- •1.Қоғамдық және заң ғылымы жүйесіндегі жалпы құқық теориясы.Жалпы құқық теориясы пәні.
- •2.Құқық теориясы мен басқа заң ғылымдарының арақатынасы. Мемлекет пен құқық теориясы.
- •3.Табиғи құқық теориясы мен тәжірибесіндегі оның орны.Табиғи құқықтарды түсінуге бағыттар.
- •5.Құқықтық реттеу саласындағы рөлі. Заң саласындағы құқық жайлы түсініктің эволюциясы.
- •6.Қазіргі заманғы құқықты түсіну: негізгі концепциялар. Табиғи құқық теориясы мен құқық тәжірибесіндегі оның орны.
- •7.Заң мен құқық түсінігінің сұрақтары.Табиғи құқық пен позитивтіт заңның арақатынасы.
- •8.Құқықтық заңның критерийлары. Қр Конституциясындағы табиғи құқық мәселесінің орын алуы.
- •10.Жүзеге асырылушы құқық. Қазіргі құқық мәселелері
- •11.Дәстүрлі құқық. Дәстүрлі құқықтың институционалдық негіздері. Дәстүрлі қоғамның құқықтық жүйесіндегі дәстүрлі құқықтың жүйесі. Дәстүрлі-құқық жүйесінің трансформациясы
- •14.Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері – қазіргі құқықтың басты қайнар көзі ретінде.
- •15.Нормативті құқықтық актілер жүйесі. Нормативті құқықтық актілердің иерархиясы. Заң үстемдігінің мәселелері. Заң үстемдігінің шарттары.
- •19.Құқықты жүзеге асырудың нысаны мен әдістері. Құқықты қолдану құқықты жүзеге саырудың ерекше формасы ретінде.
- •21.Құқықтық қатынастар теориясының мәселелері.
- •22.Құқық қатынастары – қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде. Құқықтық қатынастар жүйесі. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
- •23.Заңи фактілердің түсінігі мен классификациясы. Заңи құрам. Құқық нормасы мен қатынастары.
- •42. Халықаралық құқық жүйесіндегі адам құқықтарының классификациясы мен халықаралық стандарттар.
- •43.Қазақстан Республикасының адамдары мен азаматтарының құқықтарының тәжірибелік аспектілері.
- •44.Адам құқықтарының шектеулердің мәселелері. Адам құқықтарының шектеудің қағидалары. Әдістері, нысандары мен адам құқықтарын шектеудің мақсаттары.
- •45.Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мәселелері. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін органдар мен олардың функциясы.
15.Нормативті құқықтық актілер жүйесі. Нормативті құқықтық актілердің иерархиясы. Заң үстемдігінің мәселелері. Заң үстемдігінің шарттары.
Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады. Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті ресми құжат.Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді. Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы).
1) Конституция – жоғары заң күші бар;
2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;
4) ҚР Кодекстері;
5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;
6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;
7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;
8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
9)министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары;
10)мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Нормативтік-құқықтық актінің уақытқа, кеңістікке және субъектілері бойынша күші. Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады: Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім еткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген. Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994-і жылы желтоқсан айында қабылданған, ал күшіне енуі 1995-і жылдың 1-ші наурызынан басталды.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқтатылуы мына жағдайларда болады.
Жаңа актінің кабылдануына байланысты. Жаңадан қабылданған акт қағида бойынша өзі қабылданғаннан кейінгі пайда болған қоғамдық қатынастарға ғана өз күшін тарата (яғни қолдана) алады.
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабыданғаннан бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі қатынастарға бұл заңның күші жүрмейді – деп түсіну керек.
Дей тұрсақ та, бұл қағидаттан ерекшелік ретінде болатын қағидалар да бар, олар:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт қабылданғаннан бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі арнайы түрде атап көрсетілген жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жеңілдеткен жағдайда да заңның кері күші болады.
3. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жойған жағдайда да заңның кері күші болады.
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға енетін кеңістік аталымының мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен, кеңістік дегеніміз мемлекет шекарасы шегіндегі жер беті (бедері) белігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны, олардың үстіндегі әуе (атмосфера) кеңістігі жатады, халықаралык сулардағы ашық теңіздерде жүзіп жүрген әскери және олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппараттардың аумағы, сондай-ақ елшіліктердің аумақтары.
Сондықтан да бұл аумактар құқық теориясында "экстерриториалдылық" деген ұғым арқылы беріледі.Нормативтік актілер күшінің "экстерриториалдылығы" құқықтық актілердің мемлекет аумағынан да тысқары аумақтарға жайылып таралуын білдіреді. Мысалы, белгілі бір саудадағы мәмілелерді: (келісімдерді), кейбір мұрагерлік туралы істерді сотта қарағанда шетелдік заңдарды пайдалануға рұксат беріледі.
Қамту өрісі (субъектілер) – бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар және шетелдіктер жатады. Жалпы ереже бойынша нормативтік актілер мемлекет аумағындғы тұлғалардың бәріне бірдей таралады. Бұл қағидаттан да ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктер бар. Мысалы, нормативтік актілердін күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға деген өзіндік ерекшеліктер болады. Оларға кейбір құқықтар берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді (Мемлекеттік органдарды сайлауға, өздерінің оларға сайлауына, қарулы күштер қатарында әскери қызметін өтеу (атқару) және т.б. құқықтары берілмейді). Шет ел өкілдері (ел басылар және үкімет басшылары, елшіліктердің дипломатиялық қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар дипломатиялық... (экстерриториалдық) құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жөніндегі жауаптылықтары дипломатиялық жолдар арқылы шешіледі.
16.Нормативті келісім-шарттың дамуының тарихи сатылары. Құқықтық келісім-шарттарды реттеудің жалпытеориялық сұрақтары.
17. Қазіргі қазақстандық келісім-шарт құқығы реттеу тәжірибесінің маңызы.
18.Қазіргі құқықтың жүзеге асырылу мәселелері
