Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.

Алымдар дегеніміз - мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты-бағдарлы, біршама-эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлем.

Қазақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері алынады:

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмлелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4. Радиоэлектрондық құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлкеттік тіркегені үшін алым.

9. Автокөлік құралдарының Қазақстан республикасының аумағы арқылы жүріп өткені үшін алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.

Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем. Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.

Мемлекеттiк бажды төлеушiлер. Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады. Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында мына келесідей кедендік баждар мен міндетті төлемдер алынады:

1. Мемлекеттік баж.

2. Кедендік баж.

3. Кеден алымдары.

4. Алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

5. Алымдар.

18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.

Төлемақы- мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.

Қазақстан Республикасында мына келесідей төлемақылар алынады:

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]