Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizika_shpor_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

1-2.Электромагниттік индукция құбылысы. Ленц ережесі. Фарадей заңы және оны энергияның сақталу заңынан қорытып шығару.

Магнит өрісінің өзгеруі арқасында тұйықталған тізбекте электр тогының пайда болу құбылысы электромагниттік индукция д.а. Осындай әдіспен алынған ток индукциялық д.а. Индукциялық токтың бағыты магнит ағынына қарсы. 7 Фарадейдің электромагнит индукция заңы: тұйық контурда пайда болатын индукцияның электр қозғаушы күші, осы контурды тесіп өтетін магнит ағынының уақытқа байланысты өзгеру жылдамдылығына тең: . Ленц ережесі – индукциялық тоқтан пайда болған В’ магнит индукциясының бағыты әрқашанда өзін тудырған В магнит өрісінің индукциясына қарама қарсы.

3. Өздік және өзара индукция құбылыстары. Индуктивтілік.

Егер қандай да бір контурда айнымалы ток жүрсе, онда оның туғызатын магнит өрісі де тұрақты болмайды. Ендеше осы токтың өз контурынан қоршаған аудан арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны өзгереді. Магнит индукция ағынының өзгерісі контурда э.қ.к. тудырады. Сөйтіп контурдағы токтың өзгерісі осы контурдың өзінде индукция э.қ.к. тууына себеп болады. Осы құбылыс өздік индукция д.а. контурмен байланысты магнит ағыны осы контурдағы ток шамасына пропорционал болады. Ф=LI. Индуктивтілік өткізгіштің н-е катушканың формасына және өлшеміне, ортаның магниттік қасиетіне тәуелді тәуелді шама.Өздік индукция – кез келген контурда уақыт бойынша өзгеретін электр тоғы уақыт бойынша өзгеретін магнит индукциясын туғызады, демек контурдағы ЭҚК индукциаланады: . Өзара индукция – контурдың біреуінде тоқ күші өзгерген кезде оның екіншісіне ЭҚК пайда болу құбылысы. Өзара индукцияның индуктивтигі контурлардың геометриялық формасына, өлшемдеріне, олардың өзара орналасуына және контурды қоршаған ортаның магниттік қасиетіне тәуелді болады.

4.Тоқтың магнит энергиясы. Магнит өрiсi энергиясының көлемдiк тығыздығы.

Тізбектегі н/е контурдағы тоқ күшейгенде оның туғызатын магнит өрісі де күшейеді, сондықтан осы магнит өрісінен өнген энергия магнит өрісінің энергиясы болып табылады. Бірлік көлемдегі энергия шамасын магнит өрісі энергиясының тығыздығы деп атаймыз:

Сөйтіп магнит өрісінің энергиясымен оның тығыздығы магнит индукциясының квадрат шамасына пропорционал болады.

5.Электромагниттік өріс үшін Максвелл теориясының жалпылама сипаттамасы. Максвелл теңдеулер жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы.

, , , . Электр заряды электр индукциясын қоздырады. Магнит зарядтарының болуы мүмкін емес. Магнит индукциясының өзгерісі құйынды электр өрісін қоздырады. Электр тоғы және электр индукциясының өзгерісі құйынды магнит өрісін қоздырады.Тұйықталған S беті арқылы өтетін электр индукциясының ағыны осы S бетін қоршап жататын V көлемдегі бос заряд өлшеміне пропорционалды. Тұйықталған бет арқылы өтетін магнит индукциясы нөлге тең немесе магнит зарядтарының болуы мүмкін емес. Кері таңбамен алынған S беті арқылы өтетін магнит индукциясының ағынының өзгерісі осы S бетінің шеті болып есептелетін l тұйықталған контуріндегі электр өріс циркуляциясына пропорционалды. S беті арқылы өтетін бос зарядтар құрайтын толық тоқ және электр индукциясының ағынының өзгерісі осы S бетінің шеті болып есептелетін l тұйықталған контуріндегі магнит өрісінің циркуляциясына пропорционал.

. Өзгеретін электр және пайда болған магнит өрістері арасындағы сандық қатынасты орнатуда Максвелл ығысу тоғы деп аталатынды енгізді. Максвелл идеясы бойынша айнымалы магнит өрісі әрқашанда өзін тудыратын электр өрісімен байланысты, ал өз кезегінде айнымалы электр өрісі өзін туғызған магнит өрісімен байланысты. Осы екеуі біртұтас электромагниттік өріс құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]