- •1.Қоғамдық және заң ғылымы жүйесіндегі жалпы құқық теориясы.Жалпы құқық теориясы пәні.
- •2.Құқық теориясы мен басқа заң ғылымдарының арақатынасы. Мемлекет пен құқық теориясы.
- •3.Табиғи құқық теориясы мен тәжірибесіндегі оның орны.Табиғи құқықтарды түсінуге бағыттар.
- •5.Құқықтық реттеу саласындағы рөлі. Заң саласындағы құқық жайлы түсініктің эволюциясы.
- •6.Қазіргі заманғы құқықты түсіну: негізгі концепциялар. Табиғи құқық теориясы мен құқық тәжірибесіндегі оның орны.
- •7.Заң мен құқық түсінігінің сұрақтары.Табиғи құқық пен позитивтіт заңның арақатынасы.
- •8.Құқықтық заңның критерийлары. Қр Конституциясындағы табиғи құқық мәселесінің орын алуы.
- •10.Жүзеге асырылушы құқық. Қазіргі құқық мәселелері
- •11.Дәстүрлі құқық. Дәстүрлі құқықтың институционалдық негіздері. Дәстүрлі қоғамның құқықтық жүйесіндегі дәстүрлі құқықтың жүйесі. Дәстүрлі-құқық жүйесінің трансформациясы
- •14.Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері – қазіргі құқықтың басты қайнар көзі ретінде.
- •15.Нормативті құқықтық актілер жүйесі. Нормативті құқықтық актілердің иерархиясы. Заң үстемдігінің мәселелері. Заң үстемдігінің шарттары.
- •19.Құқықты жүзеге асырудың нысаны мен әдістері. Құқықты қолдану құқықты жүзеге саырудың ерекше формасы ретінде.
- •21.Құқықтық қатынастар теориясының мәселелері.
- •22.Құқық қатынастары – қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде. Құқықтық қатынастар жүйесі. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
- •23.Заңи фактілердің түсінігі мен классификациясы. Заңи құрам. Құқық нормасы мен қатынастары.
- •42. Халықаралық құқық жүйесіндегі адам құқықтарының классификациясы мен халықаралық стандарттар.
- •43.Қазақстан Республикасының адамдары мен азаматтарының құқықтарының тәжірибелік аспектілері.
- •44.Адам құқықтарының шектеулердің мәселелері. Адам құқықтарының шектеудің қағидалары. Әдістері, нысандары мен адам құқықтарын шектеудің мақсаттары.
- •45.Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мәселелері. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін органдар мен олардың функциясы.
42. Халықаралық құқық жүйесіндегі адам құқықтарының классификациясы мен халықаралық стандарттар.
43.Қазақстан Республикасының адамдары мен азаматтарының құқықтарының тәжірибелік аспектілері.
44.Адам құқықтарының шектеулердің мәселелері. Адам құқықтарының шектеудің қағидалары. Әдістері, нысандары мен адам құқықтарын шектеудің мақсаттары.
Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады. Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады. Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет. Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген. Біздің зерттеуіміз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтық мемлекетте іске асырылуына арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады. Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес. Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1, 3 б.], - деп жазылған. Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады. «Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады [2, 34 б.]. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмүнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды.
Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:
1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;
2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);
3) жеке адамға тумысынан тән болады;
4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;
5) тікелей күші бар болып келеді;
6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;
8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;
9) Бұларды тану, бұлжытпай орындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады.
Адамның өмір сүруі және оның лайықты тұрмыс жағдайларында тіршілік ету құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуінің өзі-ақ жеткілікті болады. Ал басқа құқықтарын іске асыру үшін ол адамда азамат пен тұлғаға тән қасиеттерінің болуы қажет-ақ.
Сонымен, азаматтық құқық - заң жөне мемлекет тарабынан қорғалатын, әрі заң тұрғысынан алғанда осы азаматтың жүріс-тұрысының шама мөлшері. Енді осы құқық кім көрінгеннің мүддесін қанағаттандыруға емес, тек нақты мемлекетпен тиянақты байланыс орнатқан азаматтың ғана мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болады.
Азамат құқықтары адам құқықтарына қарағанда әрдайым заңдық категориялар түрінде көрінеді, бұл олардың айырмашылығы болып табылады. Олардың (азамат құқықтарын) мемлекет танымайынша олар заң жүзінде баянды етілмейінше, адамның нақты жақпен байланысы орнамайынша тәуелсіз түрде бар болуы, іске қосылуы мүмкін емес яғни қолданылуы да мүмкін емес.
Тұлға бостандығы - азамат құқығы, мұның өзі қандай да бір кедергінің немесе бір нәрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді.