- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
Салықтық құқық Қазақстан Республикасы салықтық құрылысының, мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатының, сондай-ақ салықтық қатынастардың тиімді қалыптасуының құқықтық негіздерін құрайды. Осыған орай салықтық құқық салықтық қатынастардағы қоғам мен мемлекет және жеке меншік мүдделерінің қақтығысын болдырмауды, болған жағдайда дұрыс шешуді, салық салу аясындағы салықтық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану жүйесін ретке келтіруді қамтамасыз етеді. «Салықтық құқық – мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық аясындағы негізгі құрылымдарға мемлекеттің салық жүйесі және мемлекеттің салық қызметі органдары жатады», «Салықтық құқықты кең мағынада, мемлекеттің салықтық құрылымын айқындайтын, оның салық жүйесін белгілейтін, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде айқындауға болады. Салықтық құқық аясында мемлекеттің салық жүйесі, мемлекеттің салық қызметі органдары, салық міндеттемелері көрініс табады» деген мәні мен маңызы бойынша біркелкі ұғымдарды айқындаған. Салықтық құқықтың пәні деп - мемлекеттің салықтық қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін бегілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемерді орындау, салықтық мндеттемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдар (және т.б.) барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.
13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
Салықтық-құқықтық реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай-ақ белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекеттік өктем билік - императивтік әдіс және келісімді, шартты-диспозивтік әдіс түрінде қолданылады.
Салықтық құқықта негізінен құқықтық реттеу әдісі ретінде императивтік әдіс кеңінен қолданылады. Бұл әдіс латын сөзінен аударғанда «өктемдік етуші» мағынасына сәйкес өктем билік әдісті бейнелейді.
Диспозитивтік әдіс қоғамдық қатынасқа қатысушы субъектілердің мінез-құлқына жұмсағырақ әсер етеді. Ол субъектілердің мінез-құлқының жалпы шегін көрсетеді. Субъектілер қоғамдық қатынасқа түсу барысында іс-әрекет шегін өзара келісімдер мен шарттар негізінде белгілейді. Осының нәтижесінде шарттық-құқықтық нысандағы қоғамдық қатынас туындайды.
Диспозитивтік және императивтік салықтық құқықтық нормалар мемлекеттің кірісін (бюджеттерін) қалыптастыратын салықтар мен өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бегілеу және алу, сондай-ақ салықтық міндеттемелердің тиісінше орындалуына мемлекеттік салықтық бақылау жүргізуге атсалысады.
