Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

16 Билет

1. Қ.Яссауи саяси  идеясы.Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Онын негізгі енбегі "Диуани хикмет" ("Даналык кітабы") - парасатты создер, олентер жинағы - 12 ғасырдағы сакталган әлеби, тарихи. әлеуметтік-саяси асыл мүра болып табылады. Мүнда 149 хикмет берілген. сонын 109 Яссауидікі екені созсіз. Бүл кітап оғыз-кыпшак- ежелгі түркі тілінде жазылған.Ахмет Яссауидін әлеуметтік-саяси ілімінін ен бастысы Құдай идеясы болғанын айтуымыз керек. Ахмет Яссауи үшін Күдайды тану - адамды тануды білдірді.

2. Саяси  жетекші туралы  түсінік  және  оның  қағидалары.Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader) Мемлекеттін, саяси партиянын, коғамдық ұйымнын жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде

3. Саяси  элитаның  қоғамдағы  рөлі.Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]