- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
Көлік құралдары салығы ҚР-дағы салықтардың бірі болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді.
Бүгінгі таңда көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келген. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді. Себебі, көлік құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.
Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады. Және бюджетке түсуіне орай мүлікті салық болып саналады.
Көлік салығын төлеушілер:
1. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
2. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар;
3. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
4. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша салық төлейді.
ҚР-да мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
Мыналар:
1. Жүккөтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2. Мамандандырылған медециналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.
44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
Мүлік салығы - ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі. Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады. Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді. Мүлік салығын төлеушілер:
1. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2. ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
3. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері;
4. ҚР-ның резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1. Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша біріңғай жер салығын төлеушілер;
2. Мемлекеттік мекемелер;
3. Уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4. Діни бірлестіктер;
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құрал – жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, ҚР аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй жайлар, сондай – ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.
Егер салық кодексінде өзгеше белгіленбесе бугхалтерлік есептің деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланыстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
