Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.67 Кб
Скачать

20Билет

1) .Саяси  билік  биліктің  түріСаяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор.

2) Құқықтық  мемлекеттің мәні  мен  негізгі  принциптері.Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:  1) адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмұнды жақтары);  2) құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формальды

3) Азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекет қалыптасуының,  дамуының  қиыншылықтары.Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық   проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]