Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать
    1. Қызмет көрсетудегі персоналды басқаруды ұйымдастырудың негізгі түсініктері

Персоналды басқару немесе персонал менеджменті түсінігіне қызмет түрлерінің жүйесі, ең алдымен басқарушылық, жеке менеджерлер және барлық басқару аппараты кіреді. Қонақ үй шаруашылығы абстрактілі еңбек күшін іздейді, алайда нақты адамдармен жұмыс істейді. Бұл персонал менеджментінің функциясының екі бағытын ашады:

  • адамдарға жетекшілік ету;

  • сандық көрсеткіштермен есептік-аналитикалық жұмыс (персонал қажеттілігімен есеп-айырысу, оның құнын анықтау және жағдайды талдау, штаттық кесте құру, персонал міндеттерін өңдеу).

Қонақ үй персоналын басқару түсінігі әр түрлі нұсқауларда, аспектілерде және бірнеше деңгейлерде қолданылады. Ол жүйе ретінде қонақ үй деңгейінде реттелетін қарым-қатынас жүйесін өңдеуді қосады. Өндіріс процесі деңгейінде нақты қызметкерлерді басқару туралы сөз қозғалады. Өнімдер деңгейінде белгілі бір кадрларды орналастыру барысында қызметкерлерді жұмыс күші ретінде басқару оның нәтижесін бағалауға әкеледі.

Қонақ үй персонал менеджментінің үш деңгейі немесе өлшемдері бар: оперативтік, тактикалық және стратегиялық. Олар әр түрлі тапсырмалар масштабы мен оларды орындау уақытымен қамтылған.

Оперативтік деңгей қонақ үй персоналының нақты белсенді аймағын және персонал менеджментіне қатысты салаға әсерін қамтиды. Бұл жерде қызметкерлер туралы мәліметтерді талдаудан бастап, олардың құнымен есеп-айырысуға, сондай-ақ персоналды басқару аппаратына дейін қонақ үй персоналын басқарудың барлық функциялары көрсетілген.

Тактикалық деңгей персоналмен жұмыс жасауды қонақ үй персонал менеджментінің жалпы процестеріне қатыстылығын көрсетеді.

Стратегиялық деңгей қонақ үй персоналының өндірістік менеджментінің екі маңызды бағдарын көрсетеді: қарым-қатынас және аппарат. Ол бәсекелестік күреске дайындықты күшейтуге, стратегияны қолдауға жұмыс күшінің сыртқы ортасының сегменттерін болжауды қамтамасыз етумен байланысты.

Қонақ үй персонал менеджментінің негізгі түсініктері мен олардың мазмұны 1- кестеде көрсетілген.

Түсінігі

Мазмұны

Кадрлық саясат

Қонақ үй персоналымен жұмыс істеу саласындағы қағидалар, мақсаттар және стратегиялар.

Қонақ үй персоналы

Қонақ үй шаруашылығы қызметкерлері: басшы, мамандар, жұмысшылар, қызмет көрсетуші персонал.

Қонақ үй персоналын қабылдау

Қажетті қызметкерлерді іздестіру, оларды үміткерлер арасынан іріктеп алу және жаңа қызметкерлердің жұмысқа кірісуіне дайындық.

Қонақ үй персоналының жоспары

Қонақ үй персоналымен жұмыс істеудің негізгі саласында жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды алдын-ала ойластыру және бекіту.

Қонақ үй персоналын тағайындау

Бір жағынан жұмыс орындарын құру, жұмыс шартын дайындау, жұмыс уақыты мен еңбекті қонақ үй шаруашылығыдастыру. Екінші жағынан – қызметкерлердің жұмыс орындарына және жүргізіліп отырған кадрлық саясатқа сәйкес қажетті позицияларға орналасуы..

Қонақ үй персоналын жұмыстан босату

Штаттарды қысқарту және қызметкерлерді жұмыстан шығару бойынша іс-шаралар.

Кадрлық әкімшілік

Қонақ үй персоналына қатысты орталықтанған әкімшілік әрекеттер мен іс-шаралар, мысалы, еңбек кітапшасын толтыру.

Қонақ үй персоналын бағалау

Бөлім жұмысының аралық және соңғы нәтижесіне және қызметкердің салымын анықтаудағы тікелей және жанама әдістерін қолдану.

Қонақ үй персо-нал жұмысының сапасын бағалау

Қызметкерлердің өз қызметіне сәйкестік деңгейін бекіту.

Кадрлық әкімшілік

Қонақ үй персоналына қатысты шаралар мен орталық әкімшілік әсері, мысалы, еңбек кітапшасындағы жазбаларды рәсімдеу.

Қонақ үй персоналын басқару

Басқарудың белгілі бір құралдарын пайдаланатын бөлімше басшыларының персоналды орталықтанбаған басқаруы, мысалы қызметкермен әңгімелесу, диалог.

Қонақ үй персоналын бақылау

Өндірістің ішкі жүйесін бақылауға, персоналмен жұмысты реттеуге және жоспарлауға қатысу.

Кесте 1. Қонақ үй персоналын басқару түсінігіне анықтама

1 кестеде көрсетілген түсініктемелер қонақ үй персонал менеджментінің негізгі жүйесін, құралын және оның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Оларға персоналды басқарудың жеке функцияларын орындауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер жатады. Бұл қонақ үй басшысының адаммен жұмыс істеу техникасын, жеке жұмыс құралдарын ажыратады, мысалы, әңгімелесу, топтық жұмыс құралдары, семинар, конференциялар өткізу.

Қонақ үй персоналын жоспарлау (қалай?)

Кадрлық саясат (не?)

Қонақ үй персоналын дамыту (қашан?)

Кадрлық шаруашылық (немен?)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]