- •3.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты
- •2 Билет
- •10Билет
- •11.Билет
- •12Билет
- •13Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19 Билет
- •3)Қоғамдық саяси жүйе және оның элементтері туралы түсінік
- •20Билет
- •21)Билет
- •1)Азаматтық қоғам және оның белгілері, өмір сүру қабілеті
- •2) Саяси идеология ұғымы, түрлері
- •3) Саяси мәдениет түрлері
- •22Билет
- •1) Саяси жүйенің типологиясы
- •23Билет
- •24)Билет
- •25Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28Билет
- •Президенттік.
- •Парламенттік.
- •Қазақстанда демократиялық режимнің президенттік басқару типі билік жүргізеді. Демократиялық режимнің басты саяси-әлеуметтік функциялары жүзеге асырылады.
1-билет
1.Саясаттың түсінігі мен табиғаты Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
2.Саяси идеологияның жалпы түсінігі, мазмұны Саяси идеология- саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. «идеология » гректің идея – бейне және логос- білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам қызметінің ой елегінен өткізілген мақсаты ретіндегі идеялар мен көзқарастардың, әлеуметтік және рухани құндылықтардың жүйесі. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы, философы А. Дестют де Тераси кіргізді. Идеология әр- түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық және философиялық болып келеді. Сонымен қатар, қандай да идеология болмасын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипатта болады. Идеологияның негізгі мазмұны әрқашанда әйтеуір бір таптың немесе әлеуметтік топтың мүдделерін негіздеу және өздерінің жолын қуушыларды билік құрылымына жеткізіп, солар арқылы билік жүрргізу өкілеттіліктерін жүзеге асыру мәселесі болып келеді.саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс- әрекеттер бағыттайды. Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады. Оларға мұраттар,ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады.
3.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
2 Билет
1.Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:саяси теория;саяси институтгар;саяси партиялар,топтар,қоғамдық пікір;халықаралық қатынастар.Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
2.Жеке тұлғаның демократиялық белсенділігіЖеке тұлғаның белсенділігі - белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы. Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады. Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және мемлекет зандарымен анықталынады
3ҚР саяси жүйесі мен КонституциясыҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады.Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады.Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін 1 бап белгілейді
3билет
1.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар мен эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтеріСаяси процестер тек ғана тәжірибе арқылы, практикада қалыптасқан құбылыстар емес. Әрбір саяси процестің негізі – теория. Саяси ғылымның күрделі теориялық құбылыс екендігін айқындайтын саяси саладағы бүкіл әлем ғалымдары мен ойшылдары танып, мойындаған саяси білім үлгілері. Әрбір саяси процесс – ғалымдардың, ойшылдардың идеяларына, тұжырымдамаларына негізделіп саяси ғылым қазіргі даму дәрежесіне жетіп отыр. Саяси ғылымның теориялық негіздері билік пен азаматтардың әлеуметтік, мәдени өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан тәжірибе мен рухани қазыналардың жинағы. Саяси жүйенің шеңберінде қызмет ететін субъекттердің саяси мәдениеті осы құндылықтар арқылы анықталады.Саяси іс-қимылдардың сапалы болуы үшін саяси субъекттердің саяси жоғары болуы қажет
2.Мүдделі топтар:ұғымы, функциялары, типологиясыСаяси сферада мүдделі топтардың қызметі өте күшті болуы себепті саяси күресті мүдделі топтардың қарым-қатынасы ретінде де қарастырады. Глобальдық масштабта немесе макродеңгейде Топшылдық геостратегиялық мақсаттары түйіскен мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың белгілі бір топқа одақтастар ретінде бірігуінен байқалады.. Мүдделі топтар үнемі тұрақты болмайды. Қоғам талаптары өзгеруімен бірге топтар да өзгеріп, жаңарып отырады. Басым топтар әлсіздерін ығыстырып, жаңадан қалыптасқан топтармен өзара перманенттік күресін жалғастыра береді. Әлеум. теке тірестің негізгі көзі әлеум. мүдделер. Қайшылықтар барысында әрбір әлеум. топ өз мақсаттарын орындау үшін саяси партияларды, саяси қозғалыстарды құрады. Қоғамның әлеум. құрылымы шеңберінде жүріп жатқан топтар құбылысы саяси партиялардың, саяси қозғалыстардың теке тірестерінен көрініс береді. Сондықтан мемлекет елдегі әлеум. келісімді сақтау мақсатында әлеум. саясатты неғұрлым белсенді жүргізуге ұмтылады. Топтар өз мүдделерінің қанағаттануы үшін мемлекетке түрлі әлеум. талаптар қоюмен болады.
3.Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесіндеҚазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Демек, республика үшін ТМД елдері негізгі серіктес болып саналады, оның ішінде біріншісі-Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдер – мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын құрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан, Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда-саттық жасау пайдалы.
4билет
1.Саясат ұғымы және оның пайда болуыСаясаттануда саясат категориялары ерекше орын алады. Саясат келесі түрде анықталады: Саясат – бұл барлық қоғамдық келелі мәселелердің ежектелетін, ұлттардың, әлеуметтік, қабаттардың, әртүрлі топтардың қызығулығына сәйкес қоғам өмірмеңдігінің бағдарламасы жасалатын, әлеуметтік – саяси топталдын қоғам өмірінің ауқимы. Қоғамдық жүйенің сақтауы мен дамуы мақсатында құндықтарды бөліну қалыбы және әдістер: жайында нақты шешімдер қабылданады.Саясаттың пайда болуы жайында әр түрлі кезеңдерде әр түрлі ойшындармен әрқилы түсіндірілген.Саясат ең алғышқы түсініктемелер көне шығыс ойшындарының көз қарасы.Олардың әртүрлі мемлекеттердегі өмірді түсіндіру негіздері: 1Теологиялық (діни) бағыт. Әр елдердің дамысың әр түрлі монархтардың басқаруын құдайдың жазуы деп түсіндіреді.2Геосаяси бағыт. Әр елдердің дамысын әр түрлі монархтардың басқаруын табиғат жағдайларымен елбасшысының жеке мінезімен түсіндіріледі бұл қөзқарасын қарағанда саясат өзен, көп табиғи қазба байлықтар мен басқарушының денсаулыға және бейміне және т.б. байлынысты болды.
2.ҚР мемлекеттік билігіПрезидент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады.ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат.Мәжіліс депутатының саны 77.ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады.
3.Қазасқтандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемаларыАзаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің Ел халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты. Азаматтық қоғамның Қазақстанда жетілмеу себептері оның мәдени-әлеуметтік жағдайлардың толық дамуымен байланысты. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін әлеуметтік эволюция қажет. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саңылауы, заңның халықтың еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі танылады. \Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі қайшылықтар бар. Д.Арғымбаев негізгі төрт қайшылықтарды атап көрсетті:Бірінші қайшылық-басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі.Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз боладыЕкінші қайшылық-Қазақстанда құқықтық қоғамның батыстық стандартына ұмтылудан туады. Қазақстан қоғамының тарихи тәжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді. Үшінші қайшылық-қазақстандықтардың саяси-құқықтық мәдениетінің ұлттық дәстүрлерден, ең алдымен қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуіне байланысты.Төртінші қайшылық-қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің төмендігі.Ел халқының коммунистік жасанды идеологияның ықпалында болуы, өтірік пен алдаудың билік құруы азаматтардың заңды құрметтеуін, заңды үнемі басшылыққа алып, орындап отыруға құлшынысын әлсіретті.Азаматтық қоғам құрып, одан құқықтық мемлекетке өту жолында осы аталған қайшылықтар ескеріліп, жойылмаса біз Қазақстанда азамат қоғамын құра алмаймыз. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең бірінші орында азамат, оның құқықтары мен бостандықтары, заңдық тұрғыда қорғалынуы тұрса — құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар-Конституция зор маңызға ие болады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады.
5билет
1Саясаттанудың негізгі шарттары мен функцияларыСаясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Саясаттанудың функциялары (қызметтері):танымдық (гносеологиялық) функциясы, саяси білім қоғамдағы оқиғалардытанып білуге, олардың саяси мәнін, мазмұнын, даму заңдылықтарынтүсінуге мүмкіндік береді;бағалау функциясы – саяси процестерді жан-жақты талдап, саяси жүйеинституттарының қызметіне баға береді;болжау функциясы – саяси саладағы ӛзгерістерге ғылыми болжамдаржасайды, қоғамдық процестердің даму үрдістерін анықтайды;инструменттік–тәжірибелік функциясы – саяси тәжірибенің қандай біржақтарын жетілдіру үшін нұсқаулар жасайды;саяси әлеуметтендіру фукнциясы – азаматтық саяси мәдениеттіқалыптастыру.
2.Саяси көшбасшылықтың теорияларыСаяси көшбасшылық«қахармандық, батырлық» теория өкілдері батырларды «мұра бойынша берілетін» қаситтердің бөлінуі және олардың «топты» қызықтыра алатынына негіз қойып қарастырды. «Батырлық» теориядан кейін туындаған «белгілер» теориясы көшбасшының, әрекеттің ерекше типі ретінде, қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беруге тырысты. Осы теория жақтастары адамды көшбасшы қылатын – белгілі психологиялық сипаттар және қабілеттер. Көшбасшы факторлардың қатары призмасынан құрастырылды. Біріншіден, «қабілеттер» – ақыл-ой, вербалдылык және т.б.. Екіншіден, «жетістіктер» – білім және спорт. Үшіншіден, «жауапкершілік» – байланыс, ұмтылыс, табандылық, қалау және т.б.. Төртіншіден, «қатысу» – белсенділік, кооперация, және т.б.. Бесіншіден, «дәреже» – әлеуметтік-экономикалық жағдай, танымалдылық. Ақырында, алтыншыдан, тұлғаның «жағдайлы белгілері
3.Қазіргі заманның жаһандық проблемаларыҚазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары. Лаңкестік және экстримизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан. Міне, осы проблемалар аясында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты анықталады.
6билет
1Саясаттың құрылымы және субьектілеріСаясат субъектілері болып мыналар табылады:1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді.2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі.3. Мемлекеттікбилік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі.4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі.Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі."Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие
2.Қазіргі замандағы билеуші элитаЭлита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді. Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон, Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат
3.Қазіргі әлемдік дамудың жалпы мақсаттарыАдамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады
7билет
1.Саясаттану пәні, әдіс тәсілдері мен міндеттеріСаясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады
2.Ежелгі дүние ойшылдарының саяси пікірлеріКонфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі - елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.Аристотель (384-322) «Платон-маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос» деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. Саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Мемлекет табиғи дамудың жемісі. «Варварлар» мен құлдар өмірдің саяси түріне дейін өсіп жетілмеген. Мемлекеттің формаларын ол: монархиялық басқару (патшалық), аристократиялық және политиялық деп бөлген. Басқарудың қате түрлері деп тирания, олигархия және демократияны атаған. Саяси басқаруды – заң арқылы басқару деп түсіндірген.Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқыктық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.
3.Қазіргі саяси ілімСаяси білім саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық иниституттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, немесе оларды бейбіт түрде шешу сияқты қасиеттерді қалыптастарады.Саяси білім азаматтарға қоғамдағы құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға тәрбиелейді.Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет дара әкімшілікке негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.Қорыта келе саяси білім әр азаматқа үкімет көлемінде өз қызығушылығын қалай қанағаттандыру керек екендігін үйретеді.
8билет
1.Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы.Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста болады.Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызды. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, іс — әрекетін реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен иниституттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарыстырады, реттейді.Келесі саясаттануғка жақын ғылым — әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс – жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді.Саясаттану тарихпен байланыста болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси иниституттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тотаритарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саяси білім саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық иниституттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, немесе оларды бейбіт түрде шешу сияқты қасиеттерді қалыптастарады.Саяси білім азаматтарға қоғамдағы құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға тәрбиелейді.Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет дара әкімшілікке негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
2.Қайта өрлеу кезеңнің және Ортағасыр саяси ойларыҚайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
3.ҚР Конс-ң өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіМемлекет басшысы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамады. ҚР Президенті сәйкес Жарлыққа 2011 жылғы 6 қаңтарда қол қойды.ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынысын қабылдамау туралы» Жарлығы.Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қа¬зақстан Республикасы Парламентінің бастама¬шы¬лы¬ғымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақ¬стан Республикасы Парламентінің ұсынысы қабылданбасын.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
9билет
1 Саяси пікірдің қалыптасуының, дамуының периодтылығыСаяси ілімдердің даму тарихы адамзат дамуының үш жарым мың жылдықуақытын қамтиды. Мұндай үлкен уақыт мерзімінде адамдардың өмір сүружағдайлары, саяси ұйымдастырылуының жағдайлары үлкен өзгерістергеұшырады, бұл әрине, олардың саяси көзқарастарына әсер етпей қоймады.Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін).bОрта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).c.Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.d. ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
2.Жаңа саяси теорияларыXVII ғ. буржуазиялық революция феодализмге соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашады, жаңа заман дәуірі басталады. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Т. Гоббс, Монтескье, Руссо, т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант т.б. Гоббс пікірінше, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Ол монархиялық билікті ұнатты. Монтескье билікті атқарушы, заң шығарушы, сот билігі деп бөлді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Руссо еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Ол тікелей халық билігін ұсынды. Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумау үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Оның ойынша, адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Т. Пейн халықты азаттық күреске, отаршылдардын бқлінуге шақырды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады, үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Канттың көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. XVIII ғ. аяғы XIX ғ. бірінші жартысында Бат. Еуропада капиталистік мәдениет екі қозғаушы күш әсерімен дамыды: Ұлы Француз революциясы және өнеркәсіп өзгерістері. Бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның басты бағыты либерализм болды
3.Жеке тұлғаның демократиялық белсенділігіЖеке тұлғаның белсенділігі - белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы. Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады. Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және мемлекет зандарымен анықталынады.
