Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.

Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне төмендегілер жатады:

1. Корпорациялық табыс салығы. Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғалардың табысына салынатын салық (корпорациялық салық) компанияның таза пайдасынан үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады.

2. Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінен бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.

3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай – ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

4. Акциздер. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы алымдары.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы. Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; елді мекендер жерлері; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері); орман қорының жерлері; су қорының жерлері; запастағы жерлер.

8. Көлік құралдары салығы. Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады. Және бюджетке түсуіне орай мүлікті салық болып саналады.

9. Мүлік салығы. Мүлік салығы - ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі. Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.

10.Ойын бизнесі салығы.

27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.

28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.

Құқықтық норма заңда ресмилендіріген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекет атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережелері. Салықтық құқық нормалары деп – салық заңдарында белгіленген, мемлекет тарапынан бекітілген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың мінез-құлық ережелерін айтамыз.

Салқтық құқық нормалардың ішкі құрылысы белгілі құрамды бөлшектерден, логикалық құрылымнан тұрады: гипотеза (болжам), диспозиция (мінез-құлық ережелері), санкция (жаза, шара).

Гипотезада осы норманың ауқымындағы тұлғалардың шеңбері айқындалып, норманың іске асырылуына орай жағдайлар сипатталады.

Диспозиция – тараптардың нақты міндеттері мен құқықтарын айқындау арқылы көрініс табатын тиісті жүріп-тұру қағидаларынан тұрады. Бұл әмірлі бұйрық, тиым салу немесе рұқсат беру негізінде, көбінесе жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқару түрінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді нақтыландыратын қағида болып табылады.

Санкция - салықтық құқықтық нормалардың сақталуын, олардың бұзылмауын және бұзылған жағдайда құқықты қалпына келтіруді көздей отырып жүзеге асырылатын мәжбүрлеуді қолдану жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік қабілетін көрсетеді.

Салықтық құқықтық нормалардың орындалмауына байланысты жауапкершілігі бойынша құқықтық нормалар реттеуші және қорғаушы нормалар болып бөлінеді.

Реттеуші нормаларға салықтық құқықтық қатынасқа қатысушыларға белгілі бір міндеттер мен белгілі бір құқықтарды жүктейтін нормалар жатады.

Салықтық құқықтың қорғаушы нормаларына салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғаарға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін нормалар жатады. Салық салу аясында колданылатын құкықтық реттеу әдістеріне байланысты салықтық-кұқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік, сондай-ақ салықтық-құқықтық реттеу пәніне орай материалдық және ұйымдастыру салыктық құқыктық нормалары болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]