- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
ҚР кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар.
Мынадай тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер:
1) Почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
2) Акциздік маркаларды;
3) Уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызмет көрсетулерді:
4) ҚР – заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүлікті;
5) Жерлеу бюроларының салт–жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
6) Лотореяларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотореялық билеттерді;
7) Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
8) Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51% мүгедектер құраса;
9) Нотариаттық іс – әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді және т.б. өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Мынадай тауарлар:
1) Ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени – тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа) сондай – ақ бағалы қағаздар;
2) ҚР кеден заңдарына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) Акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелетін тауарлар;
4) Акцизделетін тауарларды қоспағанда, ҚР үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелетін тауарлар және т.б. тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
Жанама салықтардың бірі - акциз салығы. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
Акциз салығын төлеушілер:
1) ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар;
2) Акцизделген тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
3) ҚР аумағында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) Егер, ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері акциз төлеушілер болып табылады.
40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.
Мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:
1) Спирттің барлық түрлері;
2) Алкоголь өнімі;
3) Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра;
4) Темекі бұйымдары;
5) Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
6) Жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
7) Шикі мұнай, газ конденсаты акцизделетін тауарлар болып табылады.
