтарының саны мен олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте төзімділік қорының коэффициенті кемінде 8 қабылданады.
3-тарау. Крандар мен жүк қармауыш бұйымдарды дайындау, монтаждау, қайта құрастыру, жөндеу
27. Крандар мен олардың элементтері «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес аттестатталған ұйымдарда дайындалады.
28. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кран мен оның негізгі тораптарының жиынтық сызбалары;
2) дайындауға арналған ұйым стандарттары;
3) аттестатталған дәнекерлеушілердің бар-жоғы туралы анықтама.
29. Жеке элементтер ретінде шығарылатын крандардың металл құрылымдарының, шығырлар мен қауіпсіздік аспаптарының өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін дайындаушы ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:
1) дайындалатын тораптардың жиынтық сызбалары, кинематикалық, гидравликалық және электрлік сызбалар;
2) ұйым стандарттары;
3) аттестатталған дәнекерлеушілердің бар-жоғы туралы анықтама.
30. Кранды бірнеше ұйым дайындаған тораптармен және бөлшектермен жинақтау кезінде дайындау сапасын, техникалық құжаттаманы рәсімдеуді кранды жинақтайтын дайындаушы қамтамасыз етеді. Кран паспорты жеке тораптарды дайындайтын ұйымдардың құжаттары бойынша құрылады. Осы ұйымдардың құжаттары кранды жинақтаған ұйымда сақталады.
31. Кранды немесе жекелеген металл құрылымдарын дайындауға арналған ұйым стандарттарында осы Талаптарды ескере отырып, дәнекерлеу сапасын бақылау талаптары мен брактау көрсеткіштері, тораптар мен дайын бұйымды қабылдау тәртібі, дайындау үшін қолданылатын металл мен дәнекерлеу материалдары туралы мәліметтер қарастырылады.
Крандарды дайындау сапасын тексеру үшін дайындаушы алдын ала, қабылдау сынағын өткізеді. Алдын ала сынаққа крандардың озық үлгілері тартылады.
33. Кранның озық үлгісін алдын ала сынауды жобаны әзірлеуші дайындаған бағдарлама мен әдістеме бойынша дайындаушы ұйым ұйымдастырады және өткізеді.
Кранды сынауға жұмыс құжаттамасын дайындаған ұйымның өкілінің міндетті түрде қатысуы қажет.
34. Кранды қабылдау сынағы жобаны әзірлеуші дайындаған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
35. Алдын ала және қабылдау сынақтарының бағдарламалары жобалау құжаттамасына сәйкес сынауды, көзбен тексеруді, статикалық және динамикалық сынауды, өздігінен жүретін жебелі крандарды тұрақтылығына сынауды, кранның барлық тораптарының жұмысын тексеруді қарастырады.
36. Алдын ала және қабылдау сынақтарының нәтижелері актімен ресімделеді, онда комиссияның ұсыныстары мен қорытындылары көрсетіледі.
37. Крандарды мерзімді сынау бағдарламасы көзбен бақылауды, бос жүрісте сынауды, статикалық және динамикалық сынауды, қауіпсіздік аспаптары мен кран өлшемдерін тексеруді қарастырады.
38. Мерзімді сынау 3 жылда бір рет жүргізіледі.
39. Кранды мерзімді сынау нәтижелері комиссияның ұсыныстары мен қорытындылары көрсетілген актімен ресімделеді.
40. Барлық сынақ нәтижелері кранның паспортына жазылады.
41. Әрбір дайындалған жүк көтергіш машинасы:
1) паспортпен;
2) пайдалану нұсқаулығымен;
3) монтаждау нұсқаулығымен (егер кранды монтаждау қажет болса);
4) тұтынушының өтінімі бойынша құрылымдық құжаттамамен жарақталады.
Крандардың жекелеген металл құрылымдарын, тетіктері мен қауіпсіздік аспаптарын дайындау кезінде олар паспорттармен жарақталады.
42. Әрбір жаңадан дайындалған жүк көтергіш машинасын дайындаушы ұйым шығарылатын машиналарды есепке алу кітабына жазады және көрінетін жерде дайындаушы ұйымның атауын және оның тауарлық белгісін, жүк көтергіштігін, шығарған мерзімін, реттік нөмірін көрсете отырып, бекітілген көрсеткіш тақтайшамен жарақтайды. Тақтайша кранның қызмет атқарған тұтас мерзімі бойында сақталады.
Жылжымалы жүк арбасы бар крандарда тақтайша кранға немесе арбаға, өздігінен жүретін жебелі, мұнаралы және порталды крандарда көрінетін жерде бекітілген тақтайшадан басқа, мұнаралар мен жебелердің әрбір секциясында дайындаушы ұйымның таңбасы жазылады.
Жекеленген металл құрылымдары мен тетіктерді дайындау кезінде олар жөніндегі мәлімет есепке алу кітабына жазылады.
43. Кранның паспорты 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша, электр таль паспорты 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша құрылады.
Кранды пайдалану және монтаждау жөніндегі нұсқаулықта мыналар көрсетіледі:
1) тораптар мен тетіктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету мерзімділігі;
2) металл құрылымдарының ықтимал ақаулары мен оларды қалпына келтіру әдістері;
3) қауіпсіздік аспаптарын тексеру мерзімділігі мен әдістері;
4) тежеуіштерді реттеу әдістері;
5) тез тозатын бөлшектердің тізбесі мен олардың тозу шектері;
6) техникалық куәландыру жүргізу тәртібі;
7) грейферлік және магниттік крандарға арналған грейфер мен магнитті қолдану шарттары;
8) рельстік кран жолдарын пайдалану жөніндегі құрылғы мен талаптар;
9) кранды жұмыс істемейтін күйде қауіпсіз күйге келтіру нұсқаулығы;
10) авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары;
11) кранды күрделі жөндеуге жіберу үшін оның шекті күйінің талаптары;
12) кранның қызмет мерзімі;
13) кранның жұмысын есептеу құрылғысымен есептелетін ақпарат негізінде кранның қалдық ресурсін есептеу әдістемесі;
14) кран құрылымының ерекшелігін ескере отырып, оны пайдалан және қызмет көрсету жөніндегі өзге де нұсқаулар.
Дайындаушы ұйым пайдалану барысында анықталатын жүк көтергіш машиналары құрылымы мен оны дайындау бойынша кемшіліктерді ескеріп, оларды қалпына келтіру шараларын қолданады. Анықталған ақаулықтар жүк көтергіш машиналарын қауіпсіз пайдалануға кедергі келтіретін болған жағдайда дайындаушы ұйым мұндай кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттілігі мен әдістері туралы барлық ұйымдарға хабарлайды, техникалық құжаттама мен қажетті материалдарды, ауыстырылуға тиіс бөлшектерді немесе тораптарды жібереді.
44. Жүк көтергіш машинаның иесі монтаждау және пайдалану кезінде құрылымында немесе оның дайындалуында осы Талаптарға сәйкес келмейтін ақаулықтарды анықтағанда дайындаушы ұйымға наразылық жібереді, оның көшірмесін машинаны дайындауға рұқсат берген уәкілетті органға жібереді.
45. Дайындаушы ұйым наразылықты алғанда анықталған кемшіліктерді қалпына келтіреді.
Дайындаушы ұйым келіп түскен наразылықтарды есепке алу журналын жүргізеді, онда наразылық беруші туралы мәлімет, жүк көтергіш машиналарының зауыт нөмірі, наразылықтың қысқаша мазмұны жазылады.
46. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары мен ыдыстарын ұйымдарда дайындау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
47. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар (арқандар, шынжырлар, траверстер, қармауыштар мен өзге де бұйымдар) дайындалғаннан кейін дайындаушы зауытта сыналады, ал жөндеу жүргізілгеннен кейін жөндеу жүргізген ұйымда сыналады.
Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары олардың нормативтік жүк көтергіштігінен 1,25 есе артық жүктемемен тексеріледі және сыналады.
Жүк көтергіш машиналармен шағын даналы, сусымалы және өзге де жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс дайындалғаннан кейін тексеріледі. Ыдысты жүкпен сынау міндетті емес.
48. Дайындалған алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар мен ыдыс туралы мәліметтер журналға жазылады. Журналда бұйымдардың немесе ыдыстың атауы, жүк көтергіштігі, құрылымдық құжаттың (технологиялық картаның) нөмірі, пайдаланылған материалға сертификат нөмірі, дәнекерлеу сапасын бақылау нәтижелері, жүк көтергіш бұйымды сынау немесе ыдысты тексеру нәтижелері көрсетіледі.
49. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары таңбамен немесе нөмірі, жүк көтергіштігі мен сынау датасы көрсетілген, мықтап бекітілген металл биркамен жарақталады. Басқа ұйымдар үшін дайындалған алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар, таңбалардан (биркадан) басқа паспортпен жарақталады.
50. Ыдыста оның мақсаты, нөмірі, дербес массасы мен жүк көтергіштігі көрсетіледі.
51. Дәнекерлеуді пайдалана отырып, крандарды қайта жасауды, қауіпсіздік аспаптарын жөндеу мен баптауды осы жұмыс түрін орындауға аттестатталған ұйымдар жүргізеді.
52. Кранды қайта жасау және жөндеу жоба бойынша жүргізіледі.
Жобаны әзірлеу кезінде кранның нақты жай-күйі (тозу дәрежесі, зақымының болуы және тағы басқа) көрсетіледі.
Арнайы мақсаттағы машиналарды (экскаваторларды, құбыр төсегіштерді және өзге де машиналарды) крандарға ауыстыру жоба бойынша оларды осы Талаптардың талаптарына сәйкестендірген жағдайда жүргізіледі.
Арнайы мақсаттағы машиналарды крандар ретінде пайдалану мүмкіндігін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы куәландырады.
53. Жүк көтергіш крандарын жөндеу мен қайта жасауды жүргізетін ұйымда қолданылатын металл мен дәнекерлеу материалдары,дәнекерлеу сапасын бақылау тәсілдері туралы, дәнекерлеу қосқыштарының брактау нормалары және жекелеген тораптар мен бұйымдарды қабылдау тәртібі туралы, құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықтарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттамасы болады.
54. Жүк көтергіш кранына жөндеу және қайта құрастыру жүргізген ұйым паспортта жүргізілген жұмыс сипатын көрсетеді және оған сертификат нөмірін көрсете отырып, қолданылған материал туралы мәліметті енгізеді.
Қолданылатын материалдың және дәнекерлеудің сапасын куәландыратын құжаттар дәнекерлеу жұмыстары ұйымдарында сақталады.
55. Иегердің күшімен жөндеуді немесе қайта қалпына келтіруді осы жұмыс түрін орындауға аттестат болған жағдайда жүргізуге болады.
56. Жүк көтергіш машиналарын дайындау, қайта жасау және жөндеу кезінде қолданылатын материалдың сапасы дайындаушының сертификатымен және бастапқы бақылаумен куәландырылады.
Сертификат болмаған жағдайда материалды тек бастапқы бақылау жүргізгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Материалдарды таңдау жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін кран үшін қоршаған ортаның төменгі шекті мәндерін, элементтердің жүктеме дәрежесін және қоршаған ортаның агресивтігін ескере отырып, жүргізіледі. Қолданылатын материалдың маркасы туралы деректер мен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін кран үшін төменгі шекті температуралар құрылымдық құжаттамада және кранның паспортында көрсетіледі.
57. Сапасы жағынан МСТ 1412 бойынша СЧ15 маркасынан төмен шойын балқымаларын мыналарды:
1) қол жетегі бар жүк көтергіш машиналарының тістері бар, червякті және жүріс дөңгелектерін;
2) дөңгелектің айналдыра жылдамдығы 1,5 м/с артық болмағанда тетік жіктегіші (режимі) М5 артық емес топқа арналған машина жетегі бар жүк көтергіш машиналардың червякті дөңгелектерін;
3) жүк көтергіш машинаның тетік жіктегіші (режимі) тобына және жетектің түріне қарамастан, қоладан жасалған доғасы червякті дөңгелектерді;
4) жебелі және мұнаралы крандардың блоктарынан басқа, барабандарды, редуктор корпустары мен блоктарын;
5) тежеуіштердің қалыптарын, барабандардың кронштейндерін және мойынтіректердің корпустарын дайындау үшін қолдануға болады.
Жүк көтергіш машиналардың қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіш шкивтері үшін сапасы жағынан МСТ 1412 бойынша СЧ20 маркасынан төмен емес шойын балқымаларын қолдануға болады. Теңгергіштерді және тарту күші жоқ бөлшектерді дайындау үшін балқымалар маркасы ұсынылмайды.
58. Жүк көтергіш машиналарын дайындау, қайта жасау және жөндеу үшін бұрын қолданылмаған материалдарды олардың өлшемдері құрылымдық құжаттамада көрсетілгеннен төмен болмаған жағдайда пайдалануға болады.
59. Жүк көтергіш машиналардың металл құрылымдарының көтергіш элементтерін дәнекерлеу және дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау құрылымдық құжаттамаға сәйкес орындалады.
60. Крандардың болат құрылымдарын дәнекерлеу, жік металы мен дәнекерлеу қосқышының (төзімділік шегі, ағу шегі, салыстырмалы ұзындығы, иілгіш бұрышы, соққы тұтқырлығы) механикалық қасиетін қамтамасыз ету үшін қолданылатын дәнекерлеу материалдары осы болат маркасы үшін белгіленген құрылымның негізгі металдың тізімделген қасиеттерінің төменгі шекті көрсеткішінен төмен болмайды. Бұл талап қанаттарды, сатыларды және алаңдарды дәнекерлеу үшін қолданылады.
Бір қосқышта әр түрлі маркалы болаттарды қолдану кезінде балқыма металдың механикалық қасиеті төзімділік шегі ең үлкен болаттың қасиеттеріне сәйкес болады.
Ендірме материалдардың, флюстердің және қорғағыш газдардың маркалары крандарды дайындауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.
61. Қаңылтырдан жасалған құрылым элементтерін, кескін беттерін, құбырлар мен өзге де элементтерді дайындау үшін құрылымдық құжаттамаға сәйкес осы элементтердің қалыптары мен өлшемдерін сапалы алуды қамтамасыз ететін барлық кесу түрлерін қолдануға болады.
62. Құрылымдарды дәнекерлеу үшін жинау кезінде құрылымдық құжаттамада белгіленген өлшемдер мен рұқсат шегінде қосқыштардың дәлдігі қамтамасыз етіледі.
63. Крандардың металл құрылымдарын дәнекерлеу қолайсыз атмосфералық жағдайлардың дәнекерлеу қосқыштарының сапасына әсерінен басқа жағдайларда жүргізіледі.
64. Ауа температурасы 0°С төмен болмағанда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мен тәртібі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.
65. Белгілі бір торапта әр түрлі дәнекерлеу әдістерін қолдана отырып, дәнекерлеу элементтерін пайдалануға болады, ол жөнінде құрылымдық құжаттамада айтылады.
66. Құрылымды жинау барысында орындалатын қармауыштар егер дәнекерлегенде олар толықтай балқитын болса, онда олар шығарылмайды. Қармауыштар дәнекерлеу алдында шлактардан тазартылады.
67. Дәнекерлеу қосқыштарында дәнекерлеуді жүргізген дәнекерлеушіні анықтауға мүмкіндік беретін таңбасы немесе өзге шартты белгісі болады. Дәнекерлеу қосқыштары үшін қолданылатын таңбалау әдісі таңбаланатын бұйымдарды нашарлатпайды. Таңбалау кранды пайдалану барысында оның сақталуын қамтамасыз ететін әдістермен орындалады. Таңбалау әдісі мен орны құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.
68. Кран құрылымдарының көтергіш элементтерінің дәнекерлеу қосқыштарын термиялық өңдеу қажеттілігі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.
69. Крандарды дайындау, монтаждау, қайта жасау және жөндеу кезінде өткізілетін дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау ішкі бақылау және өлшеу, механикалық сынау арқылы және құрылымдық құжаттамада көзделген бұзылмайтын бақылау әдістерімен жүзеге асырылады.
70. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау термиялық өңдеу жүргізгеннен кейін (егер ол осы дәнекерлеу қосқышы үшін міндетті болып табылатын болса) жүргізіледі.
Дәнекерлеу қосқыштарының нәтижелері журналдарда жазылады.
71. Мынадай:
1) қосқыш элементтердің шүлдіктерінің сынуы мен перпендикуляр болмауы;
2) қосқыш элементтердің жиектерінің ығысуын;
3) жік өлшемдері мен нысандарының сызбалардан (жіктің биіктігі, катетімен ені бойынша, үдеудің біркелкілігі және басқа да ауытқушылықтар бойынша) ауытқуы;
4) барлық түрдегі сызаттардың және жолдардың болуы;
5) балқымалардың, кесіктердің, күйіктердің, қайнамаған кратерлердің, балқымаған бөліктердің, көпіршіктер мен басқа да технологиялық ақаулар сияқты ықтимал сыртқы ақаулықтарды анықтау мақсатында барлық дәнекерлеу қосқыштары сыртынан тексеруге және өлшеуге болады.
Сыртынан тексеру алдында дәнекерлеу жігінің және ені 20 мм кем емес негізгі металдың жапсарлас учаскелерінің беті екі шлактан, шашырандыдан, металдың ағуынан және өзге де ластанудан тазартылады.
Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын тексеру және өлшеу қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен екі жағынан жүргізіледі. Дәнекерлеу қосқыштарының ішкі қабатын тексеру үшін қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда тексеру және өлшеу тек сыртқы жағынан ғана жүргізіледі.
72. Дәнекерлеу қосқыштарын тесу арқылы бақылау МСТ 7512, ультрадыбыстық бақылау МСТ 14782 сәйкес жүргізіледі.
Металл құрылымдардың есептік элементтерінің дәнекерлеу қосқыштарын бақылау сыртқы бақылаумен анықталған ақауларды жойғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте белбеулердің жапсарлас қосқыштарының дәнекерлеу жіктерінің басы мен соңы және бағандардың, біліктердің, жебелердің, шынжырлардың қорапты металл құрылымдардың қабырғалары бақылауға тартылады.
Дәнекерлеу қосқыштарының бақыланатын учаскелердің жалпы ұзындығы құрылымдық құжаттамамен анықталады және мынадай шамалардан кем болады:
1) қорапты немесе торлы металл құрылымының созылған белдігінің әрбір жапсарында-жапсардың ұзындығынан 50 %;
2) қысылған белдіктің әрбір жапсарында немесе қабырғалардың қысылған учаскелерінде-жапсардың ұзындығынан немесе қабырғалардың қысылған учаскелерінде 25 %;
3) жебелердің, шынжыр табандардың және порталды крандардың рейкалы қораптардың әрбір жапсарында-жапсардың ұзындығынан 75 %;
4) «1», «2», «3» тармақшаларда көрсетілмеген барлық қалған қосқыштар үшін-жапсардың ұзындығынан 25 %;
5) ультра дыбыстық әдіспен бақыланатын өзге де дәнекерлеу қосқыштары үшін-жапсардың ұзындығынан 25 %.
Рентген немесе гамма бақылау жүргізу алдында дәнекерлеу қосқыштарының тиісті учаскелері оларды бақылау рентген және гамма түсірмелерінде ажырату оңай болатындай есеппен таңбаланады.
73. Сыртқы тексеру мен бұзылмайтын бақылау нәтижелері бойынша дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі, онда олардың төзімділігі мен пайдалану сенімділігін төмендететін ақаулары бар бұйымдарды шығаруды болдырмайтын дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау нормаларын қамтиды.
74. Дәнекерлеу қосқыштарында мынадай ақауларға жол берілмейді:
1) металл жігінде орналасқан, балқыма желісі мен негізгі металдың жік жанындағы аймағындағы барлық түрдегі және бағыттағы сызаттар, оның ішінде микроскопиялық зерттеу кезінде анықталатын микро сызаттар;
2) дәнекерлеу жігінің қимасы бойынша жер бетінде орналасқан саңылаулар (балқымаған жерлер);
3) жиектері бөлінбей орындалған бұрыштық және тавро дәнекерлеу қосқыштарының бастарындағы (түбіндегі) дәнекерленбеген жерлер;
4) тұтас тор түрінде орналасқан тесіктер;
5) кесіктер мен қалқымалар (ағындар);
6) қайнамаған кратерлер;
7) қуыстар;
8) металл жігіндегі қайнамаған күйіктер;
9) негізгі металдың күйіктері мен балқымалары (құбырлардың жапсарлас түйістіргіш дәнекерінде);
10) жиектердің сызбаларда көзделген нормалардан жоғары ығысуы.
75. Бұзбай бақылау кезінде дәнекерлеу қосқыштарында жол берілмейтін ақаулар анықталғанда барлық қосқыштар бақыланады. Бақылау кезінде анықталған дәнекерлеу жіктерінің ақаулы учаскелері механикалық тәсілмен шығарылады және қайта дәнекерленеді.
76. Механикалық сынақ металл құрылымдарының элементтерін дайындау шарттарына толықтай сәйкес келетін (дәл сол қосалқы материалдар, дәл сол дәнекерлеу режимі, дәл сол дәнекерлеу күйі) жағдайларда дәнекерленген бақылау үлгілерінде дәнекерлеу қосқыштарының төзімді және пластикалық сипаттарына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
77. Крандарды дайындау, жөндеу және қайта қалыптастыру кезінде механикалық сынақ мерзімді түрде құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
78. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық қасиеттерін бақылау үлгілерінде тексеру үлгілердің, дәнекерлеу жапсырмаларының керілуіне сынау арқылы бұйымның дәнекерлеу қосқыштарының түріне байланысты жүргізіледі.
Механикалық сынақ нәтижелері егер:
1) уақытша кедергі болаттың осы маркасы үшін белгіленген металдың уақытша кернеуінің төменгі шекті көрсеткіштерінен төмен болмаса;
2) көміртекті болаттардың иілгіш бұрышы кемінде 120°, элементтің қалыңдығы 20 мм болғанда қоспасы аз болаттар үшін кемінде 80°С, 20 мм артық болғанда кемінде 60° болса, қанағаттандырылған деп саналады.
79. Егер дәнекерлеу қосқыштарында кез келген бақылау түрінде осы Талаптармен және крандарды дайындауға, монтаждауға, қайта жасауға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалардан тыс ішкі және сыртқы ақаулықтар анықталған болса, дәнекерлеу қосқыштарының сапасы қанағаттандырылмаған деп саналады.
4-тарау. Жүк көтергіш машиналарының құрылғысы және орнату
1-параграф. Жүк қармауыш органдар
80. Жүктің қапталған және қалыпталған ілмектері МСТ 2105 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес дайындалады. Қапталған және қалыпталған ілмектердің мөлшерлері мен негізгі өлшемдері жүк көтергіш машинаның ілмек түріне және жетегінің түріне байланысты МСТ 6627 және МСТ 6628 бойынша қабылданады.
Жалпы мақсаттағы жүк көтергіш машиналарда қолданылатын (жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жүк көтергіш машиналарынан басқа) МСТ 15150 бойынша У климаттық күйдегі бір мүйізді ілмектерге арналған сақтандыру құлыптары МСТ 12840 сәйкес болады.
Пластиналы жүк ілмектері МСТ 6619 бойынша жобаланады және дайындалады.
81. Арнайы қақталған және қалыпталған ілмектер құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады.
82. Жүк көтергіштігі 3 т артық ілмектер арнайы мақсаттағы крандардың ілмектерінен басқа, тербелмелі мойын тіректерде орнатылады.
83. Жүк көтергіштігі 5 т және одан жоғары қақталған және қалыпталған ілмекті бекіту, траверстегі пластикалық ілмек айырлары сомындардың өздігінен бұралуын болдырмайды, ол үшін ол арқанды аспақпен бекітіледі. Штифтердің, шплинттердің және арқанды бұранданың көмегімен сомындарды арқандауға болмайды.
84. Крандар мен электр тальдарының жүк ілгіштері алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдардың өздігінен құлауын болдырмайтын сақтандыру қалыптарымен жарақталады. Балқыған металл мен сұйық шлакты тасымалдайтын крандардың жүк ілмектерін сақтандыру құлыптарымен жарақтауға болмайды.
85. Жүк ілетін қақталған және қалыпталған ілмектерде МСТ 2105 және МСТ 12840 бойынша белгілері жазылады. Пластиналы ілмектерде белгілер МСТ 6619 сәйкес болады.
Пластиналы ілмек айырдың көмегімен траверске ілінетін жағдайда онда да ілмек сияқты дәл осындай таңбасы болады.
86. Арнайы түрдегі жүк ілмектері дайындаушы, ілмек нөмірі, жүк көтергіштігі мен ол дайындалған материал түрі көрсетілген паспортпен жарақталады.
87. Көлемді жүктер үшін арқанды грейферлер МСТ 24599 сәйкес дайындалады. Грейфердің құрылымы арандардың блок жолдарынан өздігінен шығуын және олардың ашылу мүмкіндігін болдырмайды.
Грейфердің жүк көтергіштігі жүктің осы түрін (маркасын, сұрпын) төгу үшін пайдаланбас бұрын грейфер иегері жүргізген сынақ түріндегі қармауыштан кейін материалды өлшеу арқылы анықталады.
88. Грейфер дайындаушы ұйым, нөмірі, көлемі, дербес массасы, ауытқу үшін материалдың түрі және көсіп алынған материалдың едәуір шекті массасы көрсетілген көрсеткішпен жарақталады. Зауыт көрсеткіші бүлінген жағдайда грейфер иесі оны қалпына келтіреді.
Краннан бөлек дайындалатын грейферлер көрсеткіштен басқа паспортпен жарақталады.
2-параграф. Арқандар
89. Жүк, жебелі, ванта, көтергіш, тартатын арқандар ретінде қолданылатын болат арқандарда МСТ 3241 және МСТ 18899 сәйкес дайындаушы ұйымында арқандарды сынау туралы сертификаты немесе сертификат көшірмесі болады. ИСО 2408 бойынша дайындалған арқандарды пайдалануға болмайды. Сынау туралы сертификатпен жарақталмаған арқандарды алған кезде олар көрсетілген стандарттарға сәйкес сынақтан өтеді.
Сынақтан өтпеген арқандар пайдалануға жіберілмейді.
90. Арқандарды жүк көтергіш машинасына бекіту және орналастыру олардың барабандардан немесе блоктардан құлау және құрылым элементтерімен немесе басқа полипасттар арқандарымен жанасу салдарынан үйкелу мүмкіндігін болдырмайды.
91. Жүк көтергіш машинасына бекіту кезіндегі арқан ұшындағы ілмек, дөңгелектермен, ілгіштермен және өзге де бөлшектермен жанасқан арқандардың ілмегі:
1) арқанның бос ұшы өрілген немесе қыстырғыштарды орнатылған шөмішті;
2) құрылымдық құжаттамаға сәйкес жеңіл балқыма құю немесе басқа да тәсіл арқылы сына бекітіп, болат қақталған, қалыпталған, құйылған тығынды қолдана отырып, орындалады.
Дәнекерлеу тығындарын (электр таль тығынына арқан ұшын бекітуден басқа) қолдануға болмайды. Корпустарда, тығындарда және сыналарда арқанның үйкелуі мүмкін үшкір жиектері болмайды.
92. Арқан тесіктерінің саны әрбір жібімен өру кезінде 1-кестеде көрсетілгенге сәйкес болады.
1-кесте
Өру кезінде арқанды баулармен тесу саны
Арқан диаметрі, мм |
Әрбір баумен тесудің ең төменгі саны |
до 15 |
4 |
от 15 до 28 |
5 |
от 28 до 60 |
6 |
Әрбір баумен соңғы тесу оның сымының жарты сымымен (аудың жарты қимасы) жүргізіледі.
Қысқыштардың саны жобалау кезінде анықталады, олар кемінде үшеу болуы қажет. Қысқыштардың орналасу адымы мен соңғы қысқыштан кейінгі арқанның бос ұшының ұзындығы арқанның кемінде алты диаметрінен кем болмауы қажет. Қысқыштың қыстырғыштары арқанның бос ұшына орнатылады.
Қысқыштарды ыстық (темір соғу) тәсілімен орнатуға болмайды.
93. Арқанды барабанға бекіту арқанды ауыстыру мүмкіндігіне жол беретін тәсілмен жүргізіледі. Қысқыш тақтайшаларды қолдану кезінде олардың саны кемінде екеу болады. Барабандағы соңғы қысқыштан бастап арқанның бос ұшына дейінгі ұзындығы арқанның екі диаметрінен кем болмайды. Арқанның бос ұшын қысқыш тақтайшаның астында және арқанның кемінде үш диаметрінен тұратын тақтайшадан бастап қашықтықта июге болмайды.
94. Балқыған немесе қызған металл немесе сұйық шлак тасымалдайтын жүк көтергіш машиналардың арқандары сәуле жылуының әсерінен және тиісті қоршауларды орнатып, металл шашырандысынан қорғалады.
95. Жүк, жебелі, ванта, көтергіш және тарту арқандары түрінде қолданылатын болат арқандарын таңдау ИСО 4308/1 және құрылымдық құжаттама бойынша, өздігінен жүретін жебелі крандар үшін ИСО 4308/2 бойынша жүргізіледі.
Арқанды жобалау кезінде, жүк көтергіш машинасына жүк орнату алдында мынадай формула бойынша есеппен тексеріледі:
Fо≥ S х Zр,
мұндағы, Fо-арқандардың бөлу күші (Н);
Zр-2 және 23 кестелер бойынша анықталатын арқанды пайдаланудың ең төменгі коэффициенті (арқанның төзімділік қорының ең төменгі коэффиценті);
S-кран паспортында көрсетілген (Н) арқан тармағының ең үлкен кермесі.
Егер сынақ туралы сертификатта арқан желісінің жиынтық айыру күші берілген болса, Fо шамасын жиынтық айыру күшін 0,83-ке көбейту арқылы анықтауға болады.
2-кесте
Арқандарды пайдаланудың ең төменгі коэффициенті, Zр
Тетікті жіткеу (режим) тобы |
Жылжымалы арқандар |
Жылжымайтын арқандар |
|
ИСО 4301/1 бойынша |
МСТ 25835 бойынша |
Zр |
|
М1 |
1М |
3,15 |
2,5 |
М2 |
2М |
3,35 |
2,5 |
М3 |
3М |
3,55 |
3,0 |
М4 |
4М |
4,0 |
3,5 |
М5 |
5М |
4,5 |
4,0 |
М6 |
6М |
5,6 |
4,5 |
М7 |
7М |
7,1 |
5,0 |
М8 |
8М |
9,0 |
5,0 |
3-кесте
Жебелі өздігінен жүретін крандарға арналған арқандарды
пайдаланудың ең төменгі коэффициенті Zр
ИСО 4301/1 (МСТ 27553*) бойынша кранды жіктеу (режим) тобы |
Жылжымалы арқандар |
Жылжымайтын арқандар |
|||||||
подъем груза |
подъем-опускание стрелы |
Телес копқа түсіру |
монтаж |
пайда лану |
монтаж |
||||
Тетік тің жіктеу (режим) тобы |
Zp |
Тетік тің жіктеу (режим) тобы |
Zp |
Тетік тің жіктеу (режим) тобы |
Zp |
Zp |
|||
А1 |
М3 |
3,55 |
М2 |
3,35 |
М5 |
3,15 |
3,05 |
3,0 |
2,73 |
А2 |
М4 |
4,0 |
М3 |
3,55 |
М2 |
3,35 |
3,05 |
3,0 |
2,73 |
А3 |
М5 |
4,5 |
М3 |
3,55 |
М1** |
3,15 |
3,05 |
3,0 |
2,73 |
Жүк көтергіштігі 16 т дейін қоса алғандағы автомобиль крандары үшін жүксіз А3 жіктеу (режим) тобы қолданылады.
Қауіпті жағдайларда жұмыс істеген кезде (балқыған металды, шлакты, улы және жарылғыш заттарды тасымалдау) М5 төмен емес жіктеу (режим) тобын қолдануға болады. Арқандарды адамдарды көтеруге арналған шығырларға орнату кезінде Zр есебін М8 жіктеу (режим) тобына арналғандай жүргізуге болады.
96. Арқандарды дайындау үшін қолданылатын кендір және мақта мата арқандар МСТ 30055 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады.
97. Кендір немесе мақта матасы арқанындағы ілмек өрімінде кемінде екі толық және екі жартылай тескіші болмайды.
98. Арқандарды дайындау үшін синтетикалық және басқа да материалдар құрылымдық құжаттамаға сәйкес қолданылады.
3-параграф. Шынжырлар
99. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын пластиналы шынжырлар МСТ 191 сәйкес болады. Жүк арқаны және арқандарды дайындау үшін қолданылатын дәнекерлеу және қалыпталған шынжырлар МСТ 228 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады. Якорь шынжырларын тірексіз және тірекпен қолдануға болады.
100. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын және арқандарды дайындау үшін қолданылатын шынжырларда оларды сынау туралы дайындау сертификаты болады.
Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда бұзылатын жүктемені анықтау үшін шынжыр үлгісін сынау және өлшемдердің стандартқа сәйкестігін тексеру жүргізіледі.
101. Крандардың тетіктерінде қолданылатын пластиналы шынжырлардың тұрақтылығы қорының коэффициенті бұзылатын жүктемеге қатынасы бойынша М1 және M2 жіктегіші (режимі) топтары үшін кемінде 3 және тетіктердің басқа жіктегіштерінің топтары үшін кемінде 5 болады.
Дәнекерлейтін жүк шынжырлары мен арқан шынжырларының төзімділік қорының коэффициенті бұзылатын жүктемеге қатысты 4-кесте бойынша қабылданады.
4-кесте
Дәнекерленген шынжырлардың төзімділік қорының ең төменгі коэффициенттері
Шынжырдың мақсаты |
Тетіктің жіктеу (режим) тобы |
|
М1.М2 |
МЗ-М8 |
|
Жұмсақ барабанда жұмыс істейтін жүк шынжыры |
3 |
6 |
Жұлдызшада (калибрленген) жұмыс істейтін жүк шынжыры |
3 |
8 |
Жүк арқандары үшін |
5 |
5 |
102. Шынжырларды жаңа қосымша буындардың электр дәнекерімен немесе қосқыш буындардың көмегімен ұзартуға болады. Ұзартылғаннан кейін шынжыр оның есептік тарту күшінен 1,25 есе жүктемемен 10 минут ішінде сыналады.
4-параграф. Барабандар, блоктар және жұлдызшалар
103. Болат арқандармен оралатын барабанның, блоктардың және теңгеру блоктарының ең қысқа диаметрі мынадай формула бойынша анықталады:
D1 ≥ h1 х d,
D2 ≥ h2 х d,
D3 ≥ h3 х d,
мұндағы: d-арқан диаметрі, мм;
D1, D2, D3-барабанның, блоктың, теңгерілетін блоктың есілген арқанның орташа желісі бойынша диаметрі, мм;
h1, h2, h3,-барабанның, блоктың және теңгергіш блоктың диаметрлерін таңдау коэффициенттері (5-кесте).
h1 коэффициентін өзгертуге болады, бірақ ең үлкен және ең қысқа жағына жіктеуіш тобы бойынша Zp (2-кестені қараңыз) шамасы арқылы тиісті өтемімен ең үлкен және ең қысқа жағына дәл сондай адым санымен екі адымынан аспайды (5-кестені қараңыз).
5-кесте
Барабанның (h1), блоктың (h2)
және теңгергіш блоктың (h3) диаметрлерін таңдау коэффициенті
Тетіктерді жіктеу тобы |
Диаметрлерді таңдау коэффициенті |
|||
ИСР 4301/1 бойынша |
МСТ 25835 бойынша |
h1 |
h2 |
h3 |
М1 |
1М |
11,2 |
12,5 |
11,2 |
М2
|
2М |
12,5 |
14,0 |
12,5 |
ИСР 4301/1 бойынша |
МСТ 25835 бойынша |
h1 |
h2 |
h3 |
М3 |
3М |
14,0 |
16,0 |
12,5 |
М4 |
4М |
16,0 |
18,0 |
14,0 |
М5 |
5М |
18,0 |
20,0 |
14,0 |
М6 |
6М |
20,0 |
22,4 |
16,0 |
М7 |
7М |
22,4 |
25,0 |
16,0 |
М8 |
8М |
25,0 |
28,0 |
18,0 |
104. Дәнекерлейтін калибрленген және пластиналы шынжырлар жұмыс істеу кезінде жұлдызшада бір мезгілде толық тіркемеде кемінде екі жұлдызша тісі болады.
105. Барабанның арқан сыйымдылығы барабандағы жүк қармауыш органының ең төменгі күйінде қысқыш құрылғылар астындағы орамдарды қоспағанда, арқанның немесе шынжырдың орамынан жартысынан кем емес оралады.
106. Бір қабатты арқан орамының астындағы жүк көтергіш машиналардың барабандарында білік жолымен бөлінген орлары болады. Грейферлік крандарда арқанды барабанға және арнайы крандарға бір қабатпен ораған кезде, олар жұмыс істегенде арқандар үзілуі және босауы мүмкін болса, барабандарда тереңдігі арқанның диаметрінің жартысынан кем емес ор болады немесе арқанды барабанға дұрыс орнатуды қамтамасыз ететін құрылғымен жарақталады.
Жұмсақ барабанды құрылымдық себептері бойынша барабанға көп қабатты арқанды орау қажет болса, барабанға шынжыр орау кезінде қолдануға болады.
107. Жұмсақ барабан мен арқанды көп қабатты орауға арналған орлары бар барабандарда барабанның екі жағынан реборттар болады.
Арқанның екі тармағын бір қабатты орауға арналған орлары бар барабандарды егер тармақтар барабанның жиектерінен ортасына қарай оралатын болса, рекордтармен жарақтамауға болады. Орлары бар барабанға бір тармақты арқанды орау кезінде ребордты барабандағы арқанды бекіту жағынан орнатпауға болады. Арқанның барабаннан шығып кетуін (арқан төсегішпен) болдырмайтын құрылғымен жабдықталмаған электр тальдарының барабандарын ребордасыз дайындауға болады.
Арқанға арналған барабан ребордтары оралған арқанның жоғарғы қабының үстінен оның екі диаметрінен кем емес, ал шынжырлар үшін шынжыр буының енінен кем емес болады.
108. Жүк көтергіш машинада арқанды барабанға көп қабаттап орау кезінде әр қабатты дұрыс орау қамтамасыз етіледі.
109. Жебе және жүк полиспасталарының блоктарында арқанның блок жолынан шығуын болдырмайтын құрылғы болады.
Көрсетілген құрылғы мен блок ребордасы арасындағы саңылау арқан диаметрінен 20 % аспайды.
5-параграф. Тежеуіштер
110. Машина жетегі бар жүк көтергіш машиналарының жүк көтеру және шығуын өзгерту тетіктері жетек қосылған кезде автоматты жабылатын қалыпты жабық түрдегі тежеуіштермен жарақталады.
Қол жетегі бар көтергіш тетік автоматты әсер ететін жүк тиеу тежеуішімен жарақталады.
Жүк көтеру, гидро цилиндрі бар жебелердің шығуын өзгерту және телескопқа түсіру тетіктерінде гидро жүйеде қысым төмендеген кезде жүктің немесе жебенің түсу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғы (кері клапан) қарастырылады.
111. Тетіктерді іске қосу муфталарымен басқарылатын жүк көтеру және шығу жолын өзгерту тетігінде жүктің немесе жебенің өздігінен түсуін болдырмау мақсатында іске қосу муфтасымен бұғатталған қалыпты жабық түрде басқарылатын тежеуіштері қолданылады.
112. Бөлек электрлік жетектері бар грейферлік қос барабанды шығырларда тежеуіш әрбір жетекте орналасады.
Барабанға ықпал ететін жетекте қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде тетікті тежеу үшін тепкіні (түймені) орнатуға болады, бұл ретте тепкіні (түймені) үзбей басқан кезде ғана тоқтатуға болады.
Электр қорғағыш іске қосылған кезде немесе желідегі ток ажыратылған кезде тежеуіш автоматты түрде қосылып, тепкі (түйме) басылады.
113. Жүк көтеру және шығу жолын өзгерту тетігі барабандармен ажырамайтын кинематикалы байланысы барп тежеуіштермен жарақталады.
Шынжырлы және арқанды электр тальдарын көтеру тетіктерінің кинематикалы шынжырларында шектеулі мезеттік муфталарды орнатуға болады.
114. Крандардың жүгі мен жебелерін көтеру тетігінің тежеуіші нормативтік құжаттама бойынша қабылданатын тежеуіш қорының коэффициентін ескере отырып, тежеуіш барысын қамтамасыз етеді, бірақ ол 1,5 кем болмауы тиіс.
Жебені көтеру тетігіндегі динамикалық жүктемені төмендету үшін біреуінің тежеу қорының коэффициенті кемінде 1,1, ал екіншісінікі кемінде 1,25 болатын екі тежеуіш орнатуға болады. Бұл ретте тежеуіш беру автоматты түрде жүргізіледі.
115. Балқыған, қызған металл мен шлак, улы немесе жарылғыш заттар тасымалдайтын жүк көтергіш машиналарының жүктерін көтеру және шығу жолын өзгерту тетіктері бір-біріне тәуелсіз қолданылатын екі тежеуішпен жабдықталады.
116. Екі тежеуіш орнату кезінде олардың бірінің тежеуішінің сенімділігін тексеру мақсатында құрылымы екіншісінің тежегішін алуға мүмкіндік береді.
117. Жетекте екі және одан астам тежеуіш болған жағдайда олардың әрқайсысының тежеуіш қоры коэффициенті кемінде 1,25 болады. Бір мезгілде іске қосылатын екі жетегі бар көтергіш тетігінде дәл сондай тежеуіш қорымен кемінде бір тежеуіш орнатылады. Әрбір жетекте екі тежеуіш қолданған жағдайда және тетікте екі және одан астам жетек болған жағдайда әрбір тежеуіштің тежеу қорының коэффициенті кемінде 1,1 болады.
118. Қос жетекті жүк шығырларында соңғысында жетектердің біреуі қатардан шыққан жағдайда жүктің өздігінен түсуін болдырмайтын өзара қатты кинематикалық байланыс болады.
119. Электр тальдарында екінші тежеуіш ретінде жүк тірегі тежеуішін пайдалануға болады. Мұндай жағдайда электр магниттік тежеуіштің тежеуіш қорының коэффициенті кемінде 1,25 болады.
Жіктеуіш (режим) тобы М1 көтеру тетіктерінде тежеуіштердің біреуін өздігінен тежейтін бергішпен ауыстыруға болады.
120. Қозғалыс тетіктеріндегі тежеуіштер мынадай:
1) машина ашық ауада жұмыс істеуге арналған;
2) үй-жайда жұмыс істеуге арналған машина еденге төселген жол бойынша қозғалған;
3) жер бетіндегі рельс жолындағы үй-жайда жұмыс істеуге арналған машина (арба) 32 м/мин (0,53 м/с) астам жылдамдықпен қозғалған жағдайларда жүк көтергіш машиналарында орнатылады.
Бұрылыс тетіктеріндегі тежеуіштер ашық ауада жұмыс істейтін барлық крандарда, үй-жайда жұмыс істейтін крандарда орнатылады, жіктегіш (режим) тобы М2 және одан жоғары болады.
121. Бұрылыс тетіктеріндегі тежеуіштер жүк көтергіш машиналарында жіктегіш (режим) тобы М2 және одан жоғары орнатылады.
122. Жүк көтергіш машиналарының қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштері (автомобильдік, пневмо дөңгелекті крандардың, арнайы шассидегі крандардың, теміржол тетіктерінен, мұнаралы және порталды крандардың бұрылыс тетіктерінен басқа) жабық түрдегі қалыпты, жетек қосылған кезде автоматты ажыратылатын болады. Қозғалыс тетігі ашық түрдегі қалыпты басқарылатын тежеуішпен жабдықталған автомобиль шассиінде орнатылған крандарда, автомобиль мен пневмо дөңгелек крандарында тұрақ тежеуіш орнатылады.
Теміржол крандарының қозғалыс тетігіндегі тежеуіштер теміржолдардың жылжымалы құрамына қойылатын талаптарға сәйкес болады.
Мұнаралы, мұнаралы-жебелі бар жебе жабдығы мен порталды крандардың тетіктерінде қалыпты ашық түрде басқарылатын тежеуіштерді орнатуға болады. Мұндай жағдайда тежеуіште оны жабық күйде бекітуге арналған құрылғысы болады. Мұндай құрылғыны рычагтарда немесе тежеуішті басқару тепкілерінде орнатуға болады.
123. Қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштерін басқару аппараттарымен электр қозғалтқышын ажырату кезінде егер электр сызбасында электр қозғалтқышымен тежеу мүмкіндігі қарастырылатын болса, тұйықтамайды. Мұндай жағдайда электр сызбасында контроллер нөлдік күйде болғанда қосалқы аппаратпен (түймемен) тежеуіш салу (алу) қарастырылады.
Автоматты тежеуішпен жабдықталған қозғалыс және бұрылыс тетіктерінде жоспарлы тежеуіш үшін қосымша жетекті орнатуға болады. Мұндай жағдайда басқару аппаратымен электр қозғалтқышын ажырату кезінде автоматты тұйықтауға жол берілмейді.
124. Ашық ауада жұмыс істейтін машиналарда қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштері желдің жылдамдығы жоғары болғанда рұқсат етілген еңісті ескере отырып, кранның жұмыс күйі үшін МСТ 1451 бойынша машина мен оның арбасын тоқтатуды және ұстауды қамтамасыз етеді.
125. Жүк көтергіш машиналардың тетіктерінде червякті бергішті тежеуіш ретінде пайдалануға болмайды.
126. Тежеуішті тұйықтайтын жүк оның құлауын немесе өздігінен ығысуын болдырмайтындай етіп рычагқа бекітіледі. Серіппелерді пайдалану кезінде тежеуіштің тұйықталуы қысылған серіппе күшімен жүргізіледі.
127. Тежеуіш тежеуіштің шкивіне ылғал мен майдың тікелей өтуінен қорғалады.
128. Ашық ауада рельс жолдары арқылы қозғалатын крандар айдап әкетуге қарсы құрылғылармен жабдықталады.
Ашық ауада жұмыс істейтін көпір крандарын егер кранға желдің ең жоғарғы шекті жылдамдығы әсер еткен кезде МСТ 1451 бойынша кранның жұмыс істемейтін күйі үшін қозғалыс тетіктерінің тежеуіш қорының шамасы кемінде 1,2 болса, айдап әкетуге қарсы құрылғылармен жабдықтамауға болады.
129. Айдап әкетуге қарсы құрылғы ретінде рельс қармауыштарын пайдалану кезінде оның құрылымы кранды оны орналастырудың тұтас жолында бекітуге мүмкіндік береді.
130. Машина жетегі бар айдап әкетуге қарсы құрылғылар оларды қолмен іске қосу бұйымымен жабдықталады.
6-параграф. Жүріс дөңгелектері
131. Жүк көтергіш машиналардың қозғалыс тетіктері мен олардың жүк арбаларының жүріс дөңгелектерін қақталған, иленген, қалыпталған немесе құйылған түрінде орындауға болады. Қақталған дөңгелектер МСТ 28648 сәйкес болады. Дөңгелектердің рельстен шығып кетуін болдырмайтын құрылғылар болған жағдайда ребордты жоқ дөңгелектерді пайдалануға болады.
Бір ребордты жүріс дөңгелектерін мынадай жағдайларда:
1) егер жер бетіндегі крандар жолдары шығырларының ені 4 м артық болмаса және жолдың екі бөлігі де бір деңгейде жатса;
2) егер жер бетіндегі крандар әр жағынан бір рельстегі дөңгелектердің ребордының орналасуы келесі рельстегі ребордтың орналасуына қарама-қарсы болған жағдайда, екі рельс бойынша қозғалатын болса;
3) көпір түріндегі крандардың тірек және аспалы арбаларында;
4) бір рельстік жол бойынша қозғалатын аспалы арбаларда пайдалануға болады.
Негізгі крандардағы бір ребордты дөңгелектерде тоғынның ені рельс бастиегінен енінен кемінде 30 мм артық болады. Рельстік мұнаралы крандардың дөңгелектері шығырлардың еніне қарамастан, қос ребордты болады.
7-параграф. Негізгі бөлшектер, тіректер мен буферлер
132. Рельс жолдары бойынша қозғалатын жүк көтергіш машиналары дөңгелектер мен шүлдіктері қираған жағдайда негізгі бөлшектермен жарақталады.
Тіркеме кабиналы монорельстік арбаларда негізгі бөлшектер кабинаның жүріс арбасында орнатылады. Кабина көтергіш тетігін ортақ рамаға орнату кезінде негізгі бөлшектер әрбір жүріс арбасына орналасады.
Негізгі бөлшектер жүк көтергіш машина немесе жүк арбасы қозғалатын рельстерден 20 мм аспайтын биіктікте орналасады және осы бөлшектердің ең жоғарғы ықтимал жүктемесіне есептелген.
133. Жебенің иілгіш аспасы бар шығу жолы өзгеретін жебелі крандарда жебенің аударылуын болдырмайтын тіректер немесе басқа да құрылғылар орнатылады.
Мұнаралы крандарда мұндай құрылғылар егер шығу жолы ең қысқа болғанда көлденең жол мен жебе арасындағы бұрыш 70° болса, оратылады.
134. Жебелі өздігінен жүретін крандарда төзімді тіректерді немесе олардың бөлшектерін көтеру (жылжыту) күші 200 Н аспайды.
Күш жоғары болғанда тіректерде гидравликалық, механикалық немесе басқа да жетек болады.
135. Рессорлы жүріс бөлігі мен аутригер сипаттамасы жоқ жебелі өздігінен жүретін крандар серіппелі аспалардың әсер етуін болдырмайтын және кезекті кранға, тікелей жүріс бөлігіне немесе берік тіректеріне жүктеме беру мүмкіндігі бар құрылғылармен жабдықталады. Бұл крандар жүктемені барлық бір жүрісті шүлдік рессорларына жүктемені беру арқылы олардың біркелкі отырғызылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін серіппелі аспалардың реттегіштерімен жабдықталады. Автомобиль крандары мен арнайы шассидегі крандарда бұл құрылғыларды алдыңғы шүлдіктерде орнатуға болмайды.
136. Рельс жолдарының соңында одан жүк көтергіш машиналардың шығып кетуін болдырмас үшін тіректер орнатылады.
137. Рельс жолы боймен қозғалатын машина жетегі бар жүк көтергіш машиналарының, олардың арбаларының тіректерге немесе бір-біріне ықтимал соғылуын жұмсарту үшін тиісті биіктіктегі тіректі буферлік құрылғылармен жарақталады. Егер жобалау құжаттамасында соғылмайтын тұйық тірек қондырғысы қарастырылған болса, буферлік құрылғы орнатылмайды.
8-параграф. Қарсы салмақ және балласт
138. Кранның қарсы салмақ пен балласттың құрамдас бөліктері оларды құлауынан сақтандыру үшін және белгіленген массаның өзгеру мүмкіндігін болдырмау үшін қаптамаға бекітіледі немесе салынады. Қарсы салмақ немесе балласт ретінде ұсақ даналы жүкті қолдану кезінде ол металл жәшікке орнатылады. Жәшік оған атмосфералық жауын мен жүктің түсуін болдырмайтындай етіп орындалады. Қарсы салмақ немесе балласт үшін құм, гравий және кесек тас қолдануға болмайды. Жеке түріндегі крандарда балласт және қарсы салмақ ретінде таңбаланған керек-жарақ жүктері қолданылады, оларды дайындау және төсеу кран дайындаушының сызбасы бойынша жүргізіледі.
139. Жылжымалы қарсы салмақтар жебенің автоматы шығуын өзгерту арқылы орналасады немесе шығу жолына байланысты қарсы салмақтың күйін жақсылап көрсететін көрсеткіші болады.
9-параграф. Қауіпсіздік аспаптары мен құрылғылары
140. Машина жетегі бар жүк көтергіш крандар мынадай тетіктерді:
1) жүк қармауыш органын оның шеткі жоғарғы және төменгі күйлерінде көтеру тетіктерін автоматты тоқтату үшін құрылғылармен жабдықталады. Жүк қармауыш органының төменгі күйінің соңғы ажыратқышы егер кранды пайдалану шарттары бойынша жүкті жобада (паспортта) белгіленген төмен түсіру қажет болмаған жағдайда орнатуға болмайды;
2) жебенің шеткі күйінде шығу жолын өзгерту тетігін;
3) егер кранның (арбаның) жылдамдығы шеткі күйге жетпес бұрын 0,5 м/с артылуы мүмкін болса (аралық өту жолы 16 м астам мұнаралы крандардың, тіреуіш кранның және көпір тиегіштің қозғалыс тетігі қозғалыс жылдамдығына қарамастан, ақырғы ажыратқыштармен жабдықталады), рельс жолдарындағы жүк көтергіш крандар мен олардың арбаларының қозғалыс тетігін;
4) бір жолда жұмыс істейтін көпір, тіреуіш, консолдық крандардың олардың жүк арбаларының қозғалыс тетігін автоматты тоқтату үшін құрылғылармен жабдықталады. Көрсетілген құрылғылар кез келген басқа тетікті, мәселен, жүк көтергіш машиналардың, жүк қармауыш органның тетіктерінің, кабина көтеру тетіктерінің бұрылыс, жылжу тетігін шектеу қажет болған жағдайда орнатылады.
141. Жүк көтергіш машинасында орнатылатын ақырғы ажыратқыштары кері бағытта қозғалу мүмкін болатындай етіп іске қосылады. Осы бағытта одан әрі кранды басқарудың электрлік сызбасымен жол берілетін ең төменгі жылдамдықпен отырғызу алаңына немесе тұйық тірекке жақындаған кезде көпір кранының қозғалыс тетігі үшін қозғалуға болады.
142. Көтергіш тетіктің ақырғы ажыратқышы жүксіз көтеру кезінде жүк қармауыш органы тоқтағаннан кейін тірек пен электр тальдары арасындағы саңылау кемінде 50 мм, ал қалған басқа жүк көтергіш машиналарында кемінде 2000 мм болатындай етіп орнатылады.
143. Грейферлік шығырдың бөлек қос моторлы электр жетектері бар грейфер крандарында көтергіштің ақырғы ажыратқышының сызбасы соңында шеткі жоғарғы күйге жеткенде көтергіш тетігі қозғалтқышы мен Грейфердің тұйықталу қозғалтқышын бір мезгілде ажырату жүргізілетіндей етіп орындалады.
144. Қозғалыс тетігінің ақырғы ажыратқышы оның қозғалтқышының ажыратқышы тірекке дейінгі қашықтықта, ал мұнаралы, порталды және тіреуіш крандар мен көпір тиегіштерде тежеуіштің толық жолынан кем емес болатындай етіп орнатылады. Бір жолда жұмыс істейтін көпір және консолды жылжымалы крандардың қозғалыс тетігі жүрісінің өзара шектегіні орнату кезінде көрсетілген қашықтықты 500 мм дейін қысқаруға болады. Тетікті тежеу жолын дайындаушы кранның паспортында көрсетеді.
145. Көпір түріндегі кран галереяға шығу алдында краннан кернеуді автоматты алуға арналған құрылғымен жабдықталады. Үй-жайда жұмыс істейтін крандарда кернеуі 42 В аспайтын Троллей жетектерін ажыратпауға болады.
Кіру жолы көпірдің галереясы арқылы қарастырылған көпір крандарында мұндай бұғаттағышпен галереяға өту жолы есігі жабдықталады.
146. Отырғызу алаңынан жүк көтергіш машинасын басқару кабинасына өтуге арналған есік ашық тұрған кезде кранның қозғалуына мүмкіндік бермейтін электр бұғаттағышпен жабдықталады.
Егер кабинада тамбур болмаса, онда мұндай бұғаттағышпен оның есігі жарақталады.
147. Магнитті крандарда электр сызбасы краннан кернеуді байланыстырушы аспаптармен және қауіпсіздік құрылғыларымен алу кезінде жүк электр магнитінен кернеу алынбайтындай етіп орындалады.
148. Кабина кранның бұрылатын бөлігінде орналасқан кезде бұрылмайтын мұнаралар мен порталды крандары бар мұнаралы крандарда, бұрылатын кабинасы бар арнайы металлургия крандарында кабинаға отырғызу кезінде кранның бұрылатын және бұрылмайтын бөліктері арасында адамдардың қысылып қалмауын болдырмас үшін персонал бұрылмайтын бөліктен бұрылатын бөлікке және кабинаға өткенге дейін тетіктің электр қозғалтқышын автоматты ажырататын құрылғысы болады.
149. Жебелі өздігінен жүретін, мұнарлы, теміржол және порталды крандар олардың аударылуын болдырмас үшін массасы арнайы жүк көтергіш шамасынан 10 % артық, ал бір метрге 20 тоннаға дейін жүгі бар мұнаралы крандар мен порталды крандар үшін 15 % артық жүкті көтерген жағдайда жүк көтеру және оның жолын өзгерту тетіктерін автоматты ажырататын жүк көтергішті шектегіштермен (жүк көтеруді шектеу) жабдықталады.
Жүк көтергіш шектегіштің әсерінен кейін жүк көтеруді төмендету үшін жүкті түсіру немесе басқа да тетіктерді қосу мүмкіндігі қарастырылады.
Екі немесе одан көп жүк сипаттамасы бар крандарда тиісті сипаттамасына сәйкес жұмысқа қосатын құрылғысы бар жүк көтергішті шектегіш қолданылады. Мұнаралы крандарда краншының ауыстырып қосу тетігіне қол жеткізуіне жол берілмейді. Қорғағыш панель немесе жүк көтергіш шектегішінің реле (электронды) блогы пломбаланады.
150. Көпір түріндегі крандар егер өндіріс технологиясы бойынша жұмыс істеу мүмкін болса, жүк көтергішті (әрбір жүк шығыры үшін) шектегішпен жабдықталады. Көпірдің ұзындығы бойынша ауыспалы жүк көтергішті крандар да осындай шектегіштермен жабдықталады.
Көпір түріндегі кранның жүк көтергіш шектегіші 25 % астам жүктемесіне жол берілмейді.
151. Тіреуіш крандар мен көпір тиегіштері қозғалыс кезінде туындайтын ең жоғарғы ықтимал күшке есептелген немесе автоматты әсер ететін шектегішпен жабдықталады.
152. Крандардың жүк көтергіштігінің шектегіштерінде жұмыс істеу кезінде кранның қауіпсіздік жай-күйін бағалау үшін техникалық сипаттаманың (өлшемдердің) жапсарлас тіркегіштері болады. Пайдаланудағы крандардың жүк көтергішті шектегіштері олардың қауіпсіздік күйін бағалау үшін өлшемдерді тіркеудің электронды аспабымен жарақталады.
153. Электр жетегі бар крандарда электр желісімен қоректенетін үш фазасының кез келгені үзілген кезде жүктің және жебенің құлауынан қорғағышы қарастырылады.
Жүкті немесе жебені көтерудің электр қозғалтқышын ажырату кезінде тежеуіш электр магнитінің орамынан немесе гидро қозғағыш қозғалтқышының орамынан кернеу алынады.
154. Электр крандарында қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларының байланыстары (соңғы ажыратқыштары, люкті бұғаттағыштар, кабина есіктері, авариялық ажыратқыш пен басқа да қауіпсіздік құралдары) электр желісін бөлуге жұмыс істейді.
155. Жүк көтергіштігі шығу жолымен өзгеретін электр жетегі бар крандарда белгіленген өту жолына сәйкес жүк көтергіш көрсеткіші қарастырылады. Жүк көтергіштің көрсеткішінің шкаласы (табло) краншының жұмыс орнынан анық көрінеді.
Жүк көтергіш көрсеткіштерінің шкаласын бөлу кезінде шығу жолын өлшеу ілмектегің жүк осы шығу жолына сәйкес келетін көлденең алаңда жүргізіледі, ал шкалаға белгі салу жүкті алғаннан кейін жүргізіледі.
156. Жебелі өздігінен жүретін крандардың кабинасында және бұрылмайтын рамасында кран бұрышының көрсеткіштері орнатылады (креномерлер, дабылдар).
157. Бастиектің үстіне дейін биіктігі 15 м астам мұнаралы крандар, аралық жолы 16 м астам тіреуіш крандар порталды және кабель крандары, көпір тиегіштері кран паспортында көрсетілген желдің жылдамдығына жеткен кезде автоматты іске қосылатын аспаптармен (анемометрмен) жарақталады.
158. жебелі өздігінен жүретін (шынжыр табандыдан басқа) дайындау кезінде олар электр беру желілерінің жанында жұмыс істеген кезде қауіпті кернеуден қорғағышпен жарақталады. Аспаптың әрекеті кранның металл құрылымдары қолданыстағы ЛЭА нормаға жақын жақындаған кезде жебені көтеру және бұру тетіктерін іске қосу мүмкіндігін болдырмайды.
159. Порталды, тіреуіш және мұнаралы крандар кранға қорек беретін кабелді автоматы орауға арналған барабанмен жарақталады.
160. Жүк көтергіш машинаның электр қозғалтқыштарын басқарудың электр сызбасы:
1) жүк көтергіш машинасына қорек беретін желідегі кернеуді қалпына келтіргеннен кейін электр қозғалтқыштарының өздігінен қосылуын;
2) тиісті үдемелі сызбасыз бойынша электр қозғалтқыштарының іске қосылуын;
3) байланыстырушы сақтандыру құрылғыларының электр қозғалтқыштарының (соңғы ажыратқыштар мен бұғаттау құрылғыларының байланыстырушылары) іске қосылуын болдырмайды.
161. Сыртқы желіден жүк көтергіш машинасына кернеу беру кернеуді алу үшін қол немесе қашықтықтан басқарылатын жетегі бар ендірме құрылғы арқылы жүзеге асырылады.
162. Көпір және консолды крандардың ендірме құрылғысы (қорғау панелі) кілті бар жеке байланыстырушы құлыппен (кілт марка) жабдықталады, онсыз кранға кернеу беру мүмкін емес.
Мұнаралы крандардың ендірме құрылғысы мен басқару панелі оларды құлыпқа бекіту аспабымен жабдықталады.
163. Басты троллей жетегіне немесе иілгіш кабелге кернеу беру үшін ажырату үшін ыңғайлы орында ажыратқыш орнатылады.
Басты троллей жетегіне немесе иілгіш кранға кернеу беретін ажыратқышта оны ажыратылған күйде бекітуге арналған аспабы болады.
164. Мұнаралы крандарда орнатылған шамдар порталда орнатылған дербес ажыратқышпен қосылады.
165. Кабинадан немесе басқару пультінен басқарылатын жүк көтергіш машиналар (қашықтықтан басқарылған кезде) дыбыстық белгі беру аспабымен жарақталады, оның дыбысы қозғалыс орындарында жақсы естілетін болады және автомобиль сигналынан үні бойынша өзгеше болады.
166. Крандарды басқару кабинасы мен машина үй-жайында электрлік жарық беру болады.
Жүк көтергіш машинаның электр жабдығын ажырату кезінде электр жетегі бар жүк көтергіш машинасында жарық бергіш қосылып тұруы қажет.
Ендірме құрылғыға дейін қосылған жарық беру шынжыры мен белгі беру аспабында меншікті ажыратқышы болады.
167. Крандар кернеуі 42 В аспайтын төменгі вольтты жөндейтін жарық бергішпен жабдықталады.
Жөндейтін жарық беру желісінің қорегі кранға орнатылған трансформатордан немесе аккумулятордан жүзеге асырылады.
168. Жарық беру, басқару шынжырлары мен кернеуі 42 В астам басқа да шынжырларды қоректендіру үшін жұмыс істейтін ток өткізгіш ретінде кранның металл құрылымын пайдалануға болмайды.
169. Жүк көтергіш машинасының кабинасында орнатылатын электрлік жылу беру аспаптары өртке қатысты қауіпсіз, ал олардың ток өткізу бөліктері қоршалған болады. Электрлік жылу беру аспаптары ендірме құрылғысынан кейін электр желісіне қосылады. Жылу беру аспабының корпусы жерге қосылады.
Қолдан жасалған жылу беру аспаптарын орнатуға болмайды.
170. Жүк көтергіш машинасын басқару кабинасында электр қозғалтқыштардың іске қосу кедергілерін орнатуға болмайды.
171. Электр жетегі бар крандарда олардың металл құрылымдарын сыртқы ортадан қоректендіру кезінде электр тізбегіне кірмейтін, бірақ оқшаулағыштың зақымдануы салдарынан артық кернеуде болатын электр жабдығының металл бөліктері (электр қозғалтқыштардың, аппараттардың қабықтары, сымдар мен кабелдердің металл қабықтары, қорғағыш құбырлар мен басқа да құрылымдар) жерге қосылады.
172. Еденнен басқарылатын электрлік жүк көтергіш машинасының түймелі басқару аппаратының корпусы оқшауланған материалдан жасалады немесе кемінде екі өткізгішпен жерге қосылады. Жерге қосқыш өткізгіштердің бірі ретінде түймелі аспап ілінген арқанды пайдалануға болады.
173. Қадалық кран мен кернеулі технологиялық үрдіс жағдайлары бойынша жүк қармауыш органын жерге қосуға болмайды. Бұл жағдайда жүк көтергіш машинаның жерге қосқыш бөліктерінен кемінде үш оқшаулағыш басқышпен оқшауланады. Кранның әрбір басқышының кедергісі кемінде 10 МОм. Электр жабдығы мен электр желілерін оқшаулағыш басқыштарды қорғағыш оқшаулағышпен зақымдаған немесе жапқан кезде оларға жүктен кернеу түскен жағдайға есептелген.
174. Гидравликалық жетегі бар крандарда әрбір сорғының арынды желісінде сақтандыру клапандары орнатылады, олар жұмыс қысымынан 10 % аспайтын қысыммен реттеледі.
Сұйықтықты беру және құю үшін коммуникациялар құрылымы тетік жұмыс істеп тұрғанда немесе істемегенде сұйықтықтың ағуын болдырмайды.
Гидро жетекте қолданылатын иілгіш шлангілер механикалық зақымданудан қорғалады.
Жұмыс сұйықтығын беру жүйесі жөндеу кезінде магистралдарды айдау және жұмыс сұйықтығын ластанудан тазалау мүмкіндігін толықтай жоюға арналған құрылғыны қарастырады.
10-параграф. Басқару тетіктері мен аппараттары
175. Жүк көтергіш машинасының басқару аппараттары басқару кезінде жүк қармауыш органы мен жүгін бақылау қиындық келтірмейтіндей, ал тұтқалардың, рычагтардың және маховиктердің бағыты дұрыс болатындай және атқарушы тетіктер мен тораптардың қозғалыс бағытына сәйкес болатындай етіп орындалады және орнатылады.
Қосылатын қозғалыс бағыттарының шартты белгісі осы тетіктер мен аппараттарда көрсетіледі және оны пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы сақталады.
Рычагтардың, тұтқалардың немесе басқару маховиктерінің жекелеген күйлері белгіленеді және шартты белгісі болады.
Нөлдік күйдегі немесе «Сөндірілген» деген күйдегі бекіту үдеуі аралық күйдегі бекіту үдеуінен артық болады.
Әрбір тетікті реверстік іске қосуға арналған түймелерде реверстік контакторлардың бір мезгілде қосылуын болдырмайтын бұғаттағышы болады.
176. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын, еденнен басқарылатын қолмен басқарылатын іске қосу аппараттарында нөлдік күйге өздігінен оралуы үшін құрылғысы болады. Осы жағдайларда контакторларды пайдалану кезінде оларды іске қосылған күйде іске қосу түймесін үздіксіз басып тұрған кезде ғана ұстауға болады.
Басқару аппараттарының аспасы ұзындығы тетікті басқару тұлғасына көтерілетін жүктен қауіпсіз қашықтықта болуына мүмкіндік беретін болат арқанда жүргізіледі. Басқару аппараты еденнен 1000 бастап 1500 мм дейін биіктікте орналасады.
177. Электрлік жетегі бар жүк көтергіш машиналарында контроллерлі басқару кезінде қорғағыш панелінің контакторын егер барлық контроллерлер нөлдік күйде болса ғана, іске қосуға болады.
Жеке нөлдік қорғағышы бар магнитті контроллердің нөлдік бұғаттағышын қорғағыш панелдің контакторының (кірме құрылғы) шынжырына байланыстыруға болмайды.
Мұндай жағдайда басқару кабинасында магнитті контроллерді іске қосу немесе ажырату туралы ақпарат беретін жарық дабылы орнатылады.
178. Манипулятор крандарынан басқа жүк көтергіш машинасын басқарудың бірнеше бекеттерін орнату кезінде бір мезгілде бірнеше бекеттерден машинаны басқару мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттағышы болады.
11-параграф. Басқару кабиналары
179. Басқару кабинасы немесе басқару пульті краншы жүк тіркемесін, жүк қармауыш органын және кран жұмыс істеген аралықта жүкті бақылай латын орынға орналастырылады.
Мұнаралы, мұнаралы-жебелі жабдығы бар жебелі және порталды крандар үшін ғана ерекшелік болады.
180. Жебе түріндегі кранды басқару кабинасы шығу жолы шағын кран қалыпты жұмыс істеген кезде жүктің кабинаға соғылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылады. Кран тетігін тікелей кабинасының үстіне орналастыруға болмайды.
181. Көпір краны мен жылжымалы консолды кранның кабинасы көпір галереясының (консол) астынан орналастырылады және онымен сатымен қосылады.
Көпір түріндегі крандарда кабинаны жүк арбасының рамасына орнатуға болады. Мұндай жағдайда кабинадан көпір галереясына шығу арбаның төсемі арқылы немесе сыртқы қоршалған саты арқылы жүзеге асырылады.
182. Көпір түріндегі крандардың кабинасы басты троллей жетектері қарама-қарсы орналасатын жағынан ілінеді. Троллей жетектері кабинадан, отырғызу орнынан немесе сатыдан кенет жанасуға жеткіліксіз болғанда жол беруге болады.
183. басқару кабинасында мынадай ең қысқа өлшемдер болады: биіктігі 2000 мм, ені 900 мм, ұзындығы 1300 мм, ең кішкентай көлемі 3 м3. Алдыңғы бөлігі тік емес кабинада, краншы орындығының орталығы арқылы қимада биіктікті 1600 мм дейін қысқартуға болады. Жебелі өздігінен жүретін крандардың өлшемдері МСТ 22827 бойынша қабылданады. Кран кабинасында оның ішіне орналасқан жабдыққа еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
184. Ашық ауада жұмыс істеуге арналған жүк көтергіш машиналарының кабинасында барлық жағынан тұтас қоршауы мен краншыны қолайсыз метеорологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын тұтас жоғарғы жабыны болады. Кабинаның жарық жолдары сынбайтын (сынықсыз) шыныдан жасалады.
Көпірің қос білікті және жылжымалы консолды крандарында және үй-жайда жұмыс істейтін аспалы арбаларында еденнен бастап биіктігі кемінде 1000 мм ашық кабинаның тұтас қоршауы орнатылады.
Көпірдің қос білікті және аспалы крандарында отырып жұмыс істеуге арналған кабинаның қоршауын 7 00 мм биіктікте жасауға болады.
Кабинаны 1000 мм дейін биіктікте сынбайтын (сынықсыз) шынымен қоршау кезінде металл торлы қосымша қоршауы қарастырылады.
Үй-жайдың ішіне жұмыс істейтін крандарың ашық түрдегі кабиналарында жоғарғы жабынды орнатпауға болады.
185. Көпір және жылжымалы консолды крандардың кабиналарында кабинаның артқы қабырғасы мен заттар арасындағы қашықтығы ығысып, 400 мм кем болатын болса, кемінде 1800 мм биіктікте артқы және бүйір жағынан тұтас қоршаулары болады. Кабинаның артқы жағының қоршауы тұтас ені бойымен жүргізіледі, ал бүйір жақтарында ені артқы жанасатын қабырға жағынан кемінде 400 мм болады.
186. Кабинаны шынылау шыныны ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да тазалау мүмкіндігі болатындай етіп жасалады немесе оларды тазалауға арналған құрылғы қарастырылады.
Краншы тұра алатын төменгі шынылар оның салмағына шыдамды торлармен қорғалады.
Ашық ауада жұмыс істейтін крандардың кабиналарында күн сәулесінен қорғау қалқандары орнатылады.
187. Кабинаға кіруге арналған есік шалқасынан немесе жылжымалы түрде ашылады және ішкі жағынан тиекпен жабдықталады.
Шалқасынан ашылатын есік жебелі өздігінен жүретін крандардан басқасында, кабинаға кіру тамбуры немесе тиісті қоршауымен алаң болған жағдайда кабинаның ішіне ашылады; мұндай жағдайда кабинаның есігі сыртқа ашылады. Үй-жайдан тыс жұмыс істейтін крандарда краншы краннан кеткен кезде есікті сыртынан жабуға арналған құрылғы қарастырылады.
Едендегі люк арқылы кабинаға кіретін жолды орнатуға жол берілмейді.
188. Электр жетегі бар жүк көтергіш машиналардың кабиналарының ішіндегі еденіне сырғанауды болғызбайтын ағаштан немесе металды емес материалдардан жасалған төсем және резинадан жасалған диэлектрлік төсеніш төселуі тиіс. Еденнің ауқымы үлкен кабиналарда көлемі 500х700 мм кем емес резинадан жасалған төсеніштерді тек электр жабдықтарына қызмет көрсету орындарында ғана төсеуге жол беріледі.
189. Аппараттарды отырған күйде басқаруға және жүкке бақылау жасауға болатындай орналастырылған шүмектердің кабиналары кранда істейтін жұмысшыға арналған стационарлық отырғышпен жабдықталады. Жұмыстың қолайлығы үшін және басқару аппараттарына қызмет көрсету үшін отырғыштың биіктігі мен көлденен жазықтықтығы жөнінде жайын қалыпты күйге келтіру мүмкіндігі қарастырылады.
Конструкторлық құжаттамада қарастырылған жағдайларда кранда істейтін жұмысшының отырғышы басқару пульттерінен немесе жалпы кабина бұрылыстармен орындалады.
190. Шүмектің кабинасы оның іші тиісті температура режимі мен ауа алмасуымен қамтамасыз етілетіндей орындалып жабдықталады. Шүмек кабинасының ішіне жылыту құралын шүмекті шығарушы орнатады.
191. Шан және зиянды газдар шығаратын ыстық, химиялық немесе басқа цехтерде жұмыс істеуге арналған жүк көтергіш машиналардың кабиналарының орнатылуы мен жабдықталуының қауіпті факторлардың ықпалынан кранда істейтін жұмысшыны жобалық қорғалуына арналған құрылғылары бар.
12-параграф. Қоршаулар
192. Жүк көтергіш машинаның қозғалыстағы бөлшектерін ыңғайлы түрде тексеру мен майлауға жол беретін металдан жасалған алмалы қоршаулармен жасалады. Қоршауға міндетті түрде:
1) тісті, шынжырлы, және бұрандалы берілістер;
2) болттары мен сыналары шығып тұрған жалғау муфталары, өтпе жолдарында орналасқан басқа муфталар;
3) кранда жұмыс істейтін жұмысшының жұмыс орнының жанында немесе өтпе жерлерде орналасқан барабандар, сонымен қатар, барабандардың қоршалуы барабанға арқан орауға бақылау жүргізуге қиындық тудырмайды;
4) минутында 50 және одан да асатын айналым жылдамдығында көпірлік типті шүмектердің қозғалу механизмінің білігі (минутында 50 айналымнан төмен жылдамдықта бұл білік, галереяға шығу үшін арналған люктің орналасқан жерінде қоршалады) жатады.
Қоршауға жүк көтергіш машиналардың басқа механизмдерінің біліктері, егер қызмет көрсету персоналына шығуға арналған орындарда орналасқан жағдайда жатады.
193. Рельс жолдарымен жүретін шүмектердің жүріс доңғалақтары (темір жолды есептемегенде), және олардың тіреу қол арбалары доңғалақтардың астына бөтен заттардың түсіп кету мүмкіндігін болдыртпайтын қалқандармен жабдықталған. Қалқан мен рельс арасындағы саңылау 10 мм аспайды.
194. Жүк көтергіш машинаның электр жабдығының барлық оқшауланбаған тоқ өткізгіш бөлшектері, сонымен қатар, өшіргіштер, түйістіргіш панелдері мен кедергі жәшіктері қоршалады.
Жүк көтергіш машинаны пайдаланған кезде жабылатын, аппараттық кабиналарда орнатылатын, орналасқан жеріне шыққан кезде кернеуі автоматты түрде жойылатын түйістіргіш панелдері мен кедергі жәшіктерін қоршамауға жол беріледі.
195. Шүмек жолы бойында орналасқан бас троллейтті желілер және олардың тоқ қабылдауыштары, оларға шүмек копірінен, сатылардан, қону алаңдары мен басқа да адамдар болуы мүмкін жерлерден кездейсоқ тиіп кетуге қол жетпейді, ал бұл желілердің және тоқ қабылдауыштардың тиісті орналасуы мен қоршалуымен қамтамасыз етіледі.
196. люктың бұғаттау түйісуімен өшірілмейтін жүк көтергіш машинасында орналасқан троллейтті желілер (жүк электр магнитінің троллейлері, кернеуі 42 В аса троллей, жылжымалы кабинасы бар жүк көтергіштер) қоршалады және жүк көтергішке қызмет көрсетуші персоналы үшін қол жетпейтін алшақтықта шүмек көпірі фермаларының арасында орналастырылады. Троллейлер бар ұзындығы жағынан және шет жағынан қоршалады.
197. Жүк арқандарының ярусқа төмен орналасқан жұмыс істеп тұрған жүк көтергіштің немесе басқа жүк көтергіштің басты немесе көмекші троллейлі желілерімен жанасуы ықтимал жерлеріне қорғау құрылғылары орнатылады.
Ашық жерлерде орнатылатын көпірлік жүк көтергіштердің жүк тасуға арналған қол арбалары атмосфералық жауын-шашындардан қорғалады.
13-параграф. Галереялар, алаңдар және сатылар
198. Кабинадан тыс орналасқан электр жабдықтар мен механизмдерге қауіпсіз және ыңғайлы қызмет көрсету үшін көпірлік типті және жылжымалы консолды жүк көтергіштерде ыңғайлы шығатын жерлері бар және барлық жүк көтергіш пен электр жабдықтауларға жақын галереялар мен алаңдар қарастырылады.
199. Мұнаралы, отырғыш және порталды жүк көтергіштердің жерден жүк көтергіш пен кабинаға кіретін ыңғайлы жері бар. Көпірлік жүк көтергіштерде жүк көтергіштің қол арбасына қауіпсіз кіретін жер орнатылады.
200. Порталды крандар, оның бұрма бөліктерінің кез келген жайында, порталдың бас жағында орналасқан алаңға портал сатысынан қауіпсіз кіретін жермен қамтамасыз етіледі. Осы алаңның төсемінен бұрма бөліктерінің төменгі шығып тұрған бөлшектеріне дейінгі ұзындығы 1800 мм кем емес. Кранның бұрма бөлігіне портал жағынан кіру бұрма бөлігінің кез келген күйінде қамтамасыз етіледі.
201. Қол және машиналы жетегі бар бір аралықты көпірлік крандарда, жөндеу алаңшасы болғанда екі аралықты аспа крандарда галерея мен алаңшаларды орнату қажет болмайды.
202. Көпірлік типті және консолды жылжымалы крандарда электр жабдықтау мен механизмдерге қызмет көрсетуге арналған галереясы болған жағдайда галерея бойынша еркін өту кеңдігі кем емес болады:
1) трансмиссионды жетегі бар крандарда-500 мм;
2) трансмиссионсыз немесе қол жетегі бар крандарда-400 мм.
Троллейтті жетектерді орналастыруға арналған галереядағы сол крандардың өзінде қанаттар ментроллейлерді ұстап тұратын құрылғылар мен ток түсірілімдердің арасында өту кеңдігі 400 мм кем емес болады.
203. А 6 және одан да жоғары жіктеу тобы (тәртібі) бар тіреуіш көпірлік крандары орнатылатын ғимараттардың аралықтарында 4301/1 ИСО сәйкес аралықтың екі жағынан кран жолдары бойымен өту үшін галереялар орнатылады.
Кран жолдары бойымен өту үшін галереялар орнатылған галереялар арасында қабырға болмаған жағдайда аралық және қарама қарсы жағынан қанатармен жабдықталады. Ашық эстакадада галереяны тек сыртқы жағынан ғана қанатармен жабдықтауға жол беріледі (аралыққа қарсы тұрған жағынан).
Галереяның бойымен өту жердің кеңдігі 500 мм кем емес, ал ұзындығы-1800 мм кем емес.
Лектер орналасқан жерлерде шет жағынан немесе лектің денесінің ішінде ені 400 ммкем емес және биіктігі 1800 мм кем емес өту жолы қамтамасыз етіледі. Лектердің жанында галереяның қоршалмаған жерін қалдыруға жол берілмейді. Лектердің ішінде өту жолын орнатқанда оған 1000 мм жақындағанға дейін галереямен өту жолының кеңдігі лектің ішіндегі өту жолының кеңдігіне дейін кішірейеді.
Галереяның әр қайсысында 200 м сайын сатыға шығу жолдары бар.
204. Жөндеу алаңшалары механизмдер мен электр жабдықтауларына ыңғайлы да және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жөндеу алаңшасының еденінен кранның төменгі бөліктеріне дейінгі ара қашықтық 1800 мм кем болған жағдайда жөндеу алаңшасына кіретін есік тиекпен және жөндеу учаскесінің бас троллейтті желілерінен кернеуді түсіретін автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.
Стационарлы жөндеу алаңшалары қондырғыларының орнына жылжымалы алаңшаларды пайдалануға жол беріледі.
205. Кабинаның ішінен басқарылатын көпірлік крандар (бір арқалықтардан басқасы), бас тролейтті желілер мен тоқ қабылдауыштарға қызмет көрсету үшін, егер олар кран галереясының төсемінен төмен орнасса, кабиналармен (алаңшалармен) жабдықталады.
Бас троллейтті желілерге қызмет көрсету үшін көпірдің төсемінен кабинаға кіруге арналған люк оны тиекке жабуға арналған құрылғысы бар қақпақпен жабдықталады.
Бас троллейтті желілерге қызмет көрсетуге арналған кабина 100 мм биіктікке төменгі жағының толық тігісі бар биіктігі 1000 мм кем емес қанаттармен қоршалады.
206. Люктың жөнде алаңшасындағы галереясының төсемінде кіретін орынды орнатқанда оның көлемі 500х500 мм кем емес болы алынады; люк оңай және ыңғайлы ашылатын қақпамен жабдықталады.
Ашық күйіндегі люктың қақпасы мен төсемінің арасындағы бұрышы 75º аспайды.
207. Жер үстіндегі рельс жолдарымен қозғалатын жүк тасуға арналған электр қол арбаларының көпірлік, жылжымалы консольды кранды басқару кабинасына кіру үшін стационарлы сатысы бар отырғызу алаңшасы орналастырылады.
Отырғызу алаңшасының еденінен жабынның төменгі бөлшектеріне немесе құрылғының шығып тұрған бөлшектеріне дейінгі ара қашықтық 1800 кем емес. Отырғызу алаңшасының едені кабинаның тамбуры болған жағдайда кабина мен тамбур едендерімен бір деңгейде орналасады. Отырғызу алаңшасы мен кабина (тамбурдың) есігінің кіре берісіндегегі аралығы кранның отырғызу алаңшасының жанына тоқтағанда 60 мм кем емес және 150 мм аспайтын болады.
Отырғызу алаңшасын кабина еденінің деңгейінен төмен орналастыруға жол беріледі, бірақ отырғызу алаңшасын кабинаның еденімен бір деңгейде орналастырған, отырғызу алаңшасы ғимараттың шетінде орналасқанда және кабинаның кіре берісі мен отырғызу алаңшасы арасында белгіленген аралық сақталмаған жағдайларда (1800 мм) биіктігі бойынша габариті сақталмаса 250 мм аспайды. Отырғызу алаңшасын кран жолының соңында кабина еденінің деңгейінен төмен орналастырғанда кабина отырғызу алаңшасына түсуге жол беріледі, бірақ буферлері толық қысылғанда 400 мм аспайды. Сонымен қатар, отырғызу алаңшасымен кабинаның төменгі бөлігі арасындағы аралық (ұзындығы бойынша) 100-250 мм шегінде, кабина мен отырғызу алаңшасының қоршалуының арасында-400-450 мм, кабинаға кіретін жағынан-700-750 мм.
208. Көпір арқылы көпірлік кранды басқару кабинасына кіруге, кабинаға отыру тек құрылма немесе өндірістік себептер бойынша ғана мүмкін емес болған жағдайларда жол беріледі. Бұндай жағдайда кранға кіру орны 160-тармаққа сәйкес электр бұғаттаумен жабдықталған көпірдің қанаттарында есік арқылы, оған арнайы бөлінген жерде орналастырылады.
Магнитті крандарда басқару кабинасына көпір арқылы кіруге тек жүк тасушы электр магнитін қоректейтін троллейтті желілер қоршалған немесе жанасуға қол жетпейтін жерде орналасқанда және кранға кіру есігінің электр бұғаттаумен өшірілген жағдайлардан басқа жағдайларда жол берілмейді.
209. Галереяларды, алаңшаларды, өту жолдары мен сатыларды орнату осы талаптарды есепке алғанда жобалар бойынша орындалады.
210. Галереялардың, алаңшалардың және өту жолдардың төсемі өртке қарсы нормаларды қанағаттандырса, металдан немесе басқа да мықты материалдардан жасалады. Төсем галереяның немесе алаңшаның барлық ұзындықтың бойына төселеді. Металдан жасалған төсем аяқтың сырғанауына жол бермейтіндей болып орындалады (болатты бұдырлау, тесіктері бар қаңылтырлар және басқа пішіндер). Тесіктері бар төсемдерді қолданғанда тесік көлемдерінің біреуі 20 мм аспайды.
211. Троллейлер орналасқан немесе кіретін жерлерінің оқшаулануына қарамастан, кернеудегі оқшауланбаған желілер орындарында орнатылған галереялар, алаңшалар, өту жолдары мен сатылар троллейлерге немесе желілерге кездейсоқ тиіп кетуді болдырмайтын қоршаумен жабдықталады.
212. Жүк көтергіш машиналарында орналасқан алаңшалар мен жүк көтергіш машиналарға қызмет көрсетуге арналған галереялар, көпірлік типті крандардың соңғы аралықтары 100 мм кем емес және 500 мм биіктіктегі аралық байланысы мен төменгі жағын толық қоршау қондырғысы бар биіктігі 1000 мм қанаттармен қоршалады. Төменгі жағына қанаттар мен қоршаулар көпірлік типті крандардың қол арбаларының шет жақтарына орналастырылады, ал галерея болмаған жағдайда кранның көпірі бойына және қол арбаның бойлық жағынан орналастырылады.
Көпірлік немесе жылжымалы консолды кранның қол арбасында, осындай крандардың соңғы арқалығында қанаттардың биіктігін егер, ғимараттың габариттері биіктігі 1000 мм қанаттарды орнатуға мүмкіндік бермесе, 800 мм дейін төмендетуге жол беріледі.
Төсемінен 1000 мм асатын биіктікте орналасқан қанаттар немесе отырғызу алаңшасының бекіту құрылмалары бекітілетін отырғызу алаңшасындағы тіреуіштер кабинадан 400 мм кем жерге қалуда.
213. Еденнен алаңшалар мен галереяларға қол жеткізу үшін сатылардың кеңдігі 600 мм кем емес. Кранның өзінде орналасқан сатылардың ені биіктігі 1500 мм аспағанды есептемегенде 500 мм кем емес. Кранда орналасқан биіктігі 1500 мм кем сатылар, кабинадан көпірлік типті немесе жылжымалы консолды кранның галереясына шығуға арналған сатыларды енің 350 мм кем емес жасап орындауға жол беріледі.
214. Баспалдақтардың арасындағы алшақтық сатылы сатылар үшін- 300 мм, көлбеу сатылары үшін-250 мм және мұнаралы крандардың көлбеу сатылары үшін-200 мм. Баспалдақтың қадамы сатының бар ұзындығы бойынша сақталады. Тік сатылардың баспалдақтары кранның металдан жасалған құрылымдардан 150 мм кем емес алшақтыққа қалуда.
215. Кран жолдары бойымен өту үшін еденнен отырғызу, жөндеу алаңшалары мен галереяларына қол жеткізуге арналған сатылары, қозғалыстағы кран мен оның кабинасы сатылардағы адамдарды қысып қалу мүмкіндігін болдырмайтындай болып орнатылады.
Отырғызу алаңшалары көлбеу бұрышы көкжиекке қарай 60º аспайтын көлбеулермен орындалады.
216. Көлбеу сатылары екі жағынан биіктігі баспалдақтарға қатысты 1000 мм кем емес және сырғанау ықтималын болдыртпайтын ені 150 мм кем емес жалпақ металл сатылары бар қанаттармен жабдықталады.
217. Сатының негіздерінен 2500 мм биіктіктен бастап тік сатыларда доға түріндегі қоршаулар орнатылады. Доғалар бір-бірінен 800 мм аспайтын алшақтықта орналасады және өздерінің арасында үштен кем емес бойлық жолақтармен қосылады, сатыдан доғаға дейінгі алшақтық 700 мм кем емес және 350-400 мм радиосында 800 мм асады.
Егер саты қимасы 900х900 мм аспайтын тор бағандарының немесе диаметрі 1000 мм аспайтын түтік мұнараның ішінен өтсе, доғалар түріндегі қоршау қажет етілмейді. Люктарды үстіне тік сатыларды орнатуға жол берілмейді.
Сатылар 10 м биіктіктен асқанда әр 6-8 м сайын алаңшалар орналастырылады. Түтік мұнараның ішіне сатыларды орналастырғанда бұндай алаңшаларды орнатуға жол берілмейді.
14-параграф. Жүк көтергіш машиналарды орнату
218. Ашық алаңдарда, порталдарда және басқа да тұрақты пайдалану орындарында мұнаралы, порталды және кабельді крандар ғимараттарында көпірлік тәрізді крандарды орнату жоба бойынша жүргізіледі.
219. Жүк көтергіш машиналар жүкті көтергенде, жүк арқандарының қисайған күйінде оны алдын ала тарту қажеттілігін алып тастауға және жол бойы кездесетін жабдықтардан, жүк қатарларынан, жылжымалы составтың борттарынан 500 мм кем емес жоғарырақ көтерілген жүктерді ауыстырып тұру мүмкіндігі болатындай болып орнатылады.
Еденнен немесе радио бойынша басқарылатын крандарды орнатқанда кранды басқаратын жұмысшыға арналған еркін өті жолы қарастырылады. Жүк электр магниті жүкті тартып алатын орган болып табылатын жүк көтергіш машиналарды өндірістік немесе басқа да үй жайларында орнатуға рұқсат берілмейді.
220. Люк арқылы қабысуларға жүктерді көтеруге және түсіруге арналған өндірістік үй жайлардың үстінен крандарды, жүк қол арбаларын және жылжымалы тальдарды орнатуға тек бір үй жайды екінші үй жайдың үстіне орналастырғанда ғана рұқсат беріледі.
Қабысулардағы люктің биіктігі 1000 мм кем емес тұрақты қоршауы, астынғы жағы 100 мм биіктікке тігілген, жарық беру сигнализация құрылғысы (жарық жазуы) бар, ол жүктің люк үстінде тұрғаны, сондай-ақ жүктің түсірілуі туралы ескертетіндей, ауыстырылатын жүктің астында адамдардың болуына жол берілмейтін жазуы бар.
Стационарлық тальдардың немесе қабысудағы люк арқылы жүктерді көтеруге арналған шығырлардың өндірістік үй жайларының үстіне құрылғы орнатуға жол берілмейді.
221. Жер үстіндегі рельс жолдарымен қозғалатын жүк көтергіш машиналарды орнату келесі талаптар сақталғанда жүргізіледі:
1) жүк көтергіш машинаның жоғарғы нүктесінен ғимараттың төбесіне дейінгі, оларға бекітілген шатыр тіреуіш фермалардың немесе заттардың төменгі белдеуінен басқа бір ярусқа жоғары жүк көтергіш машиналардың төменгі нүктелеріне дейін алшақтығы 100 мм кем емес;
2) тіреуіш кранның алаңшалары мен галереялардың төсемдерінен соңғы арқалықтар мен қол арбалардың төсемдерін есепке алмағанда, толық жабындыларға немесе шатырдың тігіндісіне дейін, оларға бекітілген шатыр тіреуіш фермалардың немесе заттардың төменгі белдеуіне дейін, бір ярусқа жоғары жұмыс істеп жатқан кранның төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық 1800 мм кем емес;
3) кранның шетінің шығып тұрған бөлшектерінен ғимараттың бағандары мен қабырғаларына, өту галереяларының перилаларына дейінгі қашықтық 100 мм кем емес;
4) жүк көтергіш машинаның төменгі габаритті нүктесінен (жүкті тартып алатын органды есептемегенде), кран жұмыс істеп тұрған уақытта онда адамдардың болуы мүмкін цехтердің немесе алаңшалардың едендеріне дейінгі қашықтық (кранды жөндеуге арналған алаңшаларды есептемегенде) 2000 мм кем емес. Жүк көтергіш машинаның кабинасының төменгі габаритті нүктесі мен цехтың еденінің арасындағы қашықтық 2000 мм кем емес немесе (жобамен дәлелденген жағдайларда) 500-1000 мм дейінгі шектерде;
5) жүк көтергіш машинаның төменгі шығып тұрған бөлшектерінен (жүкті тартып алатын органды есептемегенде) оның жанында орналасқан жабдыққа дейінгі қашықтық 400 мм кем емес (жарықта);
6) басқару кабинасы мен ғимараттардың, бағандардың, қосалқы үй жайлары шатырларының және соларға қатысты кабина ауыстырылатын басқа да заттардың шығып тұрған бөлшектерінің қабырға, жабдықтау, құбыржолдарға дейін троллейлерге қызмет көрсетуге арналған кабиналардың қашықтығы 400 мм кем емес.
222. Жер үстіндегі рельс жолдарымен қозғалатын кранның шығып тұрған бөлшектері мен жерден немесе жұмыс алаңшалары деңгейінен 2000 мм дейінгі биіктікте орналасқан, құрылыстармен, жүк штабельдерінің және басқа да заттардың арасындағы көлденен қашықтық 700 мм кем емес, ал 2000 мм асатын биіктікте-400 мм кем емес. Қарсы салмақтың консолынан тігінен немесе мұнаралы кран консолының астында орналасқан қарсы салмақтан адамдар жиналуы мүмкін алаңшаларға дейінгі қашықтық 2000 мм кем емес.
223. Жүк көтергіш машинасын кранда істейтін жұмысшымен (оператормен) басқарылмағанда крандарды, автоматты және жартылай автоматты басқаруы бар аспа электр қол арбалары мен тальдарын орналастыру ғимараттардың, жабдықтаудың, жүк штабельдерін және басқа да заттардың элементтерін жүкпен тиіп кету мүмкіндігін жояды. Осындай машинаның жүру жолында; жүретін жол үстінде адамдар болмау керек; жүретін жол мен өту жерлерінде құлап жатқан жүкті ұстай алатын адамдарға арналған қорғайтын жабындылар (торлар және басқа да қорғау) орнатылады.
224. Құрылыс-монтажды жұмыстарын орындауға арналған крандарды орнату крандармен жұмыс істеуді ұйымдастыру жобасына сәйкес жүргізіледі.
Жобасыз жүк көтергіш машиналарды орнатуға жол берілмейді.
225. Электр өткізу қорғалатын әуе желілері аймағында рельс жолдарымен қозғалатын крандарды орнату желілердің иесімен келісіледі. Құрылыс-монтажды жұмыстарын орындау үшін осындай құрылғыға рұқсат беру жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен бірге сақталады.
226. Жебелі өзі жүретін кранды орнату топырақтың категориясы мен сипатын ескере отырып, жоспарланған және дайындалған алаңшада жүргізіледі. Жаңа себілген, басылмаған топырақтың, олардың паспортында белгіленген еңісі асқан алаңша үстінде жұмыс істеуге арналған крандарды орнатуға жол берілмейді.
227. Жебелі өзі жүретін кранды орнату, жұмыс істегенде кранның кез келген күйінде бұрылу бөлшегі мен құрылыстар, қатар-қатар үйілген жүктердің және басқа заттардың арасында қашықтық 1000 мм кем болмайтындай болып жүргізілуі тиіс.
228. Жебелі өзі жүретін немесе темір жол кранын шығарылмалы тіреулерге орнату қажет болғанда, ол барлық кранда бар тіреулерге орнатылады. Тіреулердің астына инвентарлы төсемін төселеді.
229. Котлаванның (ордың) баурайының шетіне жебелі өзі жүретін кранды орнатуға 6-кестеде белгіленген қашықтықтарды сақтаған жағдайда ғана жол беріледі. Осы қашықтықтарды сақтауға мүмкіндік болмағанда, баурай жобаға сәйкес бекітіледі.
6-кесте
Котлаванның (ордың) баурайы негізінен үйілген топырақта кранның ең жақын тіреулерге дейінгі қашықтық (мм) ең кем.
котлован (ордың) тереңдігі, м |
топырақ |
||||
құмды, қиыршық тас |
құмайт |
сазды |
саз балшықты |
орманды құрғақ |
|
1 |
1,5 |
1,25 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
2 |
3,0 |
2,4 |
2,0 |
1,5 |
2,0 |
3 |
4,0 |
3,6 |
3,25 |
1,75 |
2,5 |
4 |
5,0 |
4,4 |
4,0 |
3,0 |
3,0 |
5 |
6,0 |
5,3 |
4,75 |
3,5 |
3,5 |
15-параграф. Кран жолы
230. Жүк көтергіш машинаның (темір жол крандарын қоспағанда) рельс кран жолын орнату жоба бойынша жүргізіледі.
Рельс кран жолын жобасыз орнатуға жол берілмейді.
Пайдаланудағы кран жолына кранды орнатқанда соңғысы белгіленген нормаларға сәйкес сондай салмаққа жол берілетінің есеппен тексеріледі.
Темір жол кранының рельс жолы темір жолдарының жалпы міндеттеріне арналған талаптарына сәйкес орналастырылады және ұсталады.
231. Рельс кран жолының жобасында келесі мәліметтер бар:
1) рельстің түрлері;
2) түрі, қимасы мен шпалдарының ұзындығы;
3) шпалдарының арасындағы қашықтық;
4) рельстерді бір-бірімен және шпалдарға бекіту әдісі;
5) рельстер мен шпалдардың арасындағы төсемдердің болуы, төсемдердің құрылысы және оларды орнату әдісі;
6) рельстердің арасындағы саңылау;
7) материал және балласт қабаттарының көлемі;
8) жолдың қисық сызықты жерлерінде қисық сызықтың шекті радиусі ең кем;
9) жалпы бойлы еңістің, доңғалақтар астының серпімді отыруының ең төменгі шекті үлкендігі және жолдың кеңдігі мен рельс бүркеншіктері деңгейлерінің айырымына;
10) тұйық тіректердің құрылысы;
11) рельс жолын жерге қосу құрылғысы.
232. Кран жолдары (мұнаралы және темір жол крандарын қоспағанда) және көрсеткіш оғымен немесе бұрылма шеңберлерімен жабдықталған жүк таситын аспалы қол арбаларының жолдары, жүк көтергіш машинаның немесе оның қол арбасын бір жолдан екінші жолға қозғалуына арналған өту жолдары келесі талаптарды қанағаттандырады:
1) жүк көтергіш машинаның немесе оның арбасын бір жолдан екінші жолға өту орындарында оның бір қалыпты қозғалуы қамтамасыз етіледі;
2) кран жолының екі қабысқан рельстерінің, кран жолы рельсінің көрсеткіш оғының рельсімен немесе бұрылма шеңберінің жолымен тіркелуінің ағытылуын болдырмау үшін құлыпқа жабылмағанда жүк көтергіш машинаның немесе оның қол арбасының қозғалуын қоспағанда электр бұғаттауы бар қабысқан рельстерді жабатын құлыптар орнатылады; қол жетегі бар механизмдер үшін электр бұғаттауды механикалық бұғаттауға ауыстыруға жол беріледі;
3) жолдың ажыратылатын жерлері, көрсеткіш оқтардың және бұрылма шеңберлерінің рельстері жүк көтергіш машиналардың немесе оның қол арбасын рельс жолынан түсуін болдыртпайтын, автоматты әрекет ететін қақпалармен жабдықталады;
4) көрсеткіш оқты немесе бұрылма шеңберін ауыстыру жүк машинасын басқару кабинасынан немесе еденінен басқарылатын механизм арқылы жүргізіледі;
5) жүк көтергіш машинаның троллейтті желілер мен көрсеткіш оқтарды басқару механизмдеріне және бұғаттау қондырғыларының электр аппараттарына кернеу бір сөндіргіш арқылы жеткізіледі.
233. Тіркеу крандарының кран рельстері мен жүк көтергіш қол арбаларының рельстері олардың жүк көтергіш машиналардың қозғалуы мен жұмыс істегенде бүйірлік және бойлық ығысуын болдырмайтындай қылып бекітіледі. Рельстерді дәнекерлеу арқылы бекіткенде олардың жылу деформаиясының мүмкіндігін жоққа шығарады.
234. Авто машиналар мен авто тиеуіштердің тұрақты және мұнаралы кран жолдары арқылы өтуіне ерекше жағдайларда ғана жол беріледі, оларды айналып өту мүмкіндігі болмағанда.
235. Тұрақты, мұнаралы және порталды крандардың зауыт көлігінің рельс жолдары мен қиылысуына жобамен, қозғалмалы құрамы бар, жұмыс істеп тұрған крандардың соғылуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленген дәлелді жағдайларда жол беріледі.
236. Сораптың көлеміне, рельс жолының тік бұрыштығы мен шектілігіне рұқсаттар, кран доңғалақтарының астында рельс жіптерінің серпімді отыруының жол берлетін үлкендігі жобалық құжаттамада келтірілген.
Жобалық құжаттамада мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың үлкендіктерін 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
237. Рельс жолдарының жобасында жұмыс істемей тұрған кранның тұрағына арналған жер белгіленеді.
238. Үстіне кейінгі рельс жолдарын орнатуды есептемегенде, бұрынырақ салынған жер асты коммуникациялары болғанда, осы коммуникациялардың бұзылу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен есеп жүргізіледі және қажет болған жағдайда олардың ара жабын жобасы әзірленеді.
239. Рельс жолының пайдалануға дайындығы жолды қабылдау-тапсыру актісімен дәлелденеді (6-қосымшаға сәйкес үлгі), оған рельс жолдарының көлденен және бойлық кескіндерін нивелирлеудің нәтижелері, сорап көлемінің тексерістері қоса беріледі.
240. Рельс жолы жағдайын тексеру және оның отыру кедергісін өлшеу жобаның нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
5-тарау. Кабелді типті крандар
241. Кабелді типті (тасымалдаушы арқандары бар) крандарға осы бөлімді есепке алғанда, 1-4 және 7-бөлімдерде баяндалған талаптар қолданылады.
242. Барлық негізгі және қосымша жүкемелерді (инерция, жел жүктемелерінің күштерін, қар салмағын, тіреуіштердің бірінен болған сым алшығының күштерін) есепке алумен кез келген бағытта жылжымалы шайқалмайтын крандар тіреуіштерінің орнықтылық коэффициенті олардың барынша жайсыз үйлесімінде 1,3-тен кем емес көрсеткішті құрайды.
Тасымалдаушы арқанға перпендикулярлы жазықтықтағы жанасатын тіреуіштердің орнықтылық коэффициенті 1,3-тен кем емес көрсеткішті құрайды.
243. Егер тіреуіштердің бірінің екіншісіне қатысты жобамен белгіленген көрсеткіштен, краншы кабинасында белгіленген үлкендік нұсқаушысындағы көрсеткіштен асып кеткен жағдайда кран жылжыту механизмдерін автоматты түрде тоқтататын құрылғымен жабдықталады.
244. Кран 25 %-дан аспайтын жүк көтергіштен асып кеткен жағдайда іске қосылатын жүк көтергіш шектегішімен жабдықталады. Жүк көтергіш шектегіші іске қосылғаннан кейін тек жүкті түсіруге ғана жол беріледі.
245. Жылжымалы тіреуіштері бар кран жел жылдамдығы паспортта көрсетілген көрсеткіштен асып түскен жағдайда дыбыстық дабыл беретін немометрмен жабдықталады.
246. Жылжымалы кран бір орында жұмыс істеген кезде қолмен жұмыс істейтін қармаумен бекітіледі. Жұмыс істеген кезде жиі жылжытуды қажет ететін крандар жұмыс аяқталған уақытта қармаулармен бекітумен қармауларды орнатпауға жол беріледі.
247. Краншы кабинасында ауқымның биіктігі мен бойы бойынша жүк қармауыш орган ережелерінің нұсқамалары сондай-ақ грейфердің ашық және жабық ережелерінің нұсқамалары орнатылады.
Бұл нұсқамалар біртіндеп жиналатын бұзылуларды алуға арналған шкаланы реттеуге мүмкіндік береді.
248. Көтергіш механизмі, грейферлік крандардың грейфер тұйықталу механизмі оларды автоматты түрде тоқтататын құрылғыларға (шеткі сөндіргіштерге) ие:
1) жүк қармағыш органның буферлер мен жүк арбасы арасындағы арақашықтық 1 метрге жетіп көтерілгенде;
2) барабанда үш орамнан астам арқан оралып іске қосылғанда.
249. Жүк арбасын жылжытудың механизмі оны тіреу алаңшасынан немесе көп деңгейлі арбадан 5 метрден астам арақашықтықта автоматты түрде тоқтататын құрылғымен (шеткі сөндіргішпен) жабдықталады. Жүк арбасының тіреуіш алаңшаларына немесе көп деңгейлі арбаға төмен жылдамдықпен жылжытуға жол беріледі.
250. Жүк арбасы келе жатқан арқаннан (арқандардан) жүру доңғалақтары сынғанда немесе орнынан шыққанда оның жерге құлауын болдырмауға ыңғайластырып орнатылады.
251. Жүк арбасы төменнен және жүк қармаушы орган (ілгек асрпасы мен грейфер блоктары) жоғарыдан ағаш немесе басқа да серпімді буферлерге ие, олар жүк қармағыш органды арбаның жабдығына сүйенуге мүмкіндік береді.
252. Жүк арбасын қозғалту механизмі 1,25-тен кем емес тежегіш қорының коэффициентін есепке алумен тежегіш садағы тін қамтамасыз етеді.
254. Жылжыту механизмінің арқан алып жүретін елгезері бар жүк арбасы үшін елгезер диаметрі арқанның 60 диаметрінен астам көрсеткішті құрайды. Арқан жылжытушы елгезері бар арқанның ілініс коэффициенті статикалық жүктемеге 1,5-тен кем емес, динамикалық жүктемесі 1,25-тен кем емес есебімен болады.
255. Кранның жүк арбасымен жүруге тек жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметшілерге ғана рұқсат беріледі. Жұмыс рұқсат-наряды бойынша жүргізіледі.
256. Крандардың машинаға арналған орынжай келесі талаптарға сәйкес болады:
1) орынжайдың биіктігі кранның негізгі жабдығының үстіне қажетті көтергіш құралдарын (крандарды, тальдарды) орналастырудың есебімен белгіленеді;
2) орынжайлардың қабырғаларынан жүк шығырларға дейінгі және жүк шығырлардың арасындағы ара қашықтық 800 мм кем емес; көпірлік кабельді крандар үшін қызмет көрсетуді талап ететін, жүк шығырлардың бөлшектеріне қауіпсіз жақындауды қамтамасыз ететін жағдайда орынжай қабырғалары мен жүк шығырларының арасындағы қашықтықты 200 мм дейін кішірейтуге жол беріледі;
3) орынжайдың есіктерінің көлемдері жабдықтаудың аса ірі бөлшектенбейтін элементтерінің қозғалуына мүмкіндік береді, есіктердің биіктігі 1800 мм кем емес.
257. Машина орынжайы, кранда жұмыс істейтін адамның кабинасы және кран мұнараларының бастиектері барлық пункттермен бір уақытта сөйлесуге мүмкіндік беретін телефон байланысымен жабдықталады.
258. Кранның машина орынжайында, басқару кабинасында және тіреулерде кранның жүк көтергіштігі, тіркеу нөмірі және келесі сынау жүргізу күні белгіленген маңдайшалар ілінеді.
259. Тасымалдаушы арқандар мен төстіктерді тексеру үшін кранның аралығында жүк қол арбалары алаңшалармен жабдықталады.
Екі аралық, ұзына бойлы байланыстарымен (шыбықтармен) және төменгі жағында биіктігі 100 мм тұтас тігісі бар, қанаттарының биіктігі 600 мм, ені 750 мм кем емес алаңшалар. Алаңшаға кіретін орындардың оны еркін ашуға жол бермейтін, тиегі бар мықты қоршаулары бар.
260. Кран тіреуіштеріне арқандарды тартуға, жабдыққа қызмет көрсетуге және жүк арбасына кіруге арналған алаңшалар орнатылады. Алаңшалардың ені 1000 мм, ал олардың қоршаулары осы Талаптарға сай.
261. Теңселетін тіреуіштері бар крандар теңселіп тұратын мұнараның қарсы салмағын отырғызу үшін алаңшалармен және монтаждық блоктармен жабдықталады. Алаңшалар қарсы келе жатқан арқандар алынған кезде тіреуіш салмағынан болатын жүктемеге арналып жасалған.
262. Қарсы келе жатқан арқандар жабық конструкциялы және бір кесектен жасалған. Монтаждық жұмыстарға арналған ілмек крандарда қарсы келе жатқан арқан ретінде ортасы металдан жасалған көп өрімді арқандар қолдануға болады.
263. Көтеретін және тартатын арқандар үшін ортасы талшықты материалдан жасалған екі еселеніп есілген арқандар қолданылсын.
Көтеретін арқандар үшін крест тәріздес есілген арқандар қолданылсын. Егер арқанның оралуы немесе полиспаст талшықтарының өрімі болмаса, бір жақты өрілген арқандар қолдануға болады.
Жүк арбасын жылжытудың тартатын арқандары, ұстаулар мен тіреулер үшін бір жақты есілген арқандар қолданылады.
264. Тіреулердегі қарсы келе жатқан арқандарды бекітуге арналған құрылғы топсалы, ол тартатын арқандарды реттеуге мүмкіндік береді. Бірнеше қарсы келе жатқан арқандарды қолдану кезінде арқандардың біркелкі тартылуы қамтамасыз етіледі.
265. Қарсы келе жатқан арқан өздігінен тежеуші сыналармен немесе балқытылған металдан жасалған өріммен жалғастырғышта бекітіледі.
Ауыстыратын аралықтары бар крандарда қарсы келе жатқан арқандарды қысқыштармен бекітуге жол беріледі; осы жағдайда жалпы арқанның үзіліс күш салуына тең күш жұмсауға шақталып есептеледі.
266. Жүк, тартатын, грейферлі (ұстайтын және түйісетін) арқандарға арналған бағытталатын блоктар мен барабанның диаметрі мына формула бойынша анықталады:
D>h x d
D-арқанның орташа сызығы бойынша өлшенетін барабанның, блоктың диаметрі, мм;
h-арқан диаметрі, мм;
d-7-кесте бойынша анықталатын барабанның, блоктың диаметрі.
7-кесте
Zp және һ минималды коэффициенттері
Арқанның арналуы |
h |
Zp |
Тасымалдаушы |
-- |
3,0 |
Көтергіш: ілгіш монтаждық
ілгіш асқын жүктеу
грейферді асқын жүктеу* |
30 40 50 30 40 50 30 40 50 |
5,0 4,5 4,0 5,5 5,0 4,5 6,0 5,5 5,0 |
Тартатын: Жүк көтергіш қол арбасының қозғалуы Жетек төстіктерінің қозғалуы Кранның қозғалуы (тіреулер) |
30 30 30 |
4,0 4,0 4,0 |
Жұмыстан тыс жайда желдің әсерінен кранды (тіреулерді) ұшып кетуден сақтау |
30 |
2,5 |
Тасымалдаушы арқандарды зәкірлендірудің полиспасттарына арналған Жұдырықты төстіктердің іліп қоюға арналған Мачталар мен тіреулерді тартуға арналған Электр кабельдерді іліп қою үшін Монтаждық: Қолды жетекте Машиналы жетекте |
30
30 30 30
12 20 |
6,0
3,0 3,0 3,0
4,0 4,0 |
Грейфердің массасы материалмен барлық арқандарға тегіс таралуы қабылданады.
267. Көтергіш, таратын арқандар, төстік арқандары және электр кабельдерді іліп қоюға арналған арқандар. Жеке жағдайларда арқандардың құрастыруға жол беріледі. Ұластырылған жерлердің ұзындығы арқанның диаметрінен 1000 кем емес мөлшерді құрайды.
268. Жабық құрылғының тасымалдаушы арқандарын, екі есе есілген қанаттарды 4-қосымшада көрсетілген белгілерге сәйкес ақаулайды.
Сыртқы қабатының екі ығысқан сым қатар үзілген жағдайда тасымалдаушы арқандар ауыстыруға жатады.
Тіреуі шайқалып тұрған кран жұмыс істеуін тоқтатқанда тасымалдаушы арқандардың тозғандығынан соңғысы монтаждық іргетасқа орнатылады.
269. Кранның статистикалық сынауы оның жүк көтергіштігін 25 % асыратын жүктемемен жүргізіледі. Сонымен қатар, жүк көтергіш қол арба аралықтың ортасына орнатылады, жүк 200-300 мм биіктікке көтеріледі және осындай күйде 30 минут сақталады. Содан кейін муфталарда тасымалдаушы арқандардың бекітілімдерінің және кранның жалпы жағдайының тексерісі жүргізіледі.
270. Кранның динамикалық сынауын жүргізгенде:
1) әр түрлі биіктіктерде тоқтап, жүкті қайтадан көтеру және түсіру;
2) аралықтың әр түрлі нүктелерінде тоқтап, жүгі бар жүк көтергіш қол арбасының қайтадан қозғалуы;
3) түрлі үлкендіктерге, түрлі бағыттарда кранның қайтадан қозғалуы;
4) жүк көтергіш қол арбаның бір мезгілде қозғалуымен жүкті қайтадан көтеру немесе түсіру.
271. Аумақты уәкілетті органдарда кранды тіркегенде оның паспортына, 302-тармақшада белгіленген құжаттардан басқа келесілер қоса беріледі:
1) металл құрылғыларын қабылдау актісі (шығарушы ұйымда және монтаждық алаңшада);
2) металл құрылғыларын сынау актісі, егер осындай сынау жобамен қарастырылғанда;
3) кран жолдарының жобасы;
4) инструменталды түрде тексерілген белгілері бар іргетастар мен кран жолдарын қабылдау актісі;
5) муфталардағы арқандарды бекіту актісі;
6) тасымалдаушы арқандардың отыруын өлшеу актісі;
7) тіреулерді созып ұзартуларындағы тартуды өлшеу актісі;
8) шайқалып тұрған тіреулердің жайларын тексеру актісі.
Тасымалдаушы арқандардың отыруы аса көп жұмыс жүгі бар қол арба аралықтың ортасына орналасқанда өлшенеді. Отырудың шынайы үлкендігі жобалықтан белгіленген рұқсатты асыратын үлкендікке өзгеше. Шайқалып тұрған тіреулердің жайының жобалыққа сәйкестілігінің тексерісі бос қол арбасы шайқайтын, берік тіреулердің жанында орналасқанда жүргізіледі.
Кран жолдарын тексергенде, көлбеу кран жолдары үшін көлбеудің бұрышын, жолдардың тік сызықтығы мен көлдегенінен, бір тіреудің жолдарының арасындағы және қарама қарсы тіреу жолдарының арасындағы қашықтықты өлшейді.
Кран жолдарын, муфталардағы арқандардың бекітілгенің тексергенде және тіреулерді созып ұзартулардағы тартуды өлшеу, тасымалдаушы арқандардың отыруын және пайдалану үрдісінде шайқалып тұратын тіреулердің жайларының жобаға сәйкестілікке тексеріс кабельді кранның әр техникалық куәландыруда жүргізіледі.
6-тарау. Адамдарды көтеруге арналған
