Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_ltty_1179_t_1241_rbie_-_zhauaby.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
405.52 Кб
Скачать

36

1-билет .

1-сурак. «Ұлттық тәрбие негіздері» пәні, мақсаты, міндеттері

«ұлттық тәрбие негіздері» атты пәні студенттерге ұлттық педагогика негізінде болашақ мамандардың жеке басына тән қасиеттер мен іскерліктер, адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, мәдениеттілік, жан сұлулығының ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, кәсіптік шеберлікке жетудің нақты жолдарын көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, ,бул пан болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландырып, олардың бойында өзіндік кәсіби іс-әрекеттің жүйелі түрдегі көрінісін, болашақ маманның тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; студенттердің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмысына дайындығын жетілдіреді. Психологиялық сауаттылықтың, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Ұлттық тәрбие–қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Ұлттық тәрбие дегеніміз-жеке тұлғаның тілін құрметтеуге, елін, жерін, өз Отанын қастерлеуге, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштікке, халқының болашағы үшін бойындағы бар ақыл-қайратын аямай жұмсайтын, намысқор, саналы адам тәрбиелеуге бағытталған үрдіс

Ұлттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Мақсаты:Халқымыз тән мен жан тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы жас ұрпақты елiн, жерiн сүйетiн, қорғай бiлетiн, үлкенді сыйлайтын, еңбексүйгіш, түрлі ұлыс өкілдерін құрметтейтін және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасайтын, халқының келешегi үшiн бойындағы бар ақыл-қайратын аямай жұмсайтын намысқор, табиғатқа аялап қарайтын рухтағы саналы адам тәрбиелеудi мақсат еткен. Пәннің міндеттері:-студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру;

- болашақ маман бойында өзіндік кәсіби іс-әрекеттің жүйелі түрдегі көрінісін қалыптастыру;

-болашақ маманның тұлғалық және кәсіби (кәсіптік ойлау, қарым-қатынас жасай білу, әдептілік пен мәдениеттілік, т.б.) сапаларын қалыптастыру;

-студенттердің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру;

- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалануға тәрбиелеу.

2-сурак. . Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі.Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда, біраз ерекшеліктері бар:

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет суреттемелер беріп, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйікімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, ұялшақтық, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден талабы, намысы, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән.

Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші адам, ол - анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруға, үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген ата-аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс болған. Керісінше, әкесі мен ағалары қыздарды ерекелетіп «Өрісіңді кеңейтеді» деп әлпештеп өсірген. Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қыздар пәк махаббаттың иесі деп білген, оған дәлел кешегі өткен Қыз Жібек, Еңлік, Баян сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббаты. Қызды құлпырған әдемі гүлдерге теңеген.

3-cурак. Шешендік сөздердің жастар тәрбиесіндегі маңызы

Қазақ – ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тыныс-тіршілігі бар. Мысалы ел ішіндегі түрлі мәмілегерлік мәселелер, оларды шешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Біз өзге халықтардың салт-дәстүрлерінде кездесе бермейтін қазақ халқының өзіне ғана тән айрықша құбылыс деп бағалауға тиіспіз. Халық алдында талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздері қазақ билерінен шешендікті, ойдың жүйріктігін талап еткен. Мұндай сын сәттерде ел басқарған билеріміз бен хандарымыз халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетіндігін көрсетуі керек болған. Халық көп жиналатын астар мен тойларда, жәрмеңке-жиындарда, сан алуан дауларда қаралып отырған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Өмірдің жалғасы жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөзі ғой. Еліміз өз ұрпағының жаны, дені сау, құлықты да парасатты, білімді де инабатты, өз елін сүйетін, оны қорғай алатын, ана тілінің уызына қанып, ұлттың рухымен қанағаттанған халық перзенті болуға арман етеді.Сондыктанда Қазақтың шешендік сөздері, ұрпақтан ұрпаққа айтылып келе жатқан ертегілеріне дейін жас ұрпақ тәрбиесінің теңдесі жоқ құралы деуге болады. Тек қана соларды дұрыс пайдалана білу, қолдану жэағы ақсап жатқанын мойындауымыз керек. Сондықтан тәрбие саласында қызмет атқаратын мамандар қызметі барысында ұлттық қасиетімізді молайтуға септігін тигізер халықтық мұраларымызға көп көңіл бөлуі тиіс.

2-билет .

1-сурак. Құрсақ тәрбиесі. Бесік жырының тәрбиелік мәні .Баланын тарбиеси-ана курсагынан басталады.Баланы дуниеге акелип тарбиелеу азамат ету –анага да акеге де парыз.Десекте ен биринши айел адамнын бойында перзент 9 ай 9 кун жататын болгандыктан ен негизги нарсе соган байланысты.Осы ретте бала тарбиелеудеги биринши касиет –сабырлылык. Жукти айел барынша таза болганы абзал.Туганнан сон сабинде таза журип тамактандырган жон.Бала курсакта жатып ак анасы нении уйренсе нении билетин болса сонны бала тез игерип алатын коринеди.Типти медицинанын ози курсактагы балага сырткы дыбыстын ар алуан асери болатынын алдекашан далелдеп койган.Ана куанса иштеги баллада куанады анна кайгырса иштеги баллада кайгырады.Алып -анадан туады дейтин осиет созинде урпагына тек тан курылысынын жетилуин гана емес алып деген созинин астарынды таннен де курдели жан дуниесинин де анна курсагында калыптасатынын мензеп отыр .

Бесик жыры-турмыс –салт жырларынын коне туринин бири .Алемде Бесик жырын айтпайтын халык жок.Халык педагогикасынын майегине айналган.Бесик жырында халыктын тол тарихынын дастурли мадениетинин ежелги наным-сениминин дуниетанымынын кориниси бар.Бесик жырын барша халык улттык тарбиенин каусар булагы деп таниды.Алем халыктарынын Бесик жырлары ар елде ар турли аталганымен аткаратын миндети мазмун байлыгы поэтикалык курылымы мен саз-әуені жагынан ундесип жатады .Бесик жырынын басты кызмети –бесик тербелисине сазды әуен ыргакты созбен баланы тыныштандыра отырып онын жан жуйеси мен санасына улттык тарбиенин алгашкы нарин синиру.Бесик жыры баланын саби кезинде ягни 1-5 жас аралаганда бала жанына жагымды әуенмен айтылады әуенсиз бесик жырынын мани де сани де келмиди.

2-cурак. Болашақ маманның құзіреттілік мазмұны.Білім берyге құзыреттілік тұрғыдан келy әрекеттік бағытпен тығыз байланыста бола отырып, құзырлылықтар жиынтығын меңгертyді, сол арқылы стyденттердің әлеyметтік – саяси, экономикалық, ақпарат әлеміндегі үнемі өзгермелі жағдайларға бейімделyін көздейді. Бұл тұрғыдан А.Л.Андреевтің: «Жалпы құзыреттілік білім берy саласындағы сұранысты қанағаттандырy мақсатында қоғамдық ортада пісіп жетілген қажеттілік нәтижесі болып табылады. Құзыреттілік дегеніміз - жеке тұлғадан қоғам талап етіп отырған біліктіліктер жиынтығы. Ал құзырет дегеніміз жеке тұлғаның дербес дамyын неғұрлым тиімді және сапалы қамтамасыз ете алатын білімдерінің жиынтығы. Өзін-өзі дамытy, өзін-өзі белсенді ете білy қабілеттері тұлғаның еркін таңдаy жасай алy мүмкіндігін айқындайды»,-деген пікірі бізге өте жақын.

3-сурак. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы.1.Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда.

3-билет.

1-сурак. .Қазіргі отбасындағы бала тәрбиесі. Тәрбиеауылданшықтыдеугеболады. Жазғыдемалыстабалалардыата-әжесінеауылғажіберіптұрған да жөн. Ата-әжетәрбиесіөзалдынабөлек. Соныменқатар, әке-шешесі де демалыскүндерібалалардыарнайыойын-сауықорындарынанемесежайқыдыртып, уақыттыбіргеөткізгенніңөзікөпәсерінтигізеді. Солсияқтысабақтантысуақыттателедидаралдындамағынасызкинолардыкөргенннен, компьютердеойнағаннангөрі, әлдеқайдапайдалы, баланыңқабілеті мен қызығушылығынақарайтүрліүйірмелергебаратынболса, әріақылдыжәнеуақыты да тиімдіөтереді.

Біз XXI ғасырда бала тәрбиесінаспаннаналмаймыз, өткената-бабаларымыздыңқалдырыпкеткенсалт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтелдеріменбайланыстырыптәрбиелеуімізкерек. «Балалар - біздіңболашағымыз» дейотырып, құрметтіата-аналар, балалартәрбиесінеселқоcқарамай, оларды тек қанакиіндіріп, тамақтандырыпқоймай, жақсыәріөзіміздіұятқақалдырмайтындайтәрбиеберейік.

2-сурак. Ұлттық мінездің нышандары.Сөздіңжалпыламамағынасыналыпқарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі мен қылықтарынаәсерететін, оның тек өзінетән, айқынкөрінісберетінпсихологиялықнышандарыдептүсінукерек.

Жеке адамныңмінезіолөмірсүріпотырған әлеуметтіктоптың мінезінеұқсасболады, немесекерісінше, жекеадамныңмінездеріненәлеуметтіктоптыңмінезікөрінісбереді.

Қазақтарғатәнұлттықмінездіңкейбірнышандары:

Жауынгерлікмінез. Тарихтыңәркезеңіндеказіргі Қазақстан жерінмекендеген тайпалар мен халықтардыңбәрінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаныбелгілі. Сондықтаноларорасан мол аумақтыиемденіп, ғасырларбойыұстаптұрды. Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) - қазақтардатуғанжерініңкеңдігі, оныңтабиғатыныңқаталдығыжәнемалшылықкәсіппенайналысуфакторларыныңәсеріненпайдаболғанмінез.

3-сурак. Адамгершілік қасиеттер құрылымы.Aдaмның aдaмгершiлiгiн қaлыптaстыру проблемaсынa кезiнде көптеген ұлы aғaртушылaр мен педaгогтaр (Ж.Ж.Руссо, Я.A.Коменский, К.Д.Ушинский, A.Құнaнбaев, Ы.Aлтынсaрин, С.Т.Шaцкий, A.С.Мaкaренко, В.A.Сухомлинский және т.б.) нaзaр aудaрып, құнды идеялaр ұсынғaн. Олaрды прaктикaлық тұрғыдa ой елегiнен өткiзу, оқушының aдaмгершiлiгiн қaлыптaстырудың бүгiнгi проблемaсы болып отыр. Aдaмгершiлiк тәрбиесiнiң теориясы мен прaктикaсының тaрихи тaмыры тереңде жaтыр. Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фaрaби өз шығaрмaсындa, ұрпaқ бойындa кездесетiн жaқсы мен жaмaн мiнез-құлықтaр турaлы aйтa келiп, жaмaн мiнез-құлықтaн aйырылудың жолдaрын көрсете отырып «Aдaм жaқсы қылықты дa, жaмaн қылықты дa өзi жaсaйды, aқыл мен жaқсы мiнез қосылғaндa aдaмшылық болaды» -дейдi. Ұлы ғұлaмaның «Бaқыт жолын сiлтеу» трaктaтындa былaй дейдi: «...Aдaм өмiрiнде кездесетiн жaғдaйлaр мынaлaрғa бөлiнедi: aртынaн мaдaқтaуғa және жaзғыруғa болмaйтын жaғдaйлaр және мaдaқтaуғa немесе жaзғыруғa болaтын жaғдaйлaр. Нәтижесiнде әрi мaдaқтaуғa, әрi жaзғыруғa болaтын жaғдaйлaрдың жиынтығы қосылa келгенде ол aдaм бaқытқa жетедi, әрi жaзғыруғa, әрi мaдaқтaуғa соқтырaтын жaғдaйлaр үшеу. Бiрiншiсi,бұл -әрекеттер, aдaм өзiнiң дене мүшелерiн пaйдaлaну үшiн керектi әрекеттер, мысaлы, орыннaн тұру, отыру, көлiкке мiнiп жүру, көру, есту үшiн керектi әрекеттер. Екiншiсi, жaн aффектiлерi. Мысaлы, құштaрлық, рaхaт, қуaныш, aшу, қорқыныш, жaбырқaу, күйiну, қызғaныш және т.б. Үшiншiсi, aқыл-пaрaсaт. Бұл үшiншiсi –aдaмның бүкiл өмiр бойындa болaды немесе кейде болып, кейде болмaйды» .

4-билет.

1-сурак. Ұлттық мүдде және оны сезіну. Мүдде деп (лат. interest) - дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшінқажеттімаңыздылықты, адамдардыңеркі мен әрекетбағыттарыныңобъективтікжәнеәлеуметтікжағдайларғасайайқындалуынайтамыз. Мысалы, адамдарөздерініңматериалдықкажеттіліктерінөтеуүшінбелгілібірәрекетжасауға, еңбекетугемүдделі. Адамныңруханидүниесіне де қатыстымүдделерікөпболады. Өмірлікқызметтеадамдартобынаортақмүдденің болу құбылысы да жиіұшырасыпотырады. Ортақмүддебелгілібірәлеуметтіктопқаенетінжекеадамдардыңмүддесіненжәнеолардыңқоғамдықөмірдегіорны мен атқаратынрөлініңәртүрлілігінеорайқалыптасканөрекеттері мен істерініңшынайысебептерінентүрады. Ұлттықмүдде  депбелгілібірұлтөкілдерініңбәріүшінортаққоғамдықмүдделерінайтамыз. Адамныңәрекеті мен тәртібініңбағыттарынмүдденіңөзіемес, мүдденісезінуайқындайды. Ұлттықмүдде мен ұлттыққажеттілікмемлекеттікмүдде мен мемлекеттікқажеттілікпенқатартұрады. Мүдде мен кажеттіліктітүсінуадамдардыңқоғамдыққызметініңинтеграциясындағықозғаушыкүшболыптабылады. Мүддеадамдыалғажетелейді. Ұлттықмүдденісезінуұлтыүшінжаныкүйетінотаншылдыжанталастырады, оны отқа да, суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттықмүдденітүсінуөзіндік сана категориясыментікелейбайланысты.

2-сурак. Қазақтың дәстүрлі ән өнері. Әнөнеріжекеадамсезіміненбастаптұтасхалықтағдырынадейінсергекүнқосуғамейліншеоңтай. Адам қоғамындағыүлкенді-кішілібаршақұбылысәнгеарқау бола алады. Ұлы Абай әнөнерініңбұлқасиетін:

«Туғандадүниеесігінашадыөлең,

Өлеңменжерқойнынакірерденең», - дептүйіндеген.

Қазақхалқыныңтарихиболмысыәні мен күйінде, тілі мен дәстүрінде, қолөнері мен моральдық-этикалыққалыптарындатұныптұр. Әнөнеріндегідәстүр тек қанаәуендікнемесеорындаушылықүлгідекөріністауыпқоймайды. әнніңшығусебебі, әнсөзініңкөркемдікүлгісі, шығарушы-әншініңөнер мен өміргедегенсергекараласыдәстүртабиғатыныңжарқынайғағыретіндекөріністабады. Қазақәндінегізінендомбырағақосыпайтады. Бұлөзіндікүлгісі бар, ғасырларбойышыңдалған, қалыптасқандәстүр. Ал, домбыраменайтудахалықтыңдәстүрліэстетикалық-философиялықүлгісі бар. Домбыраменәнайтудегенсөз - халықтыңғасырларбойықалыптастырғанасылдәстүріненқолүзбеудегенсөз. Бірғажабы, домбыраменайтылатынәндерөзіненөзідәстүрліәуенсазыментабысып, төлтумақасиетін таза сақтайды. Бұлреттедомбырааспабынқазақтыңдәстүрлімузыкалықтілініңсарапшысақтаушысыдесе де болғандай.

3-сурак. . Әдептілік қағидалары.Әдептілікқағидалары :1.Әдепті адамөзініңбелгілібірадамдыжеккөретінінбайқатпайдыжәнешамадантысұнатқандықсезім де білдірмейді, өйткенімұныңөзіайналасындағылардыңкөңілінекелуіәбденмүмкін .2. Танысадамдыыңғайсызжағдайдакөріпқалғанда, оны байқамағансыңайбілдіріп, мұныешқашаноныңесінесалмау, әрібасқаешкімгеайтпауәдептілікболыптабылады. Адамныңқоғамғазиянкелтірмейтінкемшіліктері мен әлсізжақтарынбасқалардыңалдындаәшкерелемеукерек. Кемтар, кекеш, саңырау, ақсақжәнет.б. адамдысырттайболса да күлкіқылужәнекелекеетуәдепсіздікқанаемес, сондай-ақдөрекілік те. Мұндайқалдегіадамдарғаерекшеілтипатжәнежанашырлықпенқараукерек. Жанашырлықтыәдептіліксезімібилеуітиіс.

3. Жасы үлкендердің арасында адам өзін-өзі ұстай білуі және қимыл-әрекет мәнері жөнінен құрбы-құрдастары арасында болғандағысынан гөрі әлдеқайда жинақы болуы керек. Бұл арқылы ол үлкендерді құрметтейтінін көрсетеді.4. Тұрғанда тікесінен тік, бірақ емін-еркін тұруы қажет. Аяқты олпы-солпы басып, қалай болса солай теңселе ырғалаңдай жүруден аулақ болу керек. 5. Көшеде кісілерге дөрекі қарап, олардың сырт бейнесіне күлу сыпайылық емес. Үнтаспаны елге естіртіп жүру, жүріп келе жатып тамақ жеу, жарамсыз билет және қажетсіз нәрселерді көшеге тастай салу әдепсіздік болып табылады. 6. Қоғамдық көліктерде мүгедектерге, балалы кісілерге, аяғы ауыр әйелдерге, ересек кісілерге орын беріледі. Ер балалар отырып, қыздардың түрегеп тұруы ерсі көрінеді.

5-билет.

1-сурак.Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік мәселелері, мақсаты мен міндеттері. Адамгершілік тəрбиесі - бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу үрдісі. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, өздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп көрсеткен.

Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты - өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандықтан жаны аулақ, белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптасқан, адамгершілік сезімі, ұлттық санасы жетілген, жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалана алатын тұлғаны тəрбиелеу. Адамгершілік тəрбиесінің міндеттері:- ұжымдық оқу жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекеттерді ұйымдастыру арқылы жас ұрпақты қамқорлыққа баулу;

- қайырымдылық пен жауыздық мәселелерін талдай білуге үйрету;

- шынайы жəне жасанды гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;

- əлеуметтік əділдік пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу;

-гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру;

-ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалана алуға үйрету;

сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;

-ұлттық психологияны халықтық мұралармен сабақтастыра білуге тәрбиелеу.

2-сурак. Жаңа формация адамын тәрбиелеу.ұстаздар мен ата-аналардыңалдындағыміндет – жаңаформациядағыадамтәрбиелеуісіненақтыүлесқосуарқылыжауапқатуболыптабылады. Бүгінгікүніата-аналар мен педагогтар ХХІ ғасырдатөрт­күлдүниедеболыпжатқаноқи­ғалардыжаңашазерделеп, тө­мен­дегілердіқамтамасызетуітиіс:

– білім берудің барлық деңгей­лерінде балалар мен жастарға рухани-адамгершілік тәрбие бе­ру ісінде мүлде жаңа қырынан келіп, тың шешімдерді енгізу. Әсіресе, еңбектің ешбір түрі адам­­ның ар-намысына қылаудай қия­нат келтірмейді, керісінше оны көпшілік алдында абыройын асы­рып, асқақтата түседі деген пікірді қалыптастыруға күш салу қажет. Үлгі көрсете отырып тәр­биелеу, өз жұмысымен өнеге көр­сету, әлеуметтік жұмыспен қам­ту шеңберінде тәрбиелеу, кез келген еңбек түрін насихаттау – бұл жастардың бойындағы ең­бек­сүйгіштік, кәсіби шеберлік, аза­маттық, патриотизм, дүниеге оң көзқараспен қарау сияқты құн­дылықтарға негізделген жаңа әлеу­меттік сипатын қалыптас­ты­руға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйенің компоненттері болып табылады;

– білім беру сапасын тек бағалау көрсеткіштері деңгейінде ғана емес, сонымен қатар оқу­шы­лардың функ­­цио­налдық сау­ат­­тылығын қа­лыптастыру, әлеу­меттік бейімделу тұрғысынан қамтамасыз ету; 

– инновациялық оқыту және ин­терактивтік технологияларды жап­пай енгізе отырып, оқушыларды бел­сенді ойлауға, мәселені шешу жолдарын өз бетімен таба білуге үйрету;

– оқушылардың жеке ерекшеліктерін міндетті түрде есепке алуды қамтамасыз ету, себебі олардың әрқайсысының өзіне ғана тән есею және табысты әлеуметтену жолы бар.

3-cурак. раккfrотырырынын мани де сани де келмидижас аралаганда бала жанына жагымды ау мазмун байлыгы поэтикалык курылымы мен саз -ауинҰлттық тәрбие қағидалары. . Ұлттық тәрбие қағидалары:

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

2.Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.

3. Ұлттық тәрбиеде «бірінші байлық – денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған.

4. Ұлттық тәрбиеде адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.

5. Гуманизм мен патриотизм – халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі.

6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.

7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі өлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра» дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген.

6-билет.

1-сурак. Әдеп, әдептілік түсінігі, әдептілік мазмұны. Әдеп;:1.маманның ең жақын кәсіптік белгісі .2.этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі .3.адамдар арасында пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық манераларын, киінуін, балалармен қарым-қатынасын және т.б. жиынтығын білдіреді .4.латынның «әсерету», «жақындау» дегенсөзіненшыққан. 5. адамдарарасындағықатынастыңадамгершіліксипатынқамтамасызететін, мінез-құлық кодексі .6.жастардыңтәлімгеріретіндеөзінеқойылатынәлеуметтікүміттітепе-теңқабылдаунегізіндеқұрылатыната-аналардыңмінез-құлқы .

Ал, әдептілік деген не?

Ол - адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көргенділік, инабаттылық, кішіпейілдік және басқа да болымды, сүйкімды қылықтар жатады. Бұл қасиеттер халықтың әдет-ғұрып, салт-санасынан, қоғамның осы заманғы сипатынан туады және соны бейнелейді.

Енді, әдептілік мазмұнына тоқталайық:

1. «Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу –бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән беріледі. Әдетте кіші – үлкенге, аттылы – жаяуға бұрын амандасады. 2. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек. «Сізге алланың нұры жаусын деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге 2 есе жаусын» деген сөз. Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:

- Дені-қарныңыз сау ма?

-Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

- Еліңіз тыныш па? - деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

3. «Сәлем беру» қазақ қыздары мен келіндеріне тән ізеттілік белгісі. Келін үлкен адамдарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, даусын шығармай сәлем қылады. Үлкендер «көп жаса, бақытты бол», деп бата береді.

4. Жапан далада, түзде жүрген жастардың қасынан жасы үлкен адам өтіп бара жатса, алдын кесіп өтіп кетпей, сәлем беріп, амандасуы қажет.

5. Ауылға келген қонақпен ауыл адамдарының амандасуында белгілі ереже бар. Үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем беруге тиісті. Ал, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, үй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек.

6. Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар. Қол беріп амандасу, Төс қағыстырып амандасу, қолдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу, . иіскеп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу. а) Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.Қол алысу әрқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай етіп қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынған дұрыс емес.

ә) Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанашын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

б) Қолдан сүйіп амандасу – әжелердің, апалардың жақсы көретін балаларын, жасөспірімдерді қолынан сүюі. Қолдың сыртынан ғана сүйеді, алақаннан сүюге болмайды. г) Иіскеп амандасу – қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады. ғ) Маңдайдан сүйіп амандасу – үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

7. Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен ізет көрсету – сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет атқарады. Кейбір елдерде адамдар дауыс ырғағынан-ақ «кім екеніңді білдім» дейді. Бұл кездейсоқ айтылған сөз емес. Көнекөз қария бір сәтте-ақ бойыңыздағы барлық қасиетіңізді байқап қалады. Егер сен амандасу үстінде қабағыңды шытып, естілер-естілмес ерніңді жыбырлатып немесе үлкен кісінің қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігің бірден көрінеді.

8. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты – жылы шырай екенін ұмытпаған жөн. Сол себепті әркім қалай сәлемдесе білуді, өзінің қас-қабағын, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы керек.

9. Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып, бір қолын ұсынуы немесе шарт еткізіп дыбыс шығаруы да әдепсіздік болады. 10. Топ адамның ішінен атақты-абыройлы деген бір-екеуімен ғана алалап сәлемдесіп, қол алысу – барып тұрған әдепсіздік. Бұл сәлем берілген адамдардың өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады да, сәлем берілмегендер үшін ашықтан-ашық қорлау болып табылады.

11. Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бар. Ол –адамгершілік. Яғни, ата-анаңды құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі.

12. Адамның қоғамда бағалануы, ардақталуы, қадір-қасиетінің болуы – оның адамдармен қарым-қатынасын адамгершілік принциптерге құруына байланысты болады. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз қайырымды жанды адамгершіл деп дәріптеген. 13. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Осыған орай күнделікті өмірде «жақсы адам» немесе «жаман адам» деген әдептілік бағасы беріліп жатады. Ал, әдептілік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы.

14. Әдептілік ережелерін сақтау табиғи және мейлінше емін-еркін болып, ешқандай жағыдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуі тиіс.

2-сурак. Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігінің мазмұны

Білім берyге құзыреттілік тұрғыдан келy әрекеттік бағытпен тығыз байланыста бола отырып, құзырлылықтар жиынтығын меңгертyді, сол арқылы стyденттердің әлеyметтік – саяси, экономикалық, ақпарат әлеміндегі үнемі өзгермелі жағдайларға бейімделyін көздейді. Бұл тұрғыдан А.Л.Андреевтің: «Жалпы құзыреттілік білім берy саласындағы сұранысты қанағаттандырy мақсатында қоғамдық ортада пісіп жетілген қажеттілік нәтижесі болып табылады. Құзыреттілік дегеніміз - жеке тұлғадан қоғам талап етіп отырған біліктіліктер жиынтығы. Ал құзырет дегеніміз жеке тұлғаның дербес дамyын неғұрлым тиімді және сапалы қамтамасыз ете алатын білімдерінің жиынтығы. Өзін-өзі дамытy, өзін-өзі белсенді ете білy қабілеттері тұлғаның еркін таңдаy жасай алy мүмкіндігін айқындайды»,-деген пікірі бізге өте жақын.

3- сурак. Ата-бабамыздың құда түсу жол-жоралғылары

Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арманы, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі.

Олардын коптеген турлери бар мысалыга :«бата аяқ» ,«құйрық-бауыр» ,«кит» ,«Күйеудің ұрын баруы» ,«Ұрын той» ,«Сүтақы» ,«Қыз қашар» ,«Сыңсып көрісу»

,«Қол ұстатар» ,«Беташар» ,«Ұзатылған қыздың төркіндеу салты» .

Міне, осы жоралғы-дәстүрлердің бәрі жас отау босағасының берік,шаңырағының биік болуына, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті тұрмыс кешуіне негіз салған. Ал бүгінгі күні ше? Кешегі кеңес дәуірінде бұлар ескіліктің қалдығы ретінде қазақ өмірінен аластатылды. Тарихынан, ата-баба салт-дәстүрінен жұрдай дүбәра ұрпақ дүниеге келді. Тәуелсіздік таңы әлдеқашан атса да, орта буын болашақ ұрпаққа өнеге болатындай жолды әлі де үлгі қылар емес.

7-билет.

1-сурак. Ұлттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:Халқымыз тән мен жан тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы жас ұрпақты елiн, жерiн сүйетiн, қорғай бiлетiн, үлкенді сыйлайтын, еңбексүйгіш, түрлі ұлыс өкілдерін құрметтейтін және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасайтын, халқының келешегi үшiн бойындағы бар ақыл-қайратын аямай жұмсайтын намысқор, табиғатқа аялап қарайтын рухтағы саналы адам тәрбиелеудi мақсат еткен. Пәннің міндеттері:-студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру;

- болашақ маман бойында өзіндік кәсіби іс-әрекеттің жүйелі түрдегі көрінісін қалыптастыру;

-болашақ маманның тұлғалық және кәсіби (кәсіптік ойлау, қарым-қатынас жасай білу, әдептілік пен мәдениеттілік, т.б.) сапаларын қалыптастыру;

-студенттердің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру;

- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше пайдалануға тәрбиелеу.

2- сурак. Ұлттық тәрбие тағылымдары - болашақ маманның кәсіби даярлығының құралы ретінде.

Маманның ұлттық тәлім-тәрбие беруге даярлығы дегеніміз – Кәсіби парызына сәйкес, ұлттық тәлім-тәрбиені жүргізу бойынша білімдері, біліктілігі және қабілеттері негізінде қалыптасқан кәсіптік парыздылық санасының дайын күйі.

Ұлттық тәлім-тәрбие беруге даярлығы бар маман бойында мына қабілеттер болуы керек:

1.- жас ұрпақты жат қылықтардан сақ болуға, жан және тән сұлулығын сабақтастыра білуге және оны дамытуға үйрететін;

2.- жас өспірімдерді қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің негізгі ұғымдарымен, білімдерімен, дүниетанымдық идеяларымен және әдістерімен таныстыра алатын;

3.- жастарға қазақтың тілін, тарихын, дінін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын таныстыра отырып, сана сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастыра алатын;

4.- жас ұрпаққа қоғам мен табиғат ресурстарын өз игілігіне ұқыпты да ұтымды пайдалануға икемдеуге, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзілік жалпы адамзатқа тән құндылықтармен сабақтастыра алуға үйрететін;

5.- ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру үшін қазақ халқының терең де мағыналы тәлім-тәрбиесін қазақстандағы басқа ұлт өкілдеріне насихаттай алатын.

6.- болашақ ұрпақ бойында қазақтың ұлттық құндылықтары негізінде әлеуметтік-психологиялық, құқықтық-экономикалық және логикалық ойлауды дамытудың қажетті дағдылары мен шеберлігін меңгертетін, дұрыс және шешен сөйлеуді, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуді, бәсекеге қабілетті құзыреттілікті қалыптастыра алатын;

3- сурак. Қазақтың қолөнері

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.

Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған.

М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай – ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған.1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан. Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға- суретші, шеберлер.

8-билет.

1-сурак. Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады. АкадемикӘ.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» ,- депкөшпендіхалықөнеріненбастауалғанын теория жүзінде дәлелденген.

С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін».-ескертеді. Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Қолданбалы өнерінің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Ә.Марғұлан тарихи дәуірден сақталып келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата–ананың рухын қадірлеуден, аспанға, күнге табынудың бір белгісі; екіншіден, тек басын жұмырлап келтіру, өзге денені бедерлемеу және іргесіне төрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны дүниенің төрт бұрышын меңзегені; үшіншіден, VІІ-Х ғасырдағы мүсіндер өте реалистік бағытқа сүйеніп, шындықтан ауытқымауды, адамның келбетін (портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен.

Жас әйелді суреттеген тас мүсіндер «қыз тас», «келіншек тас» деп үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты сауыт ұстап отырады. Бұл да күнге аспанға табынудың, малымыз көп болсын деген тілек. Олар тас мүсіндерін екі жүйе болып созылған ұзын қанаты (жол) бар үлкен тас обалардың шығыс жағына орнатып бетін шығып келе жатқан күнге қаратып қойған. Шығып келе жатқан күнге бас иіп, табынып, одан жақсылық күткен.

2- сурак. Ұлттық психология ұғымы

Ұлттық психология  философиялық және социологиялық  әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.

Біріншіден, ұлттық психология  қоғамдық психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі.

Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді.

Үшіншілен, ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

3-сурак. Ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері

Ұл тәрбиесінде, ұлдарға  болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер  мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі.

Нағыз жігіт – қорған болар халқына,  Нағыз жігіт - берік болар антына. Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді,  Адал болар ата-баба салтына.

9-билет.

1-сурак. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар

Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:

-халықтың басынан өткерген тарихы;

-ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;

-төлтума мәдениеті;

-ақпарат алмасу тілі;

-салттары мен дәстүрлері;

-тұрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары;

-діні;

-әлеуметтік-демографиялық жағдайы.

Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.

2- сурак. Қазақ халқының күй өнері

«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.

Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады.  

XVI  ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері белгілі.

Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ «күй» сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта «Ақсақ құлан» атты күй болуы. Туу тарихы жағынан бұл күй Шыңғыс хан жорықтарымен тұстасады Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ.

Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілі тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау Уали Бекеновтың кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері).

Көне ғасырда Қорқыт, XII ғасырда Кетбұға, XIV-XV ғасырларда Асанқайғы, XV ғасырда Қазтуған, XVI-XVII ғасырларда Байжігіт, XVIII ғасырда Абылайхан, XIX ғасырдың бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа, Сармалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Мамен, Дина, Сүгір, Сейтек  т.б. секілді дарынды күйші, дәулескер домбырашылар – қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.

Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен домбыра аспабы елімізде айырықша орын алуда. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы, Құрманғазы атындағы Ұлтық консерваторияда, еліміз бойынша көптеген колледждерде қаншама болашақ домбырашы мамандар білім алуда.

3- сурак. Еңбек тәрбиесінің қағидалары

Еңбек тәрбиесінің қағидалары:1.Еңбек тәрбиесінің басты қағидасы – мақсаттылық

2.Дәстүрлі еңбек тәрбиесінің үздіксіздігі, беріктігі, жүйелілігі

3.Дәстүрлі еңбек түрлерінің қоғамдық өмірмен байланысы

4.Жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке түрлеріне ұжым арқылы тәрбиелеу

5.Жеткіншектердің жас және дара ерекшеліктері мен жыныстық өзгешелігін ескере отырып дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу.

10-билет.

1 сурак. Қариялар мен жастардың қоғамдағы орны туралы айтыла қалғанда Қаз дауысты Қазыбектiң пәлсапаға толы астарлы сөзi еске орала кетедi. Ұлыстағы қарт кiсiлерге кейiнгi толқын iзбасарлары «өткенiн көксейдi» деп ренжитiн көрiнедi. Көп жасағандар жалындаған жастарды «ақылымызды тыңдамайды, бұзылып бара жатыр» деп кiнәлапты. Екi жағы тәжiкелесiп, дуалы ауыз биге жүгiнiсiптi. Шешендiкке келгенде шашасына шаң жұқпайтын қазақтың ақтангерi қарттар мен жастарды зейiн қоя тыңдапты. Әбден ойланып, толғанып барып: «Жалтылдақ деп жастықты сөкпе, бәрiңнiң шыққан тегiң сол, қалтылдақ деп қарттықты сөкпе, бәрiңнiң жетер шегiң сол» дегенде қариялар жағы селт етiп, орындарынан асығыс тұрып, етегiнiң шаңын қаңғып, желiдегi мiнiстерiне қарай жөнеп берiптi. Аңырайған жастары естерiн тез жиып, жүгiрiп барып оларды аттарына қолтығынан сүйеп мiнгiзiптi деседi. Бәлкiм, бұл аңыз. Бiрақ шындыққа бергiсiз.

  • 2 сурак. Әрбір халықтың өзінің ұлттық тарихы бар. Ұлттың тарихы – ұлттық сана. Сана белгілі бір ұлт өнімінің дамуы, сол ұлттың мәдениетінің өмірі мен мақсаты болып табылады. Сондықтан да, ұлттық сана-сезімнің қалыптасу жолдары әр түрлі, ерекше әрі қайталанбас құбылыс. Бұл ерекше құбылысты түсінудегі басты мәселе, яғни, бір халықтың ұлттық өзіндік санасының басқа халықтың ұлттық өзіндік санасынан ерекшелік белгілерінің қалыптасуы мен көрініс беруін анықтау. Мұны тек ұлттық өзіндік сананы тарихи-мәдени және әлеуметтік-мәдени астарларда талқылау арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

  • Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз - этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық сезім үш элементтен тұрады.

  • Біріншісі - ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.

  • Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне әсер етеді

  • Ұлттың мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардық бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады.

  • Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды.

  • 3 сурак. Қазіргі заман талабына сәйкес, отбасы еңбек тәрбиесінен бастап әрбір жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән еңбекке деген көзқарасы, еркі, өзіндік еңбек іс-әрекетін жасай алатын қабілеті бар субъект екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттар жүзеге асырылады:

  • 1.Қазақ этнопедагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық тәжірибесіне негізделген дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жеткіншектердің еңбекке деген ұлттық сана-сезімін, еңбек дағдыларын, еңбек етуге әзірлігін, әдеттенуін қалыптастыру.

  • 2.Көпсалалы ұлттық мектептерді еңбек кабинеттерімен қамтамасыз ету, оқу-өндіріс комбинаттарының жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярлайтын оқу орындарында дәстүрлі еңбек түрлерінің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар үйретуді, меңгертуді көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтік оқуларды енгізу.

  • 3.Қазақ ұлтының дәстүрлі еңбек түрлерінің қайта түлеуіне, жасөспірімдерді еңбекке даярлаудағы этникалық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың еркін гүлденуіне құқылы екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру.

  • 4.Балалар мен жастардың еңбек етуге әдеттену, әзірлену, жұмысты істей білуге деген ықыласын арттыру; олардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбексүйгіштік, шығармашылық, белсенділік, іскерлік қасиеттерін дамытып, оны қоғамдық еңбек талабына сай іске асыруға көмектесу.

  • 11Билет.

  • 1 сурак . Ұлттық тәрбиеде тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

  • 2. Ұлттық тәрбиеде тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деп ой түйіндеген.

  • 3. Ұлттық тәрбиеде баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

  • 4. Ұлттық тәрбиенің тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.

  • 5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгінгі педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

  • 6. Ұлттық тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі – тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге Дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

  • 7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

  • 8. Ұлттық тәрбие отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Ұлттық тәрбиеде «Көп талқысы – тез», «Көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған. Ал ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген.

  • 2 сурак. Қазақ халқының танымындағы «жігіт» концептісіне қатысты атаулар, қазақ жігіттерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі т.б. «жігіт» концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеуді қажет етеді.

  • - «Жігіт» сөзі орыс тіліндегі «джигит», «детина», «юноша», «парень» сөздеріне сай келеді. Ал «менің жігітім», «сенің жігітің», «оның жігіті» дегендердегі тәуелді түрде келетін «жігіт» сөзінің (орысшасы - парень, паренек) мағынасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілмеген. «Жігіт» сөзінен жасалған туынды сөздер де аз емес. Олар: жігіттік(шақ), жігітсі(у), жігітсіз, жігітсін(у), жігітше, жігітшілік, жігітімсің, жігіт-желең т.б.

  • - Жігіттің бейнесі негізінен жастықтың, адамгершіліктің ұлттық өлшемдерімен егіз өріледі. Мұны сипаттайтын тілдік бірліктер жігітті рәміздейтін сөз тіркестері төңірегінде топтастыруға болады.

3 сурак. Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi.