- •5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
- •Мазмұны
- •Ақпарат жайлы жалпы ұғым.
- •2.Теориялық бөлімі Ақпаратты кодылау - ақпаратты цифрлы түрде көрсету процесі ретінде.
- •2.1 Хемминг кодтары
- •2.2 Бөгеуілсіз арна үшін Шеннонның кодылау туралы негізгі теоремасы.
- •2.3 Символдардың корреляцияланбаған тізбегінің эфективті кодылау әдістері (Шеннон-Фано және Хаффмен әдістемелері). Эффективті кодтардың префикстілік талабы.
- •3.Қарапайым (бөгеуіл орнықтылықсыз) кодтар.
- •3.1 Бөгеуілге тұрақты кодтау
- •3.2 Байланыс арнасындағы бөгеуілдер мен бұрмаланулар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.Қарапайым (бөгеуіл орнықтылықсыз) кодтар.
Бөгеуілге орнықтылық (Помехоустойчивость) — қандай да болмасын электрондық схеманың сыртқы немесе ішкі бөгеуіл жасайтын өсерлерге қарамай, орнықты жұмыс істеуі. Хабарларды тарату кезіндегі бөгеуілге орнықтылық бір-бірімен байланысқан көп нөрселердің әрекеттерімен анықталады. Оларға кіретіндер: хабар мәліметтерінің жеткіліктігі; кодалау әдістері, тасушы сигнал қасиеті, модуляциялау түрі, арналардағы бөгеуілдер өтетін және қабылданатын сигналдар уақытының бұзылуы, сигналдарды модуляциядан немесе кодадан шығару әдістері, тағы басқалар. Осылардың бәрін ескеріп, мәселені бірден шешу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан бөгеуілге орнықтылықты анықтау мәселесін біртіндеп кезекпен шешуге болады.
Бөгеуілге орнықгылық теориясының кеңірек қаральш шешілген түрі — хабардың, сигналдың алғашқы түрі және арнамен таратылып берілу жағдайы белгілі сигнадды ең қолайлы, ең үйлесімді түрде қабылдау теориясы. Хабар көзінің қасиеті, сипаттары белгілі, кодалау мен модуляңиялау өдістері берілген және байланыс арнасының математикалық үлгісі де берілген деп алып, оны қабылдаудағы ең қолайлы әрі сапалы модуляциядан шығаруды анықтау мәселесін ең бірінші рет 1946 жылы көрнекті ғалым В.А. Котельников қойған. Осылай қойылған мәселе сапалық символдық дұрыс қабылдану ықтималдығымен бағаланған.
Берілген модуляциядан шығару түріндегі осы ықтималдықтың ең жоғарғы шегін В.А. Котельников бөгеуілге орнықтылық потенциалы немесе бөгеуілге орнықтылықтың ең жоғаргы мүмкіндік иіегі деп атаған.
Кез келген қарапайым кодтардың сипаттамалары бар:
бөгеуілге орнықтылық - жүйенің хабарлама таратуға бөгеуілдердің әсер етуіне қарсы тұра алатын қасиеті; тарату сапасы жүйенің бөгеуілге орнықтылық дәрежесіне байланысты болады. Тарату сапасының сандық өлшемі сигнал/бөгеуіл қатынасына байланысты. Аналогты жүйелерде модуляцияланатын параметрдің бұрмалануы кішкентай ғана бөгет жасайтын әсер болса, ол хабарлмаға қателік енгізеді. Сондықтан мұндай сигналдың қабылдауда толығымен қайта қалпына келтірілуі мүмкін емес. Дискретті жүйелерде хабарлама тарату кезінде қателік тек егер сигнал дұрыс анықталмағанда ғана пайда болады, ал бұл кейбір шектен асатын бұрмаланулар кезінде болады;
ақпаратты тарату жылдамдығы - бұл байланыс жүйесінің сандық бағасы. Жылдамдық уақыт бірлігіндегі таратылатын екілік символдар санымен өлшенеді. Екілік емес, m-дік символдар қолданған кезде, символдың тасымалдай алатын ақпарат саны log2m,битті құрайды.
Таратудың максималды жылдамдығы Rmax байланыс жүйесінің өткізгіштік қасиеті деп аталады. Аналогты хабарламаларды тарату жүйесінің өткізгіштік қасиетін бір уақытта таратылатын телефон арқылы сөйлесулер санымен бағаланады;
Кідіріс - бұл хабарламаны жіберушіден таратқыш құрылғыға беру моменті мен қалпына келтірілген хабарламаны қабылдағыш құрылғымен беру моменті арасындағы максималды уақыт. Кідіріс байланыс жүйесінің бірден бір маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол арнаның сипаты мен бойлығына, таратушы мен қабылдағыш құрылғыларындағы сигналды қайта өңдеу ұзақтылығына байланысты.
