- •1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
- •2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
- •3.Салықтың элементтеріне анықтама беріңіз.
- •4. Салықтардың функцияларын сипаттап жазыңыз.
- •5. Салықтардың топтастырылуына анықтама беріңіз.
- •6.Салық ұғымы оның түрлерін сипаттап жазыңыз.
- •7.Мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз.
- •8. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз.
- •9.Салық салудың қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •10.Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі принциптерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Салықтық реттеу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12. Салықтық құқық ұғымы және пәніне анықтама беріңіз.
- •13.Салықтық құқықтың әдістерін сипаттаңыз.
- •14.Салықтық құқық жүйесін сипаттап жазыңыз.
- •15.Салықтық құқықтың қайнар көздерін сипаттаңыз.
- •16.Алымдар ұғымына түсінік беріңіз.
- •17.Баж ұғымын түсіндіріңіз.
- •18.Төлемақы ұғымының мәнін ашыңыз.
- •19.Салықтық бақылау әдісінің мәнін ашыңыз.
- •20.Салықтық қызмет аясында өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін көрсетіңіз.
- •21.Мемлекеттің салық саясатының мәнін ащып көрсетіңіз.
- •22.Салықтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мысал келтіріңіз.
- •24.Халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың субьектілерін көрсетіңіз.
- •25.Халықаралық қосарлы салық салу ұғымының мәнін ашыңыз.
- •26.Қазақстан Республикасында қазіргі кезде алынатын салық түрлерін көрсетіңіз.
- •27.Салықтың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын көрсетіңіз.
- •28.Салықтық құқықтық нормалар түсінігі мен түрлерін сипаттап беріңіз.
- •29. Салықтық құқықтық қатынастар ұғымына түсінік беріңіз.
- •30.Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық құқықтық қатынастардың мәнін ашыңыз.
- •31.Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •32.Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару және оны төлеу мерзімдерін көрсетіңіз.
- •33.Инвестициялық салық преференцияларын түсіндіріңіз.
- •34.Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •35.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •36.Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтерді карастырыңыз.
- •37.Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілерін атап көрсетіңіз.
- •38.Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импортты көрсетіңіз.
- •39.Акциз және оны төлеушілерді көрсетіңіз.
- •40.Акцизделетін тауарлардың тізбесін көрсетіңіз.
- •41.Салық қызметін жүзеге асыратын органдардың өкілеттік щеңберін көрсетіңіз.
- •42.Жер салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •43.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •44.Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілерін көрсетіңіз.
- •45.Мемлекеттік бажды төлеушілер және баж алу объектілерін көрсетіңіз.
1. Салықтардың пайда болуы туралы жазыңыз.
Салықтар мемлекет пен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Салықтар адамзат өркениетінің бастапқы кезеңдерінде пайда болған болатын. Көне Үндістанда «Ману заңдарында»: «шалынған құрбандықты өзіне,яғни құрбандыққа шалынған мал-мүліктерді өзіне тек брахмандар ала алады.» деп белгіленген. Ал патшаға жне басқада басқарушыларға байланысты сол «Ману заңдарында»: «Патша жыл сайын елде тұратын бұқара халықты дербес кәсіппен айналысуға мәжбүр етсін және оларды салық деп аталатын төлемді төлеуге мәжбүрленсін» деп көрсетілген. Көне Римдегі салықтар цензус деп аталған. Ценздер әрбір бес жылдың көлемінде азаматтардың мүліктеріне сәйкес белгіленіп алынған. Кейде салықтар мен баждардан және жерді жалға беруден түскен қала шараушылығына кететін шығындарды жаппаған жағдайда, тек қалада тұратын азаматтардан «мунира» деп аталатын салық алынған. Мунирамен бірге мемлекеттік салық «трибутумды» төлеу рим азаматтарының борышы әрі міндеті болған. Римдегі (оның провинцияларындағы) негізгі салықтардың бірі жер салығы «анона» болған. Оның төлемдері ауылшаруашылығы өнімдері түрінде алынған.
Қазақстанда да өз заманына сай салық жүйесі болғандығын дәлелдейтін «Ұлы Жібек жолы» мен өркендеп дамыған қамал –қалалар «Сығанақ», «Отырар», «Тараз», «Мерке» және басқада қамал-қалалар жөніндегі мағлұматтарды жатқызуға болады. Кезінде салық салу мәселелеріне қатысты аса зор үлесін қосқан құқықтық дерек көзі ретінде Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын» айтуға болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
2. Салықтардың белгілерін сипаттап жазыңыз.
Салықтардың материалдық белгісі ретінде салық төлеушінің мемлекетке беруге қажетті ақша түріндегі салықтар - белгілі ақша сомасы, заттай салық түрінде ортақ белгілерімен айқындалған белгілі бір заттардың көлемі. Салықтардың заңи белгілері төмендегідей:
1. біржақты-өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;
2. тек құқықтық нысанда болатын төлем;
3. заң жүзінде белгіленген төлем;
4. мәжбүрлі төлем;
5. салық міндетті төлем болып табылады;
6. салықты төлеу заңи міндет болуы;
7. өте тұрақты қаржылық міндеттемелер туындататын төлем;
8. құқыққа сай төлем;
9. жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
10. салық төлеуде мемлекеттік бақылаудың болуы.
Экономикалық белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1. мемлекетің салықтық құқығына сай мәжбүлеп алына отырып, бюджет жүйесінің мызғымас материалдық негізін құрайтын төлем;
2. қайтарылмайтын төлем;
3. жекелей-эквивалентсіз төлем;
4. мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
5. мөлшері алдын-ала айқындалған төлем;
6. қатаң белгілі мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
7. салық-салу объектілерінің болуы;
8. белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
9. ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
10. мемлекеттің кірісін қалыптастыратын төлем;
11. меншік нысанының әрқашан мемлекеттік меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
12. қоғамдағы бөлу және қайта бөлу қатынастарын бідіретін экономикалық категория.
