- •1.Қоғамдық және заң ғылымы жүйесіндегі жалпы құқық теориясы.Жалпы құқық теориясы пәні.
- •2.Құқық теориясы мен басқа заң ғылымдарының арақатынасы. Мемлекет пен құқық теориясы.
- •3.Табиғи құқық теориясы мен тәжірибесіндегі оның орны.Табиғи құқықтарды түсінуге бағыттар.
- •5.Құқықтық реттеу саласындағы рөлі. Заң саласындағы құқық жайлы түсініктің эволюциясы.
- •6.Қазіргі заманғы құқықты түсіну: негізгі концепциялар. Табиғи құқық теориясы мен құқық тәжірибесіндегі оның орны.
- •7.Заң мен құқық түсінігінің сұрақтары.Табиғи құқық пен позитивтіт заңның арақатынасы.
- •8.Құқықтық заңның критерийлары. Қр Конституциясындағы табиғи құқық мәселесінің орын алуы.
- •10.Жүзеге асырылушы құқық. Қазіргі құқық мәселелері
- •11.Дәстүрлі құқық. Дәстүрлі құқықтың институционалдық негіздері. Дәстүрлі қоғамның құқықтық жүйесіндегі дәстүрлі құқықтың жүйесі. Дәстүрлі-құқық жүйесінің трансформациясы
- •14.Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері – қазіргі құқықтың басты қайнар көзі ретінде.
- •15.Нормативті құқықтық актілер жүйесі. Нормативті құқықтық актілердің иерархиясы. Заң үстемдігінің мәселелері. Заң үстемдігінің шарттары.
- •19.Құқықты жүзеге асырудың нысаны мен әдістері. Құқықты қолдану құқықты жүзеге саырудың ерекше формасы ретінде.
- •21.Құқықтық қатынастар теориясының мәселелері.
- •22.Құқық қатынастары – қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде. Құқықтық қатынастар жүйесі. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
- •23.Заңи фактілердің түсінігі мен классификациясы. Заңи құрам. Құқық нормасы мен қатынастары.
- •42. Халықаралық құқық жүйесіндегі адам құқықтарының классификациясы мен халықаралық стандарттар.
- •43.Қазақстан Республикасының адамдары мен азаматтарының құқықтарының тәжірибелік аспектілері.
- •44.Адам құқықтарының шектеулердің мәселелері. Адам құқықтарының шектеудің қағидалары. Әдістері, нысандары мен адам құқықтарын шектеудің мақсаттары.
- •45.Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мәселелері. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін органдар мен олардың функциясы.
23.Заңи фактілердің түсінігі мен классификациясы. Заңи құрам. Құқық нормасы мен қатынастары.
Заңды айғақтар (фактілер) — нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сал айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардан мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.Заңды айғақтар бірнеше негіздер арқылы жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді:
- Құқықты құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);
- Құқықты тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айрылады). - Құқық өзгертетін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру, т.с.с). Әрекеттердің өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін. Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары. Әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген (атап көрсетілген) болса ғана айғақтарға жатады.
24.Құқықтық сананың түсінігі, құрылымы, түрлері.
25.Құқықтық сананың құқық шығармашылығы барысында және құқықты қолданудағы ықпалы. Құқықтық идеология мен құқықтық психология.
26.Конформизм мен нонкорфомизм. Заңды тыңдау. Заңға құрмет.
27.Құқықтық сана қоғамдық мәдениеттің бір саласы ретінде.
28.Құқықтық нигилизмнің түсінігі, себептері, оларды болдырмаудың тәсілдері. ҚР-дағы құқықтық тәрбиенің тиімділік мәселелері.
Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:
1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.
2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.
5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.
6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.
29.Құқықтық тәртіп пен оны оқытудың әдістері.
30.Құқықты ұстанудың мәселелері.
31.Құқықтық сананың формасы мен түрлері.
32.Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері.
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады. Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз блатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады.;
Кінәлілік-басқаша айтқанда, құқық бұзушылыққа бару – құқық бұзушының тысқарында ешбір ықпалсыз – ақ өзінің ерік ықтиярына әлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі әрекет (мінез-құлық). Егерде жеке адамды таңдау еркі болмаса, егер л өзінің іс-әрекетінің құқыққы қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болса, онда оның кінәлі әрекеті құқық бұзушылық болмайды да, объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды.
Әрекетсіздік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады.
Жазаланушылық-мемлекет тарапынан мәжбрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.
33.Құқықбұзушылықтың заңи құрамы.
34.Заңи жауапкершіліктің әдістемелік мәселелері.
35. «Заңи жауапкершілік» түсінігінің құрамы.
36.Заңи жауапкершіліктің түрлері. Конституциялық жауапкершілік және оның заңи жауапкершілік жүйесіндегі орны.
37.Заңи ғылымдардың саласындағы жауапкершілік теориясы. Жауапкершіліктің процессуалдық нысаны.
38.Заңи жауапкершілік принциптері. «Қорғануға құқық».
39.Заңи жауапкершілік нормаларын түсіндірудің мәселелері. Жалпы теориясы.
40.Конституциялық жауапкершілік және оның заңи жауапкершілік жүйесіндегі орны. Жауапкершіліктің процессуалдық нысаны. Мемлекеттік мәжбүрлеудің құқықтық формалары.
41. Адам құқықтарын зертеудің әдістемелік мәселелері. Адам құқығы мен заңнама.
Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқықтары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейдеКонституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт(19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшінжаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.
Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.
