- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
Баж - арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші- келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер. Мемлекеттiк бажды төлеушiлер. Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасында мына келесідей кедендік баждар мен міндетті төлемдер алынады:
1. Мемлекеттік баж.
2. Кедендік баж.
3. Кеден алымдары.
4. Алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.
5. Алымдар.
Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардардан:
2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
14) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
