Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.89 Кб
Скачать

Қазіргі кездегі жалпы құқық теориясының мәселелері – 1 кредит

1.Қоғамдық және заң ғылымы жүйесіндегі жалпы құқық теориясы.Жалпы құқық теориясы пәні.

2.Құқық теориясы мен басқа заң ғылымдарының арақатынасы. Мемлекет пен құқық теориясы.

3.Табиғи құқық теориясы мен тәжірибесіндегі оның орны.Табиғи құқықтарды түсінуге бағыттар.

4. Құқық және әділдік. Құқық және теңдік. Құқық және еркіндік. Құқықтың бағасы.

5.Құқықтық реттеу саласындағы рөлі. Заң саласындағы құқық жайлы түсініктің эволюциясы.

6.Қазіргі заманғы құқықты түсіну: негізгі концепциялар. Табиғи құқық теориясы мен құқық тәжірибесіндегі оның орны.

7.Заң мен құқық түсінігінің сұрақтары.Табиғи құқық пен позитивтіт заңның арақатынасы.

8.Құқықтық заңның критерийлары. ҚР Конституциясындағы табиғи құқық мәселесінің орын алуы.

9.Құқықтың қайнар көздерінің мәселелері.Заң құқығының қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы.

10.Жүзеге асырылушы құқық. Қазіргі құқық мәселелері

11.Дәстүрлі құқық. Дәстүрлі құқықтың институционалдық негіздері. Дәстүрлі қоғамның құқықтық жүйесіндегі дәстүрлі құқықтың жүйесі. Дәстүрлі-құқық жүйесінің трансформациясы

12.Заңдық прецедент.Жалпы және континентальды құқық жүйесіндегі заңи прецеденттің орны.

13.Заң – құқықтың қайнар көзі ретінде.

14.Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері – қазіргі құқықтың басты қайнар көзі ретінде.

15.Нормативті құқықтық актілер жүйесі. Нормативті құқықтық актілердің иерархиясы. Заң үстемдігінің мәселелері. Заң үстемдігінің шарттары.

16.Нормативті келісім-шарттың дамуының тарихи сатылары. Құқықтық келісім-шарттарды реттеудің жалпытеориялық сұрақтары.

17. Қазіргі қазақстандық келісім-шарт құқығы реттеу тәжірибесінің маңызы.

18.Қазіргі құқықтың жүзеге асырылу мәселелері

19.Құқықты жүзеге асырудың нысаны мен әдістері. Құықты қолдану құқықты жүзеге саырудың ерекше формасы ретінде.

20.Халықаралық, ұлттық, шетелдік құқық нормаларын қолдану ерекшеліктері. Құқықтық нормалардың коллизиясы.

21.Құқықтық қатынастар теориясының мәселелері.

22.Құқық қатынастары – қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде. Құқықтық қатынастар жүйесі. Құқықтық қатынастардың құрылымы.

23.Заңи фактілердің түсінігі мен классификациясы. Заңи құрам. Құқық нормасы мен қатынастары.

24.Құқықтық сананың түсінігі, құрылымы, түрлері.

25.Құқықтық сананың құқық шығармашылығы барысында және құқықты қолданудағы ықпалы. Құқықтық идеология мен құқықтық психология.

26.Конформизм мен нонкорфомизм. Заңды тыңдау. Заңға құрмет.

27.Құқықтық сана қоғамдық мәдениеттің бір саласы ретінде.

28.Құқықтық нигилизмнің түсінігі, себептері, оларды болдырмаудың тәсілдері. ҚР-дағы құқықтық тәрбиенің тиімділік мәселелері.

29.Құқықтық тәртіп пен оны оқытудың әдістері.

30.Құқықты ұстанудың мәселелері.

31.Құқықтық сананың формасы мен түрлері.

32.Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері.

33.Құқықбұзушылықтың заңи құрамы.

34.Заңи жауапкершіліктің әдістемелік мәселелері.

35. «Заңи жауапкершілік» түсінігінің құрамы.

36.Заңи жауапкершіліктің түрлері. Конституциялық жауапкершілік және оның заңи жауапкершілік жүйесіндегі орны.

37.Заңи ғылымдардың саласындағы жауапкершілік теориясы. Жауапкершіліктің процессуалдық нысаны.

38.Заңи жауапкершілік принциптері. «Қорғануға құқық».

39.Заңи жауапкершілік нормаларын түсіндірудің мәселелері. Жалпы теориясы.

40.Конституциялық жауапкершілік және оның заңи жауапкершілік жүйесіндегі орны. Жауапкершіліктің процессуалдық нысаны. Мемлекеттік мәжбүрлеудің құқықтық формалары.

41. Адам құқықтарын зертеудің әдістемелік мәселелері. Адам құқығы мен заңнама.

42. Халықаралық құқық жүйесіндегі адам құқықтарының классификациясы мен халықаралық стандарттар.

43.Қазақстан Республикасының адамдары мен азаматтарының құқықтарының тәжірибелік аспектілері.

44.Адам құқықтарының шектеулердің мәселелері. Адам құқықтарының шектеудің қағидалары. Әдістері, нысандары мен адам құқықтарын шектеудің мақсаттары.

45.Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мәселелері. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін органдар мен олардың функциясы.

Жауабы:

1.Қоғамдық және заң ғылымы жүйесіндегі жалпы құқық теориясы.Жалпы құқық теориясы пәні. Қазіргі кездегі ғылым – бұл жекелеген ғылым салаларының жиынтығы. Ғылымдар жүйесін қалыптастыратын ғылыми пәндерді шартты түрде үшке бөледі: а) гуманитарлық; ә) техникалық; б) жаратылыстану.

а) Гуманитарлық ғылым – қоғамды, адамдарды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейді. Заң ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың бір бөлігі. Өйткені, мемлекет пен құқық әлеуметтік құбылыстар болып табылады. Заң ғылымдарын келесідей бөлуге болады:

- мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы;

- тарихи құқықтық ғылымдар (Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, шетел мемлекет және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);

- салалық заң ғылымдары (Конституциялық, экологиялық, әкімшілік, жер, отбасы құқығы);

- салааралық заң ғылымдары (азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқығы);

- шетел

- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот сараптамасы, құқықтық статистика).

Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.

Заң ғылымдар жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының орны ерекше. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді. Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді, ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.мынада:Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пәнін қоғамдық құбылыстар–мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеленеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]