Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

24)Билет

1)Cаясаттың  түрлері   мен  қоғамда  алатын орныСаясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау; - сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау. Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады. Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.Оларға мыналарды жатқызуға болады:  - достық қарым – қатынас орнату. - сауда қарым – қатынастарын орнату. - экономикалық қарым – қатынастарды орнату. - әскери қарым – қатынас орнату. Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды.

2)Саяси  жүйенің  функциялары,  қызметтері.Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.

3)Мемлекет:  мағынасы,   мәні,  белгілеріМемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері:1)мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;2)мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);3)мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;4)мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;5)мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]