- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
Салық салу - бұл тек салықтық қатынастар емес (яғни экономикалық әдебиеттерде айтылатындай орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларды құрумен байланысты қатынастар), бұл салық төлеушілердің экономикалық қызығушылығының жиынтығы немесе жүйесі. Салық салу- бұл салықтық қатынастардан бұрынғы базистік, алғашқы (салықтық қатынастар) ұғым.
Салық салу принциптері дегеніміз - бұл салық сферасында қызмет ететін базалық идеялар мен ережелер. Салықтық қатынастардың әр-бір сферасынан өзінің принциптер жүйесі сәйкес келетін келесідегі 3 жүйені шартты бөліп алуға болады.
1. Экономикалық (А.Смит)
2. Заңдылық
3. Ұйымдастырушылық
Салық салудың келесідей экономикалық принциптері қызмет етеді.
1. Әділеттілік
2. Сәйкестік
3. Салық төлеушілердің мүмкіндіктері мен мүдделерін максималды есептеу принципі.
4. Үнемділік принципі.
Салық салудың заңдылық принціптері.
Құқықтық принціптер – салық жүйесінің құқықтық негізделуін анықтайтын құқықтық ережелер.
Салық салудың ұйымдастырушылық принціптері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда салық жүйесінің келесідей ұйымдастырушылық принціптері қызмет етеді:
- салық салудың міндеттілігі принціпі
- салық салудың анықтылығы принціпі
- салық салудың әділдігі принціпі
- салық салудың біртұтастығы принціпі
- салық салудың жариялылығы принціпі
Салық салудың қазіргі қағидаларына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. әділдік қағидасы;
2. қарапайымдылық қағидасы;
3. салық салудың айқындығы қағидасы;
4. салық салудың экономикалық бейтараптылығы қағидасы;
5. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемеердің салыстырмалығы;
6. салық жүйесінің біртұтастығы;
7. салық заңдарының жариялылығы.
10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде белгілі бір принциптер басшылыққа алынады. «Принцип» сөзінің латын тіліндегі мағынасы (principium) қандай болмасын негіз, бастама деп аударылады.
Салықтық қызметінің негізгі принциптері ретінде төмендегілерді атауға болады:
• салық салу заңдылығы;
• жалпыға ортақтылығы және теңділігі;
• міндеттілік және әділеттілік,
• қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық;
• мерзімділік кезеңділік;
• жеңілділік және бірдүркінділік;
• жүйелілік және тұрақтылық;
• айқындылық және нақтылық;
• мемлекет тарапынан барлық шаруашылық субъектілеріне тең талап қоюды қамтамасыз ету;
• салық төлеушілердің тапқан табыстарын пайдалануарына бірдей жағдай жасау;
• табыс табушы заңды және жеке тұлғалардың салық төлеу жөніндегі міндеттері;
• салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу кезінде біріңғай тәсіл қодану;
• салық төлеушілер мен мемлекеттің заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау теңділігі және т.б. принциптер.
11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
Салықтық реттеу салық салу жүйесіндегі пайдаланылатын арнаулы тәсілдер мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Салық реттеу әдістеріне: салық шегерімдері, инвестициялық салық преференциялары, салық демалыстары, салықтық рақымшылық ету, қосарлы салық салуға жол бермеу жөніндегі халықаралық шарттар, салықтық түсімдерді бюджеттер арасында бөлу, тиісті салық ставкаларын таңдау және белгілеу жатады және олар бюджеттік реттеу әдістерімен тікелей байланысты болады.
Салықтық реттеу тәсілдері жеңілдік беру және санкция қолдану жүйелері негізінде пайдаланылады. Жеңілдік беру жүйесі: аванстық төлемдерді жою; берілген өтініш бойынша салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру; белгілі негіздерге қарай салықтық міндеттемелердің салмағын жеңілдету сияқты және т.б. әдістерден тұрады. Санкция қолдану жүйесінде қаржылық айыппұлдар, өсімақылар, салық берешегін мәжбүрлеп алу және әкімшілік айыппұлдар көрініс табады.
А.И.Худяков «Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың негізгі құқықтық әдістері:1) нормативтік құқықтық актілер шығару; 2)жекелеген сипаттағы біржақты құқықтық актілерді шығару; 3) екі жақты салықтық құқықтық актілер шығару; 4) мемлекеттің нақты салықтық құқықтық қатынас субъектісі ретіндегі құқықтары мен міндеттерін өзінің уәкілетті органның іске асыруы; 5) салықтық құқық бұзушылық жасаған кінәлі тұлғаларды белгіленген заңи жауапкершілікке тарту болып табылады» деген көзқарасын білдірген.
