Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сараптау толық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.12 Кб
Скачать

1.Сараптау ж/е бағалау анықтамасы.

Тауарларды сараптау сараптауды зерттеуге объектісіне байл азық-түлік тауарлар сараптамасы ж/е азық түлік емес тауарлар сараптамасы болып бөлінеді.Ол объектілерді сараптау процесінде былай деп анықтайды:қимылдағы мемл-к станд-қа жөнелтумен сатып алушы арасындағы келісімдік шарттарға тауар сапасының сәйкестігі жасап шығару ж/е тасымалдау кезіндегі тауар-ң сортының қасиетін сапасын төмендеуі тауар сапасының шарттық бағаға ж/е басқаларына сәйкестікгі.

Өнім сапасының деңгейін бағалау д/з-өнімнің сапасын бағалау нәт-сі н/е бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің мәндерін базалық мәндерінен салыстыру.Бұл бағалау сандық ж/е сапалық түрде жүрг.Бағалаудың сандық түрінде бағалау өнімнің белгілі бір қасиеттерінің жиынтығын көрсететін сапаның кешенді көрсеткіштерінің мәні болып табылатын бір санмен айқындалады.Бағалаудың сапалық түрінде бағалау өнімінің белгілі бір нарықтық талаптар деңгейі қасиеттерінің жиынтығына сәйкес н/е қасиеттері жоғары н/е төмендеп тұжырымдау түрін көрсетеді.

2.Тұтынушы құқығын қорғау.

7-бап. Тұтынушы құқықтары:

1.тауаларды иеленуге еркін шарт жасауға; 2.тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге; 3.тауар туралы,сондай-ақ сатушы туралы ақпарат алуға; 4.қауіпсіз тауарды сатып алуға; 5.тауарды еркін таңдауға; 6. Тауардың тиісті сапасына; 7.тиісті де,тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға н/е қайтарып беруге; 8.тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;9.моральдық зиянды өтетуге;10.осы Заңда ж/е ҚР-ң өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.

8-бап.Тауарларды иеленуге шарт жасасу құқығы.

Тұтынушының тауарларды иеленуге еркін шарт жасауға құқығы бар.Тұтынушыны тауарларды иеленуге шарт жасасуға мәжбірлеуге жол берілмейді

3.Идентификация ж/е фальсификация.

Идентификация – лат.тілінен аударғанда теңестіру, бірдейлендіру б.т. ал түсіндірме сөздікте идентификация термині теңдестіру, бірдейлендіретін қатар заттардың бір бірімен сәйкес келуін бекіту. Тауарды идентификаттауда технологиялық көрсеткіштің жиынтығы бірдей біртекті топтағы саналатын тауардың оның аналогымен сәйкес болуын н/е қаптамадағы тауардың сипаттамасы, тауармен бірге ілестірілетін құжаттар яғни нормативті құжаттар мен тізімдер анықталады. Идентификация тәртіп бойынша тәжірибелі мамандар тауартанушы, сарапшы сонымен қатар жоғ.мамандандырылған ғалым сарапшы сияқты тәжірибелі мамандардың көпжақты зерттеуін талап етеді.белгілі бір өнімнің идентификация нәтижесі талданып сәйкес қорытындылар жасалып жатқандықтан мұны идентификациялық сараптама деп атайды. Тауардың идентификациялық сараптаманың қойған мақсаттарына сәйкес жекелеген түрлерге бөлінеді. Олар: тұтынушы идентификациясы; тауарлы партиялық; ассортименттік; сапалық; сорттық немесе сұрыптық; арнайы. Фальсификация – (лат. Falsifico бұрмалаймын деген сөзден шыққан) пайдакүнемдік мақсатта сату сатып алу объектісін бұрмалау жолымен тұтынушыны алдауға бағытталған әрекет. Сондықтан фальсиф/я кең түсінікте тауардың тұтынушылық қасиетін нашарлатуға бағытталған әрекет немесе маңызды болып табылмайтын ерекше қасиетін сақтауда тұтынушылық қасиеттерінің азаюы ретінде қарастырылады. Азық-түлік тауарларының фальсификациясы тамақ құндылығы (толыққанды белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер ж/е т.б. болуы) және қауіпсіздігінің жекелеген маңызды қасиеттері толығымен жойылғанда н/е сыртқы түрі консистенциясы түсі нашарлағанда өнімге жекелеген типтік белгілерді енгізу жолымен жүргізіледі. Түрлері: ассортиментті, сапалық, сандық, құнды, ақпараттық, кешенді.