Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

3) Саяси мәдениет түрлері

Саяси мәдениеттің (түрлері)жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:1."патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы2."Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;3."Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

22Билет

1) Саяси жүйенің типологиясы

Саясаттануда саяси жүйені жіктеуде

әртүрлі өлшемдер қолданылады. Саяси жүйелердің типологиясын жасауда қоғамда жүзеге асырылатын саяси биліктің мәні негізгі өлшем болып алынады. Сонымен бірге саяси жүйелерді жіктеуде қоғамның экономикалық даму дәрежесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мүмкіндіктері, көлемі, әдістері және плюрализм, азаматтық қоғамның болуы, саяси мәдениет дәрежесі т.б. факторларды есепке алу маңызды болып табылады.

2) Саяси  әлеуметтану  түрлеріСаяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі  дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси  іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.

Ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлкетке, өзінің азаматтық міндеттеріне  құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ,Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақиырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, тедігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғаныстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде.

3) .Саяси  мәдениет: жалпы  түсінік, құрылысы,  функциясыСаяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]