- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
Табыстардың негізгі құрамына: еңбекақы, сыйақы, кәсіпкерліктен түскен табыс, зейнетақы, алимент, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс, бір жолғы жәрдемақы, жұмыссыздық және жұмысқа уақытша жарамсыздық (денсаулығына байланысты) бойынша төлемдер, дивидент және рента түріндегі табыстардың барлық түрлерін жатқызуға болады.
Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінен бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.
Салық кодексі қабылданғанға дейінгі қезеңде бұл салық түрі «жеке тұлғалардың табыстарына салынатын табыс салығы» деп аталатын. Салық кодексі қабылданып, бұл атау қысқарып, халықаралық стандартқа сәйкес, «жеке табыс салығы» деп аталды.
Жеке табыс салығын – салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді.
Резидент емес жеке тұлғалар да жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейді және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етеді.
Жеке табыс салығы бойынша негізінен екі салық салу объектілері бар:
1. Төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады және оның құрамына жататындар:
1. Қызметкердің табысы;
2. Біржолға төлемдерден алынған табыс;
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
4. Девиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
5. Стипендиялар;
6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлері жатады:
1. Мүліктік табыс;
2. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы;
3. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4. Өзге де табыстар.
35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
Жеке табыс салығын есептегенде жеке тұлғалардың мынадай табастарына салық салынбайды, атап айтқанда:
1) ҚР заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдем ақылар мен өтемдер;
2) Балаларға немесе асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) Жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР заңдарына сәйкес өтеу;
4) Мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
5) Әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, (оны) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық – атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
6) Лоторея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
7) Экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;
8) Білім беру ұйымдарында оқитындарға ҚР заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар; және т.б.
