Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.

Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғалардың табысына салынатын салық (корпорациялық салық) компанияның таза пайдасынан үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады.

Корпорациялардың пайдасына салық салудың импутациялық жүйесі- корпорациялардың пайдасына қос салық салынуын жою мақсатымен енгізілген. Бельгияда, Ұлыбританияда, Данияда, Ирландияда, Италияда және Францияда қолданылады.

ҚР-да корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ауқымдысы. Салық кодексі қабылданған кезеңге дейін салықтың бұл түрі заңды тұлғалардың табыстарынан алынатын табыс салығы деп аталды. Кейін атауы өзгеріп, қысқартылды да, халықаралық стандартқа сәйкес «корпорациялық табыс салығы» деп аталынды. Корпорациялық табыс салығын арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, салық салу объектілері бар заңды тұлғалар төлейді.

Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:

1. ҚР резидент заңды тұлғалары ( ҚР Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда )

2. ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар.

Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектілеріне:

1. Салық салынатын табыс.

2. Төлем көзінен салық салынатын табыс.

3. ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.

32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.

Корпорациялық табыс салығы – салық кезеңі үшін 30 пайыздық ставканы ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа жүргізілген түзетулерді ескере отырып, қолдану жолымен есептеп шығарылады.

Салық төлеушілер белгіленген тәртіппен аванстық төлемдерді енгізу жолымен салық кезеңі ішінде корпорациялық табыс салығын төлейді.

Салық төлеуші корпорацилық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін жасап, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына табыс етеді.

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке белгіленген салық кезеңі ішінде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешіктірмей, ай сайын төлеп тұруға міндетті.

33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.

Инвестициялық салық преференциялары (корпорациялық табыс салығы) дегеніміз - корпорациялық табыс салығын төлеуден босату немесе жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.

Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын салық төлеуші заңды тұлғаларға беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]