- •3.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты
- •2 Билет
- •10Билет
- •11.Билет
- •12Билет
- •13Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19 Билет
- •3)Қоғамдық саяси жүйе және оның элементтері туралы түсінік
- •20Билет
- •21)Билет
- •1)Азаматтық қоғам және оның белгілері, өмір сүру қабілеті
- •2) Саяси идеология ұғымы, түрлері
- •3) Саяси мәдениет түрлері
- •22Билет
- •1) Саяси жүйенің типологиясы
- •23Билет
- •24)Билет
- •25Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28Билет
- •Президенттік.
- •Парламенттік.
- •Қазақстанда демократиялық режимнің президенттік басқару типі билік жүргізеді. Демократиялық режимнің басты саяси-әлеуметтік функциялары жүзеге асырылады.
Президенттік.
Парламенттік.
Режимнің президенттік типі ел Президентінде белгілі бір дәрежеде парламентте (АҚШ, Қазақстан және басқалары) болуы мүмкін болса да, биліктің толық болуын көздейді.
Демократиялық режимнің парламенттік типі Парламентте тікелей және толықтай заң шығарушы биліктің болуын көздейді (Ұлыбритания, Германия, Швейцария). Мұнда парламентте бір партия көбірек болады. Мысалы, Англияда консерваторлар мен лейбористер партиясы бірін бірі ауыстырып билікке тұрады, бұл көпшілікке бір партиялық үлгі ұсынады.
Қазақстанда демократиялық режимнің президенттік басқару типі билік жүргізеді. Демократиялық режимнің басты саяси-әлеуметтік функциялары жүзеге асырылады.
Біздің елімізде тиісті нормативтік база қалыптасқан.
31-билет
1. Қазақстан Республикасындағы билікті жүргізу жолдары
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Заң шығарушы билік Заң шығарушы биліктің мемлекеттік биліктің жалпы құрылымындағы жетекші рөлі мемлекеттік биліктің өзге тармақтарының тек осы билік құрған құқықтық негіз шеңберінде ғана әрекет ете алатындығымен негізделген. ҚР субъектілеріндегі заң шығарушы билікті әртүрлі атаулары бар заң шығарушы (өкілді) органдар жүзеге асырады. ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінен тұрады. Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы саны – 47 адам. ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Атқарушы биліктің маңыздылығы оған мемлекеттік істерді тікелей басқаруды жүктелгендігінде болып отыр, сол себепті оған кең ауқымды өкімдік функциялар берілген. Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау.
2. Г.Спенсердің саяси көзқарастары
Ортағасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі ағылшындық психолог Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, рефолюцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференсация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі қарапайым немесе жыртқыш, екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғылданатыны соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық–функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда.
3. Саяси жүйенің құрылымы
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Саяси институттарға, мемлекет, саяси партиялар, кәсіподактар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.Солардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
32-34-билет
1. Cаясаттың түрлері мен қоғамда алатын орны
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады: - саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау; - сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау. Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады. Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату. Оларға мыналарды жатқызуға болады: - достық қарым – қатынас орнату. - сауда қарым – қатынастарын орнату. - экономикалық қарым – қатынастарды орнату. - әскери қарым – қатынас орнату. Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды.
2. Саяси жүйенің функциялары, қызметтері
Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.
3. Мемлекет: мағынасы, мәні, белгілері
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері:1)мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;2)мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);3)мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;4)мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;5)мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
33-билет
1. Саяси жүйенің типологиясы
Саясаттануда саяси жүйені жіктеуде әртүрлі өлшемдер қолданылады. Саяси жүйелердің типологиясын жасауда қоғамда жүзеге асырылатын саяси биліктің мәні негізгі өлшем болып алынады. Сонымен бірге саяси жүйелерді жіктеуде қоғамның экономикалық даму дәрежесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мүмкіндіктері, көлемі, әдістері және плюрализм, азаматтық қоғамның болуы, саяси мәдениет дәрежесі т.б. факторларды есепке алу маңызды болып табылады.
2. М.Вебердің билік туралы теориясы
М.Вебер билік туралы қағидасы.Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
3. Авторитарлық саяси тәртіптің жалпы мағынасы
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.
Авторитарлық тәртіптің ерекшеліктері:
Үкіметті 1 адам немесе 1 топтың адамы (патша) басқарады, мемлекетте көп халық үкіметтен шектеледі.
Басқарудың шексіздігі және ел адамның берілген басқаруды бақылай алмауы. Басқару қандай болсын белгілі заңдар бойынша өмір сүреді, бірақ бұл заңдар бағынушыларға міндетті болып табылады. Ал басқарушы немесе үкімет үшін бұл заңдарды орындау міндетті емес, ол кез-келген сәтте бұл заңды жойып, басқа жаңа заңды шығаруы мүмкін.
Үкімет күшіне сену. Авторитарлық тәртіпте үкіметті немесе басқаруды қолдату үшін міндетті түрде күш қолданбайды, бірақ кез-келген сәтте күш қолдануы мүмкін.
Үкімет монополиясы және саяси оппозицияны болдырмау. Мұнда бір ғана партия бар, қалғандарына рұқсат жоқ, ал егер ондай болып қалса ол міндетті түрде монарх бақылауында болады. Әйтпесе мүлде болмайды.
Мемлекет тарапынан қоғамды тотальды бақылаудан бас тарту және саяси сфераға мүлде қатынаспау немесе шектеулі қатынасу.
Үкімет органдарына өкілді сайлау емес, тағайындау.
35-билет
1. Қ.Яссауи саяси идеясы
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Онын негізгі енбегі "Диуани хикмет" ("Даналык кітабы") - парасатты создер, олентер жинағы - 12 ғасырдағы сакталган әлеби, тарихи. әлеуметтік-саяси асыл мүра болып табылады. Мүнда 149 хикмет берілген. сонын 109 Яссауидікі екені созсіз. Бүл кітап оғыз-кыпшак- ежелгі түркі тілінде жазылған.Ахмет Яссауидін әлеуметтік-саяси ілімінін ен бастысы Құдай идеясы болғанын айтуымыз керек. Ахмет Яссауи үшін Күдайды тану - адамды тануды білдірді.
2. Саяси жетекші туралы түсінік және оның қағидалары
Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader) Мемлекеттін, саяси партиянын, коғамдық ұйымнын жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
3. Саяси элитаның қоғамдағы рөлі
Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.
