- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
Салықтық бақылау әдісі- салықтық заңдардың атқарылуын , сондай-ақ мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін тексеру болып табылады.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
• салық төлеушілерді тіркеу есебі;
• салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
• бюджетке түсетін түсімдерді есепке лау;
• қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
• салық тексерістері;
• коммерциялық бақылау;
• салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
• фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
• акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
• мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
• уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
Салықтық құқықтық қатынастардағы салық қызметі органдарының орны олардың мемлекет өкілі ретінде және оның мүддесін көздей отырып, негізінен материалдық салықтық қатынастар ауқымында жүргізетін салық әкімшілігіне байланысты айқындалады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінде осы мән-жай «Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орнындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен орындату шараларын қолдануға құқылы» деген сипатта көрініс тапқан. Осы орайда салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік орган ретінде материалдық салықтық құқықтық қатынастардың заң жүзінде айқындалған қатысушысы болып табылатынына көз жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының жүйесі:
1. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті – уәкілетті мемлекеттік органы;
2. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық әкімшілігін жүргізу Басқармасы;
3. аймақаралық салық комитеттері;
4. облыстардың салық комитеттері;
5. Астана қаласы бойынша салық комитеті;
6. Алматы қаласы бойынша салық комитеті;
7. қалалар және қаладағы аудандар бойынша салық комитеттері;
8. арнайы экономикалық аймақтағы салық комитеттері.
Аталған салық органдары Қазақстан Республикасының Салық комитетіне төменнен жоғары қарай тікелей бағынады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті иерархиялық салық қызметі органдары жүйесіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін басқару (ұйымдастыру, реттеу) ауқымындағы салықтық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:
1. ҚР Президенті;
2. ҚР Парламенті;
3. ҚР Үкіметі;
4. Жергілікті Мәслихаттар мен Әкімдіктер;
5. ҚР кедендік бақылау агенттігі;
6. ҚР қаржы полициясы агенттігі;
7. ҚР Қаржы министрлігі;
8. Қаржы Министрлігінің Салық комитеті;
9. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
10. Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары және т.б. салық органдары болып табылады.
