- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
Салықтық құкықтық қатынастар деп - айрықша қаржылық қүқықтык нормалар негізінде мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қоғамдық байланыстарды айтамыз.
Салықтық құқықтық қатынастар салық салу негізіндегі әр алуан экономикалық – заңи және объективті – субъективті құбылыстарға (факторларға) орай өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Әр түрлі сипат алатын осындай ерекше белгілерді талдау салықтық құқықтық қатынастардың қазіргі даму мән – жайларына қатысты туындайтын мәселелер мен проблемаларды анықтауға септігін тигізеді. Салықтық құқықтық қатынастар институты салықтық құқықтың барлық институттарымен тығыз байланыста болатындықтан оның мәні мен маңызы материалдық және ұйымдастыру салықтық құқықтық нормаларының негізгі белгілерімен шартталынады. Салықтық құқықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы негізіндегі концепциялар салық салу жүйесінің негізгі принциптерін, фискальдық және реттеуші функцияларын, материалдық және ұйымдастыру салық міндеттемелерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ салық әкімшілігін жүргізу нысандарын қамти отырып салықтық құқықтық қатынастардың тек өзіне тән ерекше белгілерін айқындайды.
Салықтық құқықтық қатынастар аясы әрдайым мемлекеттік басқару және салық әкімшілігін жүргізу ықпалында болады. Олардың субъектілерінің негізгі белгілеріне өздеріне тән материалдық немесе ұйымдастыру салықтық – құқықтық мәртебелері жатады.
Салықтық құқықтық қатынастар жалпы мемлекеттік фискальдық мүддені қамтамасыз етуді кепілдендіретін, ұйымдастырушы және экономикалық сипатты, мемлекеттік салықтық менеджмент теориясы мен практикасының ұштастырылуы мән–жайына қарай салықтық құқық нормаларымен регламенттелген салықтық қатынастар болып табылады. Салықтық құқықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы негізіндегі концепциялар салық салу жүйесінің негізгі принциптерін, фискальдық және реттеуші функцияларын, материалдық және ұйымдастыру салық міндеттемелерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ салық әкімшілігін жүргізу нысандарын қамти отырып салықтық құқықтық қатынастардың тек өзіне тән ерекше белгілерін айқындайды.
30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
Салықтық қатынастар салық салу жүйесінің экономикалық және құқықтық мән-жайларына байланысты материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып бөлінеді. Материалдық салықтық қатынастар мынадай өзіне тән белгілерімен сипатталынады:
1) мемлекеттің салықтық кызметінің өнімі, нәтижесі болып табылады және мемлекеттік шаруашылық аясында туындайды;
2) бұлар тек мемлекет (Қазақстан Республикасы) қарамағына бағытталған біржақты қозғалысты білдіретін ақшалай қатынастар болып саналады;
3) осы қатынастар базистік әрі трансферттік қабілетімен ерекшеленеді;
4) осы қатынастар мемлекеттегі жиынтық қаржылық нәтижені, яғни ақшалай нысанда жасалған құнды бөлуге (және кайта белуге) байланысты объективті процесті керсетеді;
5) бұлар тұрақты фискальдық мәні мен сипатына қарай республикалық немесе жергілікті бюджеттердің мүліктік-заттай негізін құрайды;
6) бұлар тек мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы тиісті салықтық міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді;
7) бұлар мемлекеттің салықтық қызметінің құкыктық әдістерінің нәтижесіне, яғни нормативтік салықтық-құқықтық актілерге негізделінетіндіктен әркашанда құқыктық нысанда болады.
Ал, ұйымдастыру салықтық қатынастары мынадай ұйымдық-құқықтық және реттеуші мән-жайларымен ерекшеленеді:
1) бұлар мемлекеттік стратегиялық индикативтік салықтық жоспарлауға қатысты туындайды;
2) бұлар тиісті бағыт-бағдары бар фискальдык-базистік қатынастардың туындауын қамтамасыз етеді;
3) бұлар көбінесе мемлекеттік салық әкімшілігін, соның ішінде фискальдык мониторинг жүргізу процесінде пайда болатындықтан салық салу аясындағы мүдделердің паритетті болуына ат салысады;
4) осы қатынастар мемлекеттің фискальдық жүйесін қалыптастыру және оның тиісінше кызмет атқаруын қамтамасыз ету барысында жарқын көрініс табады;
5) бұл қатынастар мемлекеттің салык органдарының фискальдық-қаржылық өкілеттіліктерін нақтылы белгілеу және мемлекет пен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының фискальдық кұзыреттерін айқындау және белгілеу кезінде пайда болады;
6) бұлар қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар қатынастар ретінде өнімді материалдық салықтық қатынастардың туындауына плацдарм дайындайды және олардың барынша тиімді әрі рентабельді болуын қамтамасыз етеді;
7) бұлар салықтық-құқықтық актілердін аукымында туындайтындықтан әрдайым құқықтық нысанда көрініс табады.
Материалдық салықтық құқықтық қатынастар салықтық төлем затының (объектінін) салық төлеушіден мемлекетке өтуін көрсетеді, ал ұйымдастырушы салық¬тық құкықтық қатынастар мемлекеттің салық кызметі органдарының, салық салу жөніндегі операцияларға қатынасатын, бірақ өздері салық төлеуші болып табылмайтын субъектілермен арақатынасын, мемлекеттің салықтық кұрылымдарының калыптасу және жұмыс істеуі барысындағы байланыстарын білдіреді.
