- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының салық саясаты фискальдық (бюджеттік-қаржылық) және ақша кредиттік саясатпен қосыла отырып мемлекеттің қаржы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Салық саясатының мәні-маңызы салықтардың мән-жайы мен функциясына байланысты жиынтық қоғамдық өнімнің белгілі бөлігін жалпы-мемлекеттік мұқтаждықтарға пайдалану үшін мемлекет пайдасына алып қоюдан және жұмылдырудан, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет арқылы қайта бөлуден тұрады. Салық саясатының қағидалары Қазақстан республикасының жалпы экономикалық бағдарламасына негізделеді және онымен тығыз байланыста болады. Салық саясатының негіздері қаржы жылына арналған бюджетті қабылдау кезінде құрылады, сондай-ақ тиісті заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы бекітіледі. Мемлекеттің салық саясаты салықтық стратегияға және салықтық тактикаға бөлінеді. Салықтық стратегия - салық салу саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдар-бағытын айқындайды және салықтарға байланысты ауқымды міндет-мәселелерді көздейді. Салықтық тактика - салық жүйесі мен салық механизміне (тетігіне) өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен нақты даму кезеңінің салықтық-бюджеттік мәселелерін шешуді көздейді.
Мемлекеттің салық саясаты республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің салықтық бөлігін тұрақты әрі, жеткілікті қалыптастыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін айқындайтын салалардың даму орнықтылығының экономикалық және әлеуметтік процестерін реттеу қажеттілігіне де негізделеді. Салық саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Мемлекеттің салық саясаты өз ауқымы мен тигізетін аяларына байланысты ішкі салық саясатына және сыртқы салық саясатына бөлінеді. Ішкі салық саясаты бір елдің аумағында немесе әкімшілік-аумақтық бірлік бөлігінде жүргізіледі. Ішкі салық саясаты салық салу жүйесі мәселелерін шешуді көздейді. Сыртқы салық саясаты халықаралық салық салу, қосарлы салық салуды болдырмау, салық жүйесін әр елдің салық жүйесіне жақындату мәселелерін шешуге бағытталған.
22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
Салықтық құкықтық қатынастар деп - айрықша қаржылық қүқықтык нормалар негізінде мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қоғамдық байланыстарды айтамыз. Салықтық қүкықтық қатынастардьң құрамына заңи мәні ретінде субъективтік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, ал материалдык мәні ретінде субъектілердің нақтылы іс-кимылдарында көрініс табатын сол құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын субъектілер (қатысушылар) және объектілер кіреді.
Нақтылы салықтық құкыктық қатынас субъектілері осы қатынастың қатысушылары болып саналады. Салықтық құқықтық қатынастардың бір тарабында оның міндетті әрі тұрақты субъектісі — мемлекет, ал екінші жағында салық төлеушілер тұрады.
Қазақстан Республикасы салық салу жүйесіндегі салық төлеуші Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес салық заңнамалық актілерінде белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі конституциялық міндет жүктелген заңды және жеке тұлға болып табылады. Қазіргі заманғы салықтық құқықта салықтық құқықтық қатынастар субъектісі салық төлеушінің қоғам және мемлекет мүддесіне сай құқықтары мен міндеттері мұқият қарастырылып, айқындалып, нақтылы белгіленеді. Сонымен бірге, салық міндеттемелерін орындау аясында өзара тәуелді тұлғалардың (экономикалық субъектілер) да құқықтары мен міндеттері айқындалады. Мысалы, салық төлеуші декларациялар және есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулері нәтижелері бойынша есептеген салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге берешегі бар үшінші бір тұлғалардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуға құқылы. Демек, үшінші тұлға мен салық төлеуші арасында өзара тәуелділік қатынастары орын алған.
23.Халықаралық салықтық құқыққа анықтама беріңіз.
Халықаралық салықтық құқық өзіне тән маңызды мазмұны мен принциптері және күрделі құрылымы бар, халықаралық салықтық қатынасқа қатысушы мемлекеттердің ұлттық салық¬тық құқықтары мен халықаралық салықтық шарттардың (келісімдердің, конвенциялардың және т.б.), халықаралық салықтық-құқықтық нормативтік актілердің жиынтығы болып табылады. Оның қалыптасуы мен дамуының негізінде бүкіләлемдік ғылыми-техникалық, экономикалық және т.б. интеграциялау процестерін ұйымдастыру, инвестициялық режимді жақсарту, сондай-ақ халықаралық салық салу қатынастарын тиімді реттеу, қосарлы салық салу, салықтан жалтару және салық төлеушілерді кемсіту жағдайларын болдырмау мақсатында мемлекеттер арасында жасалып, бекітілген халықаралық салықтық шарттар мен ұлттық салықтық құқықтың тиісті нормалары жатады. халықаралық салықтық құқық деп, халықаралық салықтық қатынастарды реттейтін халықаралық құкық және ұлтгық құқық (мемлекеттің салықтық құқық) нормаларының жиынтығынан тұратын кешенді құқық саласын айтуға болады. Ұлттық құқық нормалары тек ұлттық салық зандарында, ал халықаралық салықтық құқықтың нормалары реттеуші функцияларына карай материалдық-құқықтық және коллизиялық болып бөліне отырып, ұлттық салық зандары мен халықаралық салық¬тық келісімдердің құрамынан көрініс табады. Халықаралық салықтық құқықтың материалдық-құқықтық нормалары халықаралық салық салу қағидаларын белгілейді. Коллизиялық нормалар қандай болмасын салықтық қатынастарды қай мемлекеттің материалдық-құқықтық нормалары реттейтінін айқындауға атсалысады.
