Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.

Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынады;

- Қызметкерлердің ҚР-ның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда «0» ставкасы бойынша;

- дивиденттер сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% ставка бойынша;

- адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% ставка бойынша;

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер табыс етеді:

1) Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

2) ҚР-ның шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

3) ҚР-ның тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

4) ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөніндегі міндеттеме жүктелген адамдар;

5) ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар;

6) Ұлы отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; III топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі – а.е.к-тің 240 еселенген шегіндегі салық салынбайтын табысынан асып кеткен жеке тұлғалар;

7) Әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, қаржы полициясы, қылмыстық – атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепке тіркелген орны бойынша салық органына, салық жылынан кейінгі жылдың 31 – наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.

Тұтынуға салынатын салықтардың ішіндегі ең күрделісі - 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы. Қазіргі кезде қосылған құн салығы ҚР-ның бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қорынан саналады. Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шыққан шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай – ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

ҚР – да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

1) Жеке кәсіпкерлер

2) Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар.

3) Қызметін ҚР – да филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.

4) Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.

5) ҚР кеден заңдарына сәйкес, тауарларды ҚР аумағына импорттайтын тұлғалар.

Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:

1) Салық салынатын айналым;

2) Салық салынатын импорт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]