- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттік билік органдары мен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыратын императивтік құрылым болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық саясатының заңи күші бар құралы ретінде пайдаланылады.
1991 жылға дейін, елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салық жүйесі жалпы эконмика жүйесінің бөлігі болып табылады. Салық жүйесі мемлекет тарапынан әлеуметтік басқару инструменті ретінде пайдаланылады, сондай-ақ оның әлеуеті әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісінше әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарланады.
Салық жүйесінің негізгі элементі салықтар жүйесі әрдайым мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы материалдық салықтық құқықтық қатынастарды тәртіптеуге ат салысады.
Салық жүйесі аясындағы салық механизмі - салық жүйесінің құрамы мен құрылымын белгілеу, өзгерту және басқару процестерін, сондай-ақ салық процестерін жоспарлау, реттеу және бақылау істерін негіздейтін тиісті құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
Мемлекеттің салықтық қызметі - мемлекет аумағындағы салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың ойдағыдай қызмет атқаруларын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе айрықша уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдардың қызметі деп атауға болады. Салықтық қызметтің негізгі мақсаттары - салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету.
Салықтық қызмет негізінен өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады.Мемлекет тиісті заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілейді өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жасайды.
Мемлекеттің салықтық қызметінің бағдар–бағытына төмендегілерді жатқызуға болады: салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу; мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай құрылуына, оның экономикалық және құқықтық негіздерінің тиімді болуына атсалысу; салықтық бақылауды жүзеге асыру; салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы салық органдарының жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу; салық органдарының қызметтерін тиімді ұйымдастыру және салықтық құқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру; салықтық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту; отандық және шетелдік инвестициялардың мол және тиімді ағымының арнасын кеңейту мақсатында салық салу климатын жақсарту, тартымды жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жақтың мүдделерін есепке ала отырып жүргізу және т.б.
