Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жумыс6.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.1 Кб
Скачать

2.1 Хемминг кодтары

Хемминг кодтары (Hamming codes) - бұл келесідей құрылымы болатын блокты кодтардың қарапайым класы:

, (1)

мұндағы m= 2,3,.. Осы кодтардың минималды қашықтығы 3, сондықтан олар барлық бірбитті қателерді түзете алады немесе блоктағы барлық екі не одан аз қателер комбинациясын таба алады. Хемминг кодтарына синдромдар көмегімен декодалау оңай жүзеге асады.Фактілі түрде синдромды қатенің орналасуының екілік көрсеткішіне айналдыруға болады. Бірақ Хемминг кодтары қатты қуатты болып табылмайды, олар блокты кодтардың өте шектелген класына жатады. Циклдік кодтар. Сызықты блокты кодтардың маңызды класстар ішіндегіболып екілік циклдік кодтар табылады (cyclic codes). Сызықты код (n, к) циклдік деп аталады, егер ол келесі қасиетке ие болса. Егер n-кортеж U= (u0, u1, и2, …, un-1) S кеңістік ішіндегі кодтық сөз болса, онда U(1)=(un-1, u0, u1, и2,..., un-1), циклдық ығысудың көмегі арқылы U-дан алынған S-да да кодтық сөз болып табылады. Немесе жалпы алғанда U(i)=(un-i;. un-i+1,…, un-1, u0, u1,… un-i-1), алынған i циклдық ығысулармен S-те кодтық сөз болып табылады.

2.2 Бөгеуілсіз арна үшін Шеннонның кодылау туралы негізгі теоремасы.

Кодтау теориясы – компьютердің дамуына өз үлесін қосқан математиканың бір облысы болып табылады. Оның таралу облысы мәліметтерді нақты каналдар бойынша беру, ал оның пәні берілген ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпараттың статистикалық теориясынының негізін қалаушы Клод Шеннон. Шеннон өз заманының жұлдызы болды, ол АҚШ-тың академиялық элитасынынң мүшесі болған. Ванневар Буштың аспиранты болып, ол 1940 жылы жасы 30-ға жетпеген оқымыстыларға берілетін Нобель атындағы сыйлыққа ие болды (Нобель премиясымен шатастырмаңыздар). Bell Labs-та жұмыс істеп жүріп Шеннон «Мәліметтерді жіберудің математикалық теориясы» (1948) атты жұмыс жазды, ол жұмыста Шеннон каналдың жіберу мүмкіндігі мәліметтердің энтропия бастауынан жоғары болса, онда мәліметтерді ешқандай ақаусыз жіберілетіндей етіп кодтап қоюға болатынын дәлелдеді. Бұл түйіндеме Шеннонның көптеген дәлелдеген теоремалардың біреуінде бар. Сонымен қатар, ол каналда шудың бар болуына қарамастан мәліметтің жіберілу мүмкіндігін теориялы түрде дәлелдеп берді. Шеннонның Мичиган штатында өзінің туып өскен қаласында орнатылған ескерткішінде ойып жазылған формуланы C = W log ((P+N)/N) Альберт Эйнштейннің E = mc2 формуласының мәнімен салыстырады.

Шеннонның еңбектері ақпараттар теориясы облысындағы ары қарай зерттеулерінде өз ықпалын тигізді, бірақта оларда инженерлік практикалық қосымшасы бар болмады. Теориядан практикаға алмасу Ричарда Хэммингтің жұмысынан байланысты болды. Ол Шеннонның Bell Labs бойынша әріптесі болды және кодтар класын ашқандығы үшін әйгілі болды, оларды «Хэмминг коды» деп атады. Өзінің жаңалығын Хемминг 40 жылдардың ортасында Bell Model V есептеуіш машинасының перфокарталармен жұмыс жасау қолайсыздығынан ашты деген аңыз бар. Оған операторлар жоқ болғанда, яғни демалыс күндерде машинамен жұмыс жасауға мүмкіндік берді және ол өзі енгізулермен жұмыс жасады. Хемминг байланыс каналдарындағы, сонымен қатар компьютерлердегі ақпараттарды беру магистральдарында, ең бастысы жад пен процессор арасындағы қателерді түзете алатын кодты ұсынды. Хемминг коды Шеннон теоремасында көрсетілген мүмкіндіктерді практикалық түрде қалай іске асыруға болатындығын көрсетеді.

Хемминг өзінің мақаласын 1950 жылы жарыққа шығарды, бірақта ішкі жазбаларда кодтау теориясы 1947 жылмен белгіленген. Сондықтанда кейбіреулер кодтау теориясының атасы ретінде Шеннонды емес, Хеммингті атау керек деп ойлайды. Бірақта, техника тарихында алғашқыны іздеу пайдасыз нәрсе.

Хемминг бірінші болып «қателерді түзейтін кодтарды» (Error-Correcting Code, ECC) ұсынғандығы анық екенін білеміз. Бұл кодтардың қазіргі заманғы модификациялары барлық ақпараттарды сақтау жүйелерінде және жад пен процессор арасындағы алмасулар үшін қолданатыны белгілі. Олардың бір нұсқасы Рид-Соломонның коды компакт-дискілерде қолдланылады. Хэмминг тәсілі бойынша жасалынған көптеген кодтар нұсқалары бар, олар кодтау алгоритмдері бойынша және тексеретін биттер саны бойынша айырмашылықтары бар. Мұндай кодтарға планетааралық станциялармен космостық байланыс жасау үшін ерекше көңіл беріле бастады, мысалы, Рид-Мюллердің кодтарын 7 ақпараттық битке 32 тексеруші бит немесе 6 ақпараттық битқа – 26 тексеруші биттар келетін болды.

ECC жаңа кодтардың бірі ретінде LDPC (Low-Density Parity-check Code) кодын айтуымызға болады. Негізінде олар отыз жыл бұрын танымал болған, бірақта қазіргі уақытта оларға ерекше көңіл бөлінуде. LDPC коды 100-пайыздық анықтылығы бомағанмен, ол қатенің мүмкіндігін керекті нәтижеге дейін жеткізуімізге мүмкіндік береді және сонымен қатар каналдың жіберу мүмкіндігі максималды толық түрде қолданылады. Оларға «турбокодтар» (Turbo Code) өте жақын келеді, олар алыс космостағы объектілермен жұмыс жасағанда өте қолайлы.

Кодтау теориясының тарихына Владимир Александрович Котельниковтың аты нық жазылған. 1933 году «Материалах по радиосвязи к I Всесоюзному съезду по вопросам технической реконструкции связи»-да ол өзінің «О пропускной способности ‘эфира’ и ‘проволоки’» атты жұмысын жариялады. Бұл теоремада жіберілген сигнал ақпараттың жоғалтуынсыз қайтадан қалпына келетін шарттарды анықтайды.

Бұл теореманы әркім әрқалай атайды, соның ішінде «WKS теоремасы» (аббревиатура WKS взята от Whittaker, Kotelnikov, Shannon). Кейбір бастауларда Nyquist-Shannon sampling theorem және Whittaker-Shannon sampling theorem деп те аталады, ал өзіміздің жоғарғы оқу орындарының оқулықтарында жай ғана «Котельников теоремасы» деп кездестіреміз. Шын мәнінде теореманың өзіндік тарихы бар. Оның бірінші бөлігін 1897 жылы француз математигі Эмиль Борель дәлелдеген. Ал 1915 жылы өзінің еңбегін Эдмунд Уиттекер қосты. 1920 жылы жапондық Кинносуки Огура Уиттекер зерттеулеріне өзінің жөндеулерін жариялады, ал 1928 жылы американдық Гарри Найквист цифрлардың принциптерін ашты.