Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

25Билет

1Қазақстан  Республикасындағы  билікті  жүргізу жолдары Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Заң шығарушы билік Заң шығарушы биліктің мемлекеттік биліктің жалпы құрылымындағы жетекші рөлі мемлекеттік биліктің өзге тармақтарының тек осы билік құрған құқықтық негіз шеңберінде ғана әрекет ете алатындығымен негізделген. ҚР субъектілеріндегі заң шығарушы билікті әртүрлі атаулары бар заң шығарушы (өкілді) органдар жүзеге асырады. ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінен тұрады. Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы саны – 47 адам. ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Атқарушы биліктің маңыздылығы оған мемлекеттік істерді тікелей басқаруды жүктелгендігінде болып отыр, сол себепті оған кең ауқымды өкімдік функциялар берілген. Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау.

2.Г.Спенсердің  саяси  көзқарастары Ортағасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі ағылшындық психолог Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, рефолюцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференсация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі қарапайым немесе жыртқыш, екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғылданатыны соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық–функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда.

3.Саяси  жүйенің  құрылымы Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Саяси институттарға, мемлекет, саяси партиялар, кәсіподактар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.Солардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]