Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.15 Кб
Скачать

24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.

Халықаралық салықтық құқықтық қатынастар мен олардың субъектілеріне:

1) нақты мемлекет пен басқа мемлекет;

2) нақты мемлекет пен шетелдік құқықтың жеке субъектісі;

3) ұлттық құқықтың жеке субъектісі мен шетелдік құқықтың жеке субъектісі жатады.

Халықаралық салықтық шарттар негізінде ұлттық (отандық) салықтық қатынастарға қатысушы шетелдік құқық субъектілеріне мынадай:

1) салық салу аясындағы шетелдік құқық субъектілері мен ұлттық құқық субъектілерінің салық төлеушілер ретіндегі нақ¬ты салықтық міндеттемелеріне, сондай-ақ олардың өз құқықтары мен міндеттеріне қарай тең болуына байланысты ұлттық ре¬жим;

2) көбінесе қосарлы салық салуды болдырмауға, жол бермеуге, жоюға, сондай-ақ шетелдік құқық субъектілері қатысатын ұлттық кәсіпорындарды дискриминациялауға тыйым салуға байланысты тең құқықтылықтан қағыс қалдырмау (айырмау) режимі;

3) өзара қарым-қатынастағы шетелдік мемлекет пен оның құқығының субъектілеріне ерекше ықылас танытып, аса қолайлы жеңілдіктер беру жөніндегі мемлекеттің міндеттемесіне бай¬ланысты ең қолайлы жағдай жасау режимі;

4) ұлттык құқық субъектісіне белгіленген салық салу тәртібінің шетелдік құқық субъектісіне қатысты мән-жайлармен бірдей болуына байланысты бірдейлік режимі сияқты негізгі салық салу режимдері қолданылады.

25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.

Халықаралық салықтық келісімдердің негізгі мақсаты халықаралық салық салу жүйесінде жиі көрініс табатын даулы жағдайларды, яғни табыстар мен мүліктерге, капиталға қосарлап салық салуды жою, жол бермеу, болдырмау немесе олардың мөлшерін азайту болып табылады.

Қосарлы, не болмаса одан да көп салық салу салық салуға қатысты әр мемлекеттің ұлттық құқық жүйесінде белгіленетін салық салу объектісі мен салық салу субъектісі сияқты өзара байланысқан салықтық міндеттеме элементтерімен шартталынады. Қосарлы салық салу мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың ойдағыдай дамуына, капиталдар мен технологиялардың қозғалысына және тауарлар мен түрлі қызмет көрсетулер айырбасына кері ықпалын тигізіп, кедергі келтіреді. Қосарлы салық салу өзінің мән-жайына қарай: халықара¬лық заңи қосарлы салық салу; халықаралық экономикалық қосарлы салық салу болып екіге бөлінеді.

Экономикалық қосарлы салық салу деп бірнеше салық төлеушіге бір салық базасы бойынша екі мәрте не болмаса одан да көп салық салуды айтамыз.

Заңи қосарлы салық салу бірнеше мемлекет аумақтарында тиісті қызметтерін атқарып жатқан бір салық төлеушінің бір салық салу объектісіне қатысты бір салық кезеңі ішінде екі мәрте (кейде одан да көп) салық төлеуі болып табылады.

Халықаралық заңи қосарлы салық салу мынадай жағдайларда:

1) бірнеше мемлекеттің ұлттық заңдары бойынша салық төлеуші резидент ретінде танылған және осыған орай әр мемлекеттің алдында салық салу объектілеріне қатысты бір мезгілде орындалуға тиіс толық салықтық міндет жүктелген;

2) мемлекет резидентінің басқа мемлекеттің аумағында пайда болған салық салу объектісіне орай сол мемлекеттердің екеуі де осы объектіден салық алған;

3) өз аумақтарында салық салынатын объектісі бар салық төлеушіге, оның өздерінің резиденті еместігіне қарамастан бірнеше мемлекет тарапынан шектелген мөлшерде салық салынған кезде туындайды.

Қазақстан Республикасы қосарлы (кейде одан да көп) салық салуға жол бермеу мақсатында көптеген халықаралык шарттарға қатыса отырып, сондай-ақ осындай мәселелерді шешу жолында мынадай мемлекеттермен:

1.Ұлыбританиямен (1993); 2) Италиямен(1995); 3) Польшамен(1995); 4) Венгриямен(1995); 5) Пәкстанмен (1995); 6)Түркиямен(1996); 7) Ұлыбританияның біріккен корольдігімен және Солтүстік Ирландиямен (1996); 8) Америка Құрама Штаттарымен (1996); 9) Канадамен(1997); 10) Нидерланды корольдігімен (1997); 11) Әзербайжанмен (1997); 12) Өзбекстанмен(1997); 13) Украинамен(1997); 14) Ресей Федерациясымен (1997); 15) Иранмен(1997); 16) Индиямен(1997); 17) Қырғызстанмен (1997); 18) Беларусьпен(1997); 19) Литвамен (1997) келісімге келіп, аталмыш конвенцияларды (көрсетілген жылдарда) бекіткен болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]