Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

23Билет

1)Саясаттану қызметтері, субъектілері және объектісі.Саясат субъектілері болып мыналар табылады:1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді.2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі.3. Мемлекеттікбилік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі.4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі.Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңд байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Саясаттанудың зертеу объектісі – қоғамның саяси өмірі және ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер, яғни саяси нақтылық болып табылады. Қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік практикалық процесс. Табиғатқа қарағанда қоғамдық өмірдің субъектісі, яғни оның жасаушысы бар. аяси ғылымның зерттеу объектілері:саяси теория;саяси институтгар;саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;халықаралық қатынастар

2)Халықаралық қатынастардын қазіргі кезеңнің ерекшеліг.халықаралық қатынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер , акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты қалыптастыратын адамзат.  Дегенмен, осынау бірлік пен тұтастық – қайшылықты нақтылы және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті қарама-қарсы мүдделердің түсінуінің бірлігі болып табылады. Олар қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді.Қазіргі кезде мемлекетпен қатар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық туралы кеңес, халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ-ның құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жоғары қою, мемлекеттедің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.Халықаралық қатынастар субъектісі БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі роль атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көп жақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұйымдары да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұратын мәселелер ұлттық – мемлекеттік ауқымда тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар түсе алады.

3) Партияның алатын  орны,  оның  түрлері  мен  қызметтері“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін қолдаймын”, “мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері. Тарихта XVIII-XIX ғасырларда саяси партиялар клуб, әдебиеттік бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар түрінде пайда бола бастады.Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]