Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.

Салықтардың топтастырылуы: олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын белгілеуге себін тигізеді; саны жағынан шамалы топтарға бөлу арқылы олардың зерделенуін және практикада қолданылуын жеңілдетуді көздейді.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жіктеледі:

• Салық салу объектілері бойынша;

• Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

• Пайдалану тәртібі бойынша;

• Объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықтарды салу объектісі бойынша олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төленетін төлемдер. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдардың, заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Г.Карагусова тікелей салықтардың ерекшелігі ретінде келесілерді атап өтеді:

Тікелей салықтар мемлекетке көлемі тұрғысынан нақты және дұрыс салықтарды береді;

Тікелей салықтар жанама салықтарға қарағанда салық төлеушінің нақты салықты төлеу қабілетін ескереді;

Тікелей салықтардың төлемдерінде мемлекет салық төлеушімен тікелей байланыста болады және оның міндеттерін нақты айқындай алады;

Тікелей салықтар салық төлеушінің табысынан алынып отырады.

Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға: қосылған құн салығы және акциздер жатады. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кірістірілетіндігінде. Қосылған құнға салынатын салық пен акциздердің төлеушісі заңи тұрғыда тауар сатушы (қызмет көрсетуші) болса да, бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.

6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.

Салық дегеніміз - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті орган алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем. Салықтардың экономикалық мақсаты болып арнайы мақсатты қорларды құруды қамтамасыз ететін экономикалық макро- микро механизмді құру табылады. Салықтар эконмикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып табылады. Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне төмендегілер жатады:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құн салығы.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы алымдары.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдары салығы.

9. Мүлік салығы.

10. Ойын бизнесі салығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]