Кетамин
(Кетамин гидрохлориді, лат. Ketamini hydrochloridum) — NMDA-антагонист, жоғарғы концентрацияда мю- және сигма-рецепторларын байланыстырушы. Наркозға қарсы зат ретінде қолданылады. Гистаминдік Н1 рецепторын тежейді.
Парацетамол
- (лат. Paracetamolum) белсенді опиоидты емес (наркотикалық емес) анальгетик болып табылады. Оған ауруды және қызуды басатын әсерлер тән.
Анальгезирлеуші, ыстықты түсіретін әсерлердің механизмі
ОЖЖ-де простагландиндер синтезінің төмендеуіне әкелетін циклооксигеназаны тежегіш қасиетіне байланысты. Бұл кезде шеткі тіндерде простагландиндердің синтезі мүлде бұзылмайды, осымен препараттың қабынуға қарсы әсерінің жоқтығы түсіндіріледі. Препаратты бастың ауруында миалгияда, невралгияда, атралгияда, операциядан кейінгі ауруларда, залалды ісіктермен шақырылатын ауруларда, қызба кезінде, температураны төмендету үшін қолданады.
Негізгі кері әсерлері
Бұл препараттардың уытты мөлшерлері максималды емдік мөлшерден бар болғаны 2-3 есе артық. Жедел уланғанда бауыр мен бүйректің күрделі зақымдалуы мүмкін.Бұлар уытты метаблит – N- ацетил –бензохинон- иминнің жиналуына байланысты.Бауыр жасушалары мен бүйрек түтікшелерінің некрозына әкеледі.
Қорытынды
Анальгетикалық заттар деп ауыру сезімін басатын немесе бәсеңдететін арнайы қасиеті бар дәрілік заттарды айтамыз. Опиоидты емес препарпттардың заманауи медицинада кең қолданылуы, препаратқа деген тәуелділіктің аз болуы, кері әсерінің аз болуы, құрылысының қарапайымдылығы био жетімділігінің жоғары дәрежесі өзге препараттардан ерекшелігінің нәтижесінде.Анальгетикалық әсерді тек қана анальгетиктер қана емес, сонымен қатар әр түрлі фармакологиялық топтарға жататын дәрілер де жатады. Мысалы наркотикалық және наркотикалық емес әсері бар заттар.
Наркотикалық емес анальгетиктер
анальгетикалық белсенділік
Ыстық түсіру қасиеті
Тыныс алу және жөтелу орталығына тежегіш әсерінің болмауы
Қолдануда эйфорияны, психикалық, физикалық тәуелділікті шақырмауы
Пайдаланылған әдебиеттер.
Фармакалогия Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.Д.А.Харкевич Алматы 2004ж.
Фармакология Оқу құралы Сұлтанов м.Ә. Ербосова А.А. Шымкент 2008ж.
Фармакология под ред проф Р.Н.Аляутдина Издательская группа ГэОтаР-Медиа 2008г.
www.Google.ru.
www.pharmacological.ru
