Антибиотиктер
Бірқатар антибиотиктердің микробтарға қарсы белсенділігімен қатар, нуклеин қышқылы қызметінің және синтезделуінің тежелуімен қамтамасыз етілетін, айқын цитостатикалық қасиеттері бар. Олардың қатарына Streptomyces –тің кейбір түрлерімен өндірілетін дактиномицин (актиномицин D) жатады. Дактиномицин жатыр хорионэпителиомасында, балалардың Вильмс ісігінде, лимфогранулематозда қолданылады.
-
Топтар
Препараттар
Негізгі қолдану көрсеткіштері
Антибиотиктер
Актиномициндер
Дактиномицин
Хориокарцинома, Юинг саркомасы, Вильмс ісігі, балалардағы рабдиосаркома, жұмсақ тіндердің саркомасы, аталық бездің обыры, меланома, лимфосаркомалар, нейробластома
Антрациклиндер
Даунорубицин
Доксорубицин
Жіті лейкоз, Ходжкин емес лимфомалар, хорион-карцинома. Нейробластома, ЛГМ
Сүт безінің, өкпенің, өңештің, асқазанның, ұйқы безінің обыры; мезотелиома, бауырдың біріншілік обыры, инсулинома; бас және мойын, қалқанша және аналық, аталық бездерінің, қуықасты безінің, қуықтың, эндометридің, жатыр мойнының обыры; жатыр саркомасы, Юинг саркомасы, рабдиосаркома, Вильмс ісігі, нейробластома, остеогенді саркома, жұмсақ тіндердің саркомасы, Капоши саркомасы; жіті лейкоздар, ЛГМ
Флеомициндер
Блеомицин
Бас және мойынның, терінің, өңештің, жатыр мойнының, сыртқы жыныс ағзасының обыры
Өсімдік тектес дәрілік заттар
Vinca алкалоидтары
Винбластин
Винкристин
Винорелбин
Таксандар
Паклитаксел
Подофиллотоксиндер
Тенипозид
Этопозид
Камптотециндер
Иринотекан
Лимфосаркомалар, нейробластома, ЛГМ,
Жіті лейкоздар, ЛГМ, лимфосаркомалар, жұмсақ тіндердің саркомасы, миелома, нейробластома, Вильмс ісігі, Юинг ісігі
Өкпе және сүт безінің обыры
Сүт безінің және өкпенің обыры
Ми ісігі, ХЕЛ, қуық және аталық безінің обыры
Өкпе обыры, ХЕЛ, жіті миелолейкоз, аталық және аналық жыныс безінің, асқазан және ішектің обыры
Колоректалді обыр, жатыр мойнының обыры
Препарат көк тамырға, сондай-ақ дене қуысына (оларда экссудат болғанда) енгізіледі.
Антрациклин тобының антибиотиктері – диксорубицин гидрохлориді (Streptomyces peuceticus varcaesius-тен түзіледі) және карминомицин (Actinomadura carminata sp.nov.өндіріледі ), эпирубицин және т.б. – табиғаты мезенхималық саркомада тиімділігі болуына байланысты назар аудартады. Мысалы, доксорубицин (адриамицин) остеогенді саркомада, сүт безінің обырында және басқа ісік ауруларында қолданылады.
Actinomyces coeruleorubidus-тен өндірілетін рубомицин антибиотигі бірқатар ісіктерге қарсы белсенді. Ол гидрохлорид түрінде қолданылады. Химиялық құрылысы және қасиеттері бойынша доксорубицинге ұқсас. Рубимицин гидрохлориді (даунорубицин, дауномицин, рубидомицин) жатыр хорионэпителиомасында, жіті лейкоздарда, ретикулосаркомада ремиссияға әкеледі.
Көрсетілген антибиотиктерді қабылдаған уақытта тәбеттің жоғалуын, ауыз уылу, жүрек айну, құсу, диарея байқалады. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар үшін шырышты қабық зақымдануы мүмкін.Қантүзілу тежеледі. Кейде кардиотоксикалық әсер белгіленеді. Жиі шаш түседі. Бұл препараттардың тітіркендіретін ерекшелігі бар. Иммуножабығу әсері бар екенін ескеру қажет.
Streptomyces verticillus-тен өндірілетін блеомицин (бленоксан) антибиотигі ауыз қуысының шырышты қабығының, бадамшаның, көмекейдің обырында, лимфогранулематозда, аталық бездің қатерлі ісігінде жұптасқан химиятерапиясы үшін және бірқатар басқа ісік ауруларында белсенді. Блеомицинді қолдануға, оның өкпеге уытты әсерлері, теріні зақымдауы, диспепсиялық құбылыстар туындатуы шектейді. Блеомицин қанның түзілуіне салыстырмалы түрде аз дәрежеде әсер етеді.
Ісіктерге қарсы белсенділігі бар антибиотиктерге брунеомицин (руфокромомицин, стрептонигрин) мен митомицин де жатады.
