Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хрень.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.95 Кб
Скачать

1 Билет

1 Қазақстан қалалары. Ел- ордасы –Астана.

Астана

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.

Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.

Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.

Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы.

Бәйтеректің төменгі бөлігі төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе, аквариумдер, «Бәйтерек» кішігалереясы бар.

2 Оқшау сөздер

Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.Оқшау сөздерге

3 Тест

_________________________________________________________________

2 Билет

1 Тарихи-мәдени ескерткіштер. «Алтын адам» туралы әңгімелеу.

«Алтын адам» ескерткіші - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзені жағалауындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам» – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.

2 Фонетика. Тән дыбыстар.

Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар

дауыстылар дауыссыздар

жуан жіңішке ұяң үнді қатаң

ұ,ы ү,і,ө,ә ғ, ң, қ, һ

Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Дауысты дыбыстардың саны-12. Дауыссыз дыбыстар-25. Екі әріп – жіңішкелік белгісі (ь ) мен айыру белгісі ( ъ ). Бұлар дыбыстарға жатпайды.

Буын дауысты дыбыстар арқылы жасалады. Қазақ буын үш түрге бөлінеді:

Қазақ тілінде екпін тұрақты болады. Екпін сөздің соңына түседі

3 Тест

__________________________________________________________________

3 Билет

1Әбілхан қастеев туралы әңгімелеу.

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

2 Сөз құрамы.

Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам,

Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.