- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
Салықтық құқықтық қатынастардағы салық қызметі органдарының орны олардың мемлекет өкілі ретінде және оның мүддесін көздей отырып, негізінен материалдық салықтық қатынастар ауқымында жүргізетін салық әкімшілігіне байланысты айқындалады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінде осы мән-жай «Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орнындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен орындату шараларын қолдануға құқылы» деген сипатта көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының жүйесі:
1. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті – уәкілетті мемлекеттік органы;
2. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық әкімшілігін жүргізу Басқармасы;
3. аймақаралық салық комитеттері;
4. облыстардың салық комитеттері;
5. Астана қаласы бойынша салық комитеті;
6. Алматы қаласы бойынша салық комитеті;
7. қалалар және қаладағы аудандар бойынша салық комитеттері;
8. арнайы экономикалық аймақтағы салық комитеттері.
Аталған салық органдары Қазақстан Республикасының Салық комитетіне төменнен жоғары қарай тікелей бағынады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті иерархиялық салық қызметі органдары жүйесіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін басқару (ұйымдастыру, реттеу) ауқымындағы салықтық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:
1. ҚР Президенті;
2. ҚР Парламенті;
3. ҚР Үкіметі;
4. Жергілікті Мәслихаттар мен Әкімдіктер;
5. ҚР кедендік бақылау агенттігі;
6. ҚР қаржы полициясы агенттігі;
7. ҚР Қаржы министрлігі;
8. Қаржы Министрлігінің Салық комитеті;
9. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
10. Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары және т.б. салық органдары болып табылады.
42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2) елді мекендер жерлері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері);
5) орман қорының жерлері;
6) су қорының жерлері;
7) запастағы жерлер.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимаратnар орналасқан жерлер.
Жер салығын төлеушілер:
1) жеке меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар.
