- •5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
- •Мазмұны
- •Ақпарат жайлы жалпы ұғым.
- •2.Теориялық бөлімі Ақпаратты кодылау - ақпаратты цифрлы түрде көрсету процесі ретінде.
- •2.1 Хемминг кодтары
- •2.2 Бөгеуілсіз арна үшін Шеннонның кодылау туралы негізгі теоремасы.
- •2.3 Символдардың корреляцияланбаған тізбегінің эфективті кодылау әдістері (Шеннон-Фано және Хаффмен әдістемелері). Эффективті кодтардың префикстілік талабы.
- •3.Қарапайым (бөгеуіл орнықтылықсыз) кодтар.
- •3.1 Бөгеуілге тұрақты кодтау
- •3.2 Байланыс арнасындағы бөгеуілдер мен бұрмаланулар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ-ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ-ЖӘНЕ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА- УНИВЕРСИТЕТІ
«Базалық дайындық» факультеті
5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
КУРСТЫҚ-ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Ақпаратты бөгеуілсіз жіберу»
Пән :«Ақпараттар теориясы»
Орындаған: Нұртас А.А
Топ : АЖ-205
Тексерген: Мынбаева Э.Н
Баға:
Астана 2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1.Ақпарат жайлы жалпы ұғым
2. Теориялық бөлімі: Ақпаратты кодылау - ақпаратты цифрлы түрде көрсету процесі ретінде.
2.1. Хемминг кодтары
2.2. Бөгеуілсіз арна үшін Шеннонның кодылау туралы негізгі теоремасы.
2.3. Символдардың корреляцияланбаған тізбегінің эфективті кодылау әдістері (Шеннон-Фано және Хаффмен әдістемелері). Эффективті кодтардың префикстілік талабы.
3. Қарапайым (бөгеуіл орнықтылықсыз) кодтар.
3.1 Бөгеуілге тұрақты кодтау.
3.2 Байланыс арнасындағы бөгеуілдер мен бұрмаланулар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ақпараттандыру – елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.Компьютер бес түрлі: сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттармен жұмыс істейді. Адам үшін олар әртүрлі, ал компьютерде олардың бәрі бірдей болады. Сандық, тексттік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттар компьтерде кодталу арқылы жазылады, компьтерде олар қалай кодталатының біз білуіміз қажет. Сонымен қатар информатика пәнінде қандай өлшем бірліктер қолданылатының білуіміз керек. Сол себепті мен осы тақырыпты таңлауыма себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу. Компьтердегі барлық ақпарат код арқылы жазылатының түсіндіру. Ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері туралы түсініктерді кеңейту; оқушыларға кодтау ұғымын және кодтауды қолдану ауқымының кеңдігін көрсету; оқушыларды ақпаратты кодтауды арнайы кодтық кестелері және мысалдар арқылы таныстыру; ақпараттың өлшем бірліктерін мысалдар арқылы таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;
ақпаратты кодтау және ақпараттың өлшем бірліктері тақырыбы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
