Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.89 Кб
Скачать

3.Табиғи құқық теориясы мен тәжірибесіндегі оның орны.Табиғи құқықтарды түсінуге бағыттар.

Табиғи құқық теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.

4.Құқық және әділдік. Құқық және теңдік. Құқық және еркіндік. Құқықтың бағасы.

Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетір адамның әрекеті әділ болып саналады.

Еркіндік– адамның ажыратылмайтын қасиет. Тек еркіндік болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

5.Құқықтық реттеу саласындағы рөлі. Заң саласындағы құқық жайлы түсініктің эволюциясы.

6.Қазіргі заманғы құқықты түсіну: негізгі концепциялар. Табиғи құқық теориясы мен құқық тәжірибесіндегі оның орны.

7.Заң мен құқық түсінігінің сұрақтары.Табиғи құқық пен позитивтіт заңның арақатынасы.

Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды" деген тұжырым – заң мен құқықты ажыратудың қажет екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы – қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен, белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық – құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғүрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, кұқықтық заң коғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік мәні бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды. Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік және субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]