- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
Салықтық құқық жүйесі - мемлекеттің салықтық қызметі барысында туындайтын салықтық қатынастарды реттеуге атсалысатын салықтық құқықтық нормалардың өзара қарым-қатынаста бола тұрып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ қисынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Құқықтық құрылым ретінде салықтық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімге - мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастыру құрылысын және оның құрылу принциптерін, салықтар жүйесінің топтастырылуын, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, салық органдарының өкілеттіліктерін, салық заңдарын бұзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын, салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызмет бағыты мен құзыреттерін, салық әкімшілігін жүргізу тәртібін, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын салықтық жоспарлауды, мемлекеттік салықтық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органдарды, салықтық бақылау нысандары мен түрлерін белгілейтін және салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайтын салықтық құқықтық нормалар жатады.
Ал, ерекше бөлімінің құрылымы әдетте, салық кодексінде белгіленген және айқындалған салықтар жүйесі арқылы көрініс табады. Салықтық құқық жүйесінің ерекше бөлімін қалыптастыру «Бюджет жүйесі туралы» ҚР Заңына тікелей байланысты болады.»
Салықтық құқық жүйесі институттарының белгілі қыйсындылық тұрғысынан орналасуы оның бюджеттік құқықтың айрықша институты деген тұжырымды дәлелдейді.
15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
Салықтық құқықтың дерек көздеріне құзыретті мемлекеттік органдардың салық салуға байланысты және құрамында салықтық құқық нормалары бар заңи актілер жатады.
Найманбаев С.М. салықтық құқық дерек көздері туралы төмендегідей көзқарас білдіреді: «Бүгінде, салықтық құқықтың дерек көздері, иерархияны сақтай отырып мынадай: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Респубикасының Президенті, Парламенті және Үкіметі қабылдайтын салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік-құықтық актілер, Қаржы министрлігі Салық комитетінің нұсқаулық және өзге нормативтік актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті салық салуға қатысты нормативтік-құқықтық актілері, халықаралық салық салуға байланысты келісім шарттар - салық конвенциялары түрінде көрініс табады.»
Салықтық құқықтың өмір сүру нысаны ретінде салықтық заңдар танылады. Салықтық заңдар (заңнама) бұл салық салу сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік актілердің жиынтығы.
Салық кодексі салық салу саласында туындайтын біртектес, бірақ өздеріне тән мән-жайларына қарай өзгешеленетін қоғамдық қатынастарды айтарлықтай толық әрі жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететеін біріңғай, жинақталған және қисындылық тұрғысынан іштей үйлестірілген нормативтік-құқықтық акт ретінде Қазақстан Республикасы салық жүйесінің толыққанды қызмет атқаруының бірден-бір құқықтық негізі ретінде аса маңызды және ұтымды көрініс тапқан.
